т.с.с. (екi доминантты аллельдерi бар), 4/16 қызғылт
дәндерi бар өсiмдiктердi
А
1
а
1
а
2
а
2
немесе
а
1
а
1
А
2
а
2
(бiр доминантты аллельдерi бар), ақырында 1/16 ақ дәндерi бар өсiмдiктердi
а
1
а
1
а
2
а
2
(таза
рецессивтi) деп белгiлеуге болады. Доминантты
А
1
немесе
А
2
гендерi бар барлық генотиптер қою
қызыл мен ақтың аралығындағы әртүрлi түстердi анықтайды. Жоғарыда көрсетiлген бес генотиптi
кластардың жиiлiк мөлшерлерi
F
2
-дегi ажырау кезiнде мынадай тiзбекте орналасатындығын
байқауға болады: 1+4+6+4+1=16. Бұл бидай дәнi бояуының өзгергiштiгi
генотиптегi аллельдер
санына байланысты екендiгiн көрсетедi. Өздiгiнен тозаңданған
F
2
өсiмдiктерiнен алынған
дәндердiң генотиптерiн тексеру осы болжаулардың дұрыстығын дәлелдедi.
Доминантты полимерлi гендер жинақталғанда олардың көрiнулерi де толыға түседi. Мұндай
гендер кумулятивтi
нәтиже көрсетедi, сондықтан әрекеттесудiң бұл типiн
кумулятивтiк полимерия
деп атайды.
1908 жылы Швед генетигi Г.Нильсон-Эле бидай дәнi эндоспермiнiң бояуын анықтайтын,
бiркелкi әсер ететiн гендер тiзбегiн сипаттады. Сонда дән бояуының қоюлана түсуi тригибридтi
будандастыру кезiндегi әртүрлi гендердiң доминантты аллельдерiнiң
санына пропорционалды
болып шығады.
F
2
-де генотипi
А
1
А
1
А
2
А
2
А
3
А
3
болып келген дәндердiң қою қызыл түсiнен бастап
мүлдем бояуы жоқ
а
1
а
1
а
2
а
2
а
3
а
3
-ке дейiнгi аралықтағылардың барлығы да көрiнiс бередi.
F
2
-дегi
ажырау кезiнде осы екi шеткi типтердiң ортасында 1:6:15:20:15:6:1=64 ара
қатынасындай аралық
варианттардың болатындығы байқалды.
Нильссон-Эле негiзiн салған полимерия принципi сандық белгiлердiң тұқым қуалауын
Мендель заңдарымен түсiндiруге болатындығын көрсеттi. Шаруашылықта өте пайдалы сандық
белгiлерi бар өсiмдiктердi (өнiмдiлiгi, төзiмдiлiгi, биiктiгi, ұзындығы т.б.), жануарларды (жүннiң
шығымы, пигменттелу дәрежесi,
жұмыртқа салғыштығы, сүттiлiгi т.б.) будандастырғанда
F
1
гибридтерiнде аралық белгiлер болатыны, ал
F
2
-де белгiлердiң көрiнуiнiң аралық шегi жоқ барлық
варианттары болатындықтан фенотиптiк кластарға нақты жiктеудiң мүмкiн еместiгi ертеден
белгiлi.
Полимерлi гендер принциптерi бойынша тұқым қуалауға тағы бiр мысал ретiнде адам
терiсi түсiнiң мүлдем ақтан (альбинос) қараға дейiнгi аралықта болатындығын айта кеткен жөн.
Егер негр мен ақ түстi
адам некелессе, олардан туатын баланың түсi аралық сипат алады, яғни
мулат
туады. Ал мулаттар өзара некелессе, олардың ұрпағы ақ пен қараға дейiнгi аралықта
болады. Ақ және қара нәсiлдi адамдардың терiлерiнде пигмент түзiлуiндегi айырмашылық үш
немесе төрт түрлi аллельдi гендердiң әрекетiне байланысты деген ұғым бар.
Достарыңызбен бөлісу: