ХО - мұндай зиготалар көпшiлiк жағдайда эмбрион кезiнде өледi, қалған зиготалардан
аналық дамиды, бiрақ оларға Шерешевский-Тернер синдромына ұқсас белгiлер тән: аласа бойлы,
жыныс органдары нашар жетiлген, ұрпақ беруге қабiлетсiз және басқа да инфантильдiк белгiлерi
болады.
ХХУ - мұндай зиготадан аталық дамиды, онда Клайнфельтер синдромына тән белгiлерi
болады: ақылы кемдеу, әлсiз, аталық бездерi нашар дамыған және ұрпақ беруге қабiлетсiз (бедеу).
Жыныс хромосомаларының ажырамауынан пайда болған бұл жағдай, дрозофиладан
өзгеше, У-хромосомада аталық жынысты анықтайтын гендер бар екендiгiн дәлелдейдi, өйткенi
адамда, екi ХХ және бiр У хромосома болуына қарамастан ХХУ зиготадан Клайнфельтер
синдромына тән белгiлер болғанмен, аталық жыныс дамиды. У-хромосома жоқ болса аналық
жыныс пайда болады.
УО - мұндай зигота эмбрион сатысында өлiмге ұшырайды.
Жыныс хромосомаларының ажырамауы дрозофилаға қарағанда адамда жиiрек кездеседi.
Орта есеппен әрбiр жаңа туған 600 ер балаға хромосома формуласы ХХУ бiр ер бала келедi. Х-
хромосомалардың ажырамауы әйелдердiң жасына қарай өсе түседi. Сондықтан 35-37 жастан асқан
аналардан туылған балалардың iшiнде Клайнфельтер синдромымен ауыратын ер балалар мен
Шерешевский-Тернер синдромымен ауыратын қыз балалар саны, жас аналардан туылған
балалармен салыстырғанда жиiрек кездеседi.
Достарыңызбен бөлісу: