Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты


Жынысты анықтаудың баланстық теориясы



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 
Жынысты анықтаудың баланстық теориясы 
1919 жылы Бриджес дрозофиланың триплоидты өсiмтал бiрнеше аналықтарын тапты, оларды 
диплоидты аталықтарымен шағылыстырды. Алынған ұрпақтарға морфологиялық, цитологиялық 
және генетикалық талдаулар жасау дрозофилада жыныстың анықталу себептерiн түсiнуге 
мүмкiндiк бердi. Осындай шағылысулардан Х-хромосомалар мен аутосомалар арасындағы 
арақатынасы түрлiше болып келген дарабастар алынды. 
Дрозофиланың жынысын анықтауда Х-хромосомалар мен 
аутосомалардың арақатынасы. 
Жынысы 
Х-
хромосомалары 
Аутосомдар 
жиынтығы 
Х/А 
Қалыпты аналық 
(диплоид) 


1,0 
Қалыпты аналық 
(триплоид) 


1,0 
Қалыпты аналық 
(тетраплоид) 


1,0 
Асқын аналық 


1,5 
Интерсекстер 


0,67 
Қалыпты аталық 


0,50 
Асқын аталық 


0,33 
Алынған осындай мәлiметтерге сүйене отырып Бриджес өзiнiң 
ген
тепе-теңдiгi
туралы 
теориясын тұжырымдады. Ол теория бойынша организм 
бипотенциалды
, яғни онда аналық 
жыныстың да, аталық жыныстың да бастамалары болады. Жыныс дарабастың дамуы кезiнде 
жыныс 
детерминаторларының
- аналық және аталық гендердiң тепе-теңдiгi негiзiнде анықталады. 
Жыныстық хромосома деп атау дәл емес, өйткенi Х-хромосома да, аутосомалар да бiрдей 
дәрежеде жыныс хромосомалары болып табылады. ХХ және ХY жүйесiнiң болуының арқасында 
Х-хромосома жыныстың Мендельдiк анықталуына негiз болып есептеледi. Дрозофиланың Х-
хромосомасында аналыққа сәйкес гендер жиынтығы болады, ал аутосомаларда аталық гендер 
жинақталған. Дами бастаған зиготаның жынысының қандай болуы жыныстық Х-хромосомалар 
санымен аутосомалар саны арасындағы тепе-теңдiкпен анықталады (7.1-кесте). Егер бұл тепе-
теңдiк Х : А = 1 болса қалыпты аналық дарабастар, ал тепе-теңдiк 3Х : 2А = 1,5 болса жұмыртқа 
безi және басқа белгiлерi нашар жетiлген асқын аналық дарабастар дамиды. Егер тепе-теңдiк Х : 
2А = 0,5 болса қалыпты аталық дарабастар, ал тепе-теңдiк Х : 3А = 0,33 болса аталық белгiлерi 
жетiлмеген ұрықсыз аталық дарабастар - асқын аталық дамиды. Тепе-теңдiк 2Х : 3А = 0,67 


болғанда жынысы аралық сипатта дамитын 
интерсексуальды
дарабастар (интерсекстер)
дамиды. Дрозофилада У-хромосома жынысты анықтамайды.
Осы мәселелердi зерттей отырып Бриджес, триплоидты аналықтардан алынатын 
интерсекстер
жынысының ығысуына сыртқы орта жағдайларының әсер ететiндiгiн тапты. 
Мысалы, жоғары температурада интерсектердiң жынысы аналық жаққа, ал төмендегi 
температурада - аталық жаққа ығысатыны байқалды. Осыған байланысты сұрыптау нәтижесiнде 
аталық немесе аналық дарабастары көп интерсекстi линиялар шығаруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет