қызыл гүлдi тозаңы дөңгелек (
rrll
) өсiмдiкпен будандастырғанда F
1
-де қарақошқыл гүлдi, тозаңы
ұзынша келген (
RrLl
) өсiмдiктер алынған. F
1
-дегi гибридтердi өздiгiнен будандастырғанда F
2
-де
мынандай ажыраулар болған:
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы ұзынша (
R-L-
)
- 4831 (69,5%),
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы дөңгелек (
R- ll
)
- 390 (5,6%),
Қызыл гүлдi, тозаңы ұзынша
(
rr L-
)
- 393 (5,6%),
Қарақошқыл гүлдi, тозаңы ұзынша
(
rr ll
)
- 1138 (19,3%).
Бұл белгiлерден ажырауға тиiстi барлық төрт фенотиптiк кластардың да алынғандығын көруге
болады, бiрақ та олар белгiлердiң тәуелсiз тұқымқуалауы кезiндегi дигибридтi будандастыруға тән
9 : 3 : 3 : 1 қатынасындай емес. Кейiнiрек мұндай ажыраудың, егер F
1
-дегi будандардан төрт түрлi
гаметалардың түзiлуi бiрдей жиiлiкте жүрмесе ғана жүзеге асатындығы анықталды. Олай болса,
зерттелген гендер аллельдерiнiң (
RL
және
rl
) ата-аналық үйлесiмi негiзiнен бiр ғана гаметаның
үлесiне тиедi және бұл жағдайда олардың жаңа рекомбинантты үйлесiмдерi
rL
және
Rl
өте сирек
кездеседi. Бұл құбылыс кейiнiрек
гендердiң тiркесуi
деп аталынды.
Бұл құбылыстың мәнiн түсiну мүмкiндiгi тек тiркесудiң материалдық негiзi хромосома
екендiгiн дәлелдейтiнi Т.Морган зерттеулерiнен кейiн ғана туды. Хромосомалар клетканың
редукциялық бөлiнуi кезiнде өз алдына жеке материалдық және функциональдық бiрлiк болып
есептелiнедi және гендер деп аталатын материалдық бөлшектердi алып жүрушi болып саналады.
Олай болса, бiр хромосомада шоғырланған барлық гендер бiр-бiрiмен тiркеседi.
Достарыңызбен бөлісу: