II-шi телофазада гаплоидты төрт ядролар түзiледi. Содан соң цитокинез жүредi де,
нәтижесiнде төрт клетка пайда болады.
Мейоздың биологиялық маңызы
Мейоздың нәтижесiнде жетiлген жыныс клеткаларында хромосомалар саны гаплоидты
болады, ал ұрықтанған кезде нақты сол түрге тән хромосомалардың диплоидты саны қайтадан
қалпына келедi. Мейозда гомологты хромосомалар әрбiр жыныс клеткаларына ажырайды және
ұрықтану кезiнде гомологты хромосомалардың жұбы қалпына келедi. Демек әр түр үшiн
хромосомалардың толық диплоидты жиынтығының және ДНҚ санының тұрақтылығы қамтамасыз
етiледi.
Мейозда кезiнде хромосомалардың әр жүбының тәуелсiз таралуы, бөлiмдер алмасуы және
сол хромосомалардың айқасуы нәтижесiнде түзiлетiн клеткалардың
хромосомалар жиынтығы
ұқсас
болмайды. Мейоз комбинативтiк өзгергiштiктi камтамасыз етедi.
Сонымен, жануарлар мен өсiмдiктердiң жынысты көбеюiнде ұрпақтар арасындағы
сабақтастылық тек жыныс клеткалары арқылы ғана қамтамасыз етiледi. Жануарлар мен
өсiмдiктердiң аталық және аналық жыныс клеткаларының бiр-бiрiнен недәуiр өзгешелiктерi
болады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң жыныс клеткаларының даму жолдары, сол сияқты ұрықтану
процестерi де әртүрлi, бiрақ екеулерiне де жыныс клеткаларының дамуы негiзiнде эмбриондық
клеткалардың жалпы дифференцияциялану процесi мен мейоздағы хромосомалар санының азаю
механизмi жатыр. Жыныс клеткаларының даму сатылары және фазаларымен қоса алғанда мейоз
жынысты көбею процесiнiң тек бiр ғана кезеңi болып табылады. Мейоздан кейiн жетiлген жыныс
клеткалары - гаметалардың түзiлуi кезеңi басталады.
Достарыңызбен бөлісу: