Тұндыру. Бұл әдіс жердің тартылыс күші әсерінен әртекті қоспадағы қатты заттар мен сұйық заттардың қабат түзіп бөлінуіне негізделген. Мысалы, темір ұнтағын ағаш ұнтағынан бөлу үшін қоспаны суға араластырады және тұндырады. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді, ал ағаш ұнтағы су бетіне қалқып шығады. Оны сумен қоса құйып алуға болады. Кейбір заттар тығыздығына байланысты суда әртүрлі жылдамдықпен тұнады. Егер суға саз бен құмның қоспасын араластырса, құм тезірек тұнады. Бұл әдіс керамика өндірісінде құмды саздан бөлу үшін қолданылады. Бір-бірімен араласпайтын сұйықтар уақыт өте келе тығыздықтарына байланысты қабатқа бөлінеді. Мысалы, бензин-су, өсімдік майы-су, мұнай-су. Ондай қоспаларды бөлгіш құйғылар мен колонкалардың көмегімен бөледі (2-сурет).
Мұнайды тазалау.
Магнитпен бөлу. Бұл әдіс қоспа құрамындағы бір зат магнитке тартылатын жағдайда қолданылады. Темір және күкірттің қоспасын бөлу үшін темірді магнит көмегімен тартып алуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Гетерогенді жүйе дегеніміз?
2.Бөлу процесстерінің түрлері?
3.Аэрозольдар деп?
4.Кез-келген гетерогенді реакция үш сатыдан тұрады, қандай?