Дәріс Гидравлика пәні. Сұйық және газдың физикалық қасиеттері Дәріс жоспары



бет16/25
Дата01.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156070
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
сұйық режимдері

Ұсынылған әдебиеттер
1. М.С. Овчаров, И.С. Өтебаев. Гидравлика және гидрожетек негіздері. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.
2. В.Г. Гейер и др. Гидравлика и гидропривод. М.:Недра, 1991.
3. Р. Р. Чугаев. Гидравлика. Ленинград: Энергия, 1975.
СӨЖ арналған бақылау сұрақтары
1. Құбырдағы арын және қысым жоғалтуды анықтау.
2. Сұйықтың қозғалыс режимін анықтау.
3. Гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау.


Дәріс № 6 Құбырлардың гидравликалық есептеуі
Дәрістің жоспары:
1. Қимасы тұрақты қарапайым құбырлар;
2. Қарапайым құбырлардың жалғануы;
3. Күрделі құбырлар;
4. Сұйықтықтың құбырларға сорғы арқылы берілуі;
5. Гидравликалық соққы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Арынды құбырөткізгіштерді есептеуде негізгі мақсат өткізу қабілетін (шығын) анықтау немесе сол немесе басқа бөліктегі арын барлық ұзындықтағы сияқты арын жоғалтуды анықтау немесе берілген шығын және арын жоғалту бойынша құбырөткізгіш диаметрін анықтау болып табылады.
Практикада құбырөткізгіштер қысқа және ұзын болып бөлінеді. Біріншісіне жергілікті арын жоғалтулары ұзындық бойынша арын жоғалтуларының 5…10% асатын барлық құбырөткізгіштер жатады. Мұндай құбырөткізгіштерді есептеуде міндетті түрде жергілікті кедергілердегі арын жоғалтуларын ескереді. Бұларға, мысалы, көлемді берілістердегі майөткізгіштер жатады. 
Екіншісіне жергілікті арын жоғалтулары ұзындық бойынша арын жоғалтуларының 5…10% кем құбырөткізгіштер жатады. Олардың есептеулері жергілікті кедергілерді ескермей жүргізіледі. Мұндай құбырөткізгіштерге, мысалы, магистральдік науалар, мұнай құбырлары жатады. 
Ұзын құбырөткізгіштердің жұмысының гидравликалық схемасын ескере отырып оларды қарапайым (жай) және күрделі деп бөлуге болады. Қарапайым деп ешқандай тарамдалулары жоқ, бірдей немесе әр түрлі қимадағы тізбектей жалғанған құбырөткізгіштерді айтады. Күрделі құбырөткізгіштерге бір немесе бірнеше тармақты, параллель тармақты, т.с.с. құбырлар жүйелері жатады. Сонымен қатар, күрделі құбырөткізгіштерге сақиналық деп аталатын құбырөткізгіштер де жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет