Дәріс Химиялық негізгі түсініктері және заңдары


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет7/7
Дата08.06.2018
өлшемі2,38 Mb.
#41251
1   2   3   4   5   6   7

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1. Ерітінділер дегеніміз не?

2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай?

3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

4. Көмір қышқылының диссоциациялану сатылап теңдеулерін жазындар.

6 Зертханалық сабақ



Тұздар гидролизі.
Жұмыстың мақсаты: Гидролиз реакциясының жүру заңдарын оқып үйрену. Ерітінді ортасын анықтауды үйрену.

1 Тәжрибе. Ерітіндінің рН-ын универсиал индикатор қағазымен анықтау.Натрий карбонаты және гидрокарбонаты ерітіндісінің, қорғасын нитраты ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Ол үшін 3 пробиркаға 2-3 мл осы ерітінділерден құйыңдар, универсал индикатор қағазын бір-екі секундтай осы ерітіндіде ұстаңдар. Қағазды алып, индикатор шкаласымен салыстырыңдар. Тексеріп отырған ерітіндінің рН-ын анықтап, реакция ортасын жазыңдар және сутегі ионының концентрациясын есептеңдер.

2 Тәжрибе. Тұздар ерітіндісінің ортасын анықтау.4 пробиркаға 5-6 мл дистильденген су құйып, 2-6 кристалдан мына тұздарды салыңдар да, ерітіңдер: 1-ге натрий ацетатын, 2-ге натрий силикатын, 3-ге күміс нитратын, 4-ге алюминий сульфатын. Бірінші және үшінші пробиркадағы ерітінділердің рН-ын универсал индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеинмен, төртінші пробирканы метилоранжбен тексеріңдер. Сосын бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, ал үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Бірінші және үшінші пробиркаларда ерітінділер түсі өзгереді ме? Көрген құбылыстарыңды жазып түсіндіріңдер. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

3 Тәжрибе. Қышқыл тұздар гидролизі.2 пробиркаға 2-3 мл-ден мына тұздардың ерітіндісін құйыңдар: біреуіне натрий карбонатын, біреуіне- натрий гидрокарбонатын Екі пробиркаға да 1-2 тамшыдан фенолфталеин тамызыңдар. 2-ерітіндінің түсі көбірек өзгереді. Қай тұз көбірек гидролизге түсті, яғни қай ерітінді де ОН- ионы көбірек, неге? Гидролиз теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Ақырына дейін жүретін гидролиз.Алюминий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Түзілген алюминий карбонаты алюминий гидроксидінің тұнбасын және көмір қышқыл газын түзе гидролизге түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар. Алюминий карбонаты тұнба құрамына кірмейтіндігін дәлелдеңдер. Ол үшін тұнбаны судан бөліп алып, жуып, тұнбаға тұз қышқылын құйыңыздар. Егер көмірқышқыл газы бөлінбесе, тұнбада Al2(CO3)3 жоқ.

5 Тәжрибе. Ерітіндіні сұйылтқанда гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы. Концентрлі қорғасын нитратының түссіз екенін бірінші көріп алыңдар.Пробиркаға 10-15 мл краннан су ағызыңдар да, оған 1-2 тамшы концентрлі қорғасын нитратының ерітіндісін (Pb(NO3)2) тамызыңдар. Тұнба пайда болғанын байқаңдар. Гидролиз теңдеуін жазыңдар, неге концентрлі Pb(NO3)2 ерітіндісі түссіз, тұнбасыз екенін түсіндіріңіздер. Метилоранж арқылы ортасын анықтаңыздар. Гидролиз реакциясына ерітіндісінің сұйылту әсері туралы қорытынды жасаңыздар.

6 Тәжрибе. Температураны өзгерту нәтижесінде гидролиз тепе-теңдігін ығыстыру.Пробиркаға 5-6 тамшы фенолфталеин тамызыңдар, түсін байқаңдар. Пробирканы ерітінді қайнағанға дейін қыздырыңыздар. Ерітінді түрі қалай өзгереді? Фенолфталеин түсінің өзгеруі арқылы ОН- ионының концентрациясының өзгеруі туралы қорытынды жасаңдар. Гидролиз теңдеуі қай жаққа ығысады? Температура өзгеруіне байланысты неге гидролиз дәрежесі өзгереді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:1.Төмендегі тұздардың гидролиз реакциясының теңдеуін иондық және молекулалық түрде жазыңдар: K2S, Na3PO4, Mg(NO3)2, ZnSO4, AlCl3, CH3COONH4, (NH4)2CO3, Cu(CH3COO)2, Al2S3. Бұл тұздардың ерітіндісіндегі реакция ортасын көрсетіңдер.

2.Гидролиз деген не? Қандай тұздар гидролизге көбірек түседі? Қандай тұздар гидролизге түспейді?

3.Гидролиз дәрежесі деген не және ол неге байланысты?

4.Қайтымсыз гидролиз деген не? Мысал келтір.


7 Зертханалық сабақ

Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Жұмыстың мақсаты: Қосылыстардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін оқу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерінің құрып үйрену.

1 Тәжрибе. Әр түрлі ортадағы калий перманганатының тотығуы.

Үш пробиркаға 3 мл калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркаға 2 мл күкірт қышқылын, екіншіге 2 мл калий гидроксидін құйыңдар, үшіншісіне 2 мл су. Әр пробиркаға 3 мл натрий сульфитін құйыңдар.Калий перманганатының түрінің қалай өзгеретіндігін байқаңдар. ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.

MnO4- -қызыл көк, Mn2+- түссіз, MnO42—жасыл, MnO2 қоңыр тұнба.

2 Тәжрибе. Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күкірт (ІҮ) қосылыстары.Бір пробиркаға калий дихромат K2Cr2O7 ерітіндісін, екінші пробиркаға натрий сульфиді ерітіндісін Na2S құйыңдар. Екі пробиркаға да 3 мл күкірт қышқылын және 3 мл натрий сульфиті Na23 ерітіндісін құйыңдар. Бірінші пробиркадағы ерітінді түрі қалай өзгереді? Екінші пробиркадағы ерітінді түрі неге бұлыңғырланды? Екі ТТР-ның да теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Темір (ІІІ) хлоридінің калий иодидымен тотығуы. Пробиркаға 5 мл темір хлоридінің және 3 мл калий иодиды ерітінділерін құйыңдар. Ашық сары түске боялғанша бұл ерітіндіні сумен сұйылтыңдар да 2-3 тамшы жаңадан жасалған крахмал ерітіндісін тамызыңдар. ТТР теңдеуін жазып, тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.


4 Тәжрибе. Диспропорциалану реакциясы.Екі пробиркаға 2-3 тамшы натрий сульфиті кристалдарын салыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қалтырыңдар. Екінші проибрканы 5-6 минут қыздырыңдар. Пробирканы суытыңдар. Екі пробиркаға да 5-6 тамшы дистильденген су құйыңдар да тұздарды ерітіңдер. Әр пробиркаға 2-3 тамшы мыс (ІІ) сульфаты құйыңдар. Екі пробиркадағы да тұнбаның түсін салыстырыңдар. Екінші пробиркада пайда болған қара тұнба мыс сульфиді.

Натрий сульфитін қыздырғанда екінші шыққан зат натрий сульфаты. Натрий сульфитін қызыдрғанда жүрген ТТР теңдеуін жазыңдар.

5 Тәжрибе. Молекулааралық ТТР.Пробиркаға бірнеше мыс нитраты Cu(NO3)2∙3H2O кристалдарын салыңдар. Пробирканы ақырындап. Кристалл түрі өзгереді және одан газ бөлініп шығады. Мыс нитратының ыдырауы нәтижесіндегі ТТР-ның теңдеуін жазыңдар.Cu(NO3)2- ақ; Cu(NO2)2- болмайды; CuO- қара; Cu- қызыл; N2, NO, O2- түссіз; NO2- буырыл. Мыс нитраты молекуласындағы тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды?

2.Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

3.Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан?

4.Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері:

а)период бойынша (солдан оңға қарай)



б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді?
8 Зертханалық сабақ

Электрохимиялық процестер

Жұмыстың мақсаты: Металдардың электродтық потенциалдарын өлшеп үйрену және есептеу. Нернст теңдеуін пайдаланып гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу.

1 Тәжрибе. Мыс-мырыш гальваникалық элементтің э.қ.к. өлшеу. Суретте көрсетілгендей етіп, мыс пен мырыштың электродынан тұратын гальваникалық электрод жинаңдар. Бұл металдардың тұздарының концентрациясын мұғалім айтады.

1-мыс электроды, 2- мырыш электроды, 3- мыс сульфаты ерітіндісі, 4- мырыш сульфатының ерітіндісі, 5- электролиттік кілт, 6- өткізгіш сым.

Өткізгіш сым потенциометр клемасымен жалғасады. Мырыш-теріс, мыс-электродын оң полюске қосып, элементтің э.қ.к. есептеңдер.

№7 сурет.

Гальваникалық элемент.

ΔЕтеор. = Е Cu2+/Cu - E0Zn2+/Zn

Салыстырмалы қатені табыңдар: % қате= ((ΔЕтеор.-ΔЕтәж.)/ΔЕтеор.)∙100%

2 Тәжрибе. Концетрациялы гальваникалық элементтің э.қ.к. есептеу.

Мыс электродынан немесе мырыш электродынан тұратын гальваникалық элементтің схемасын жинақтаңдар. Электродтарды концентрациясы әр түрлі өз тұздарының ерітіндісіне батырыңдар. Ерітінділер концентрациясын мұғалім көрсетеді.

Тәжірибе жүзінде ΔЕтәж. өлшеңдер және теориялық ΔЕтеор. мына формула бойынша есептеңдер:

ΔЕтеор. = (0,059/n) lgCІІІ, CІІІ

Салыстырмалы қатені табыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гальвани элементі мен стандартты сутек электрод схемаларын көрсетіп, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.

2.Гальвани элементі жұмыс істеу үшін қандай реакциялар қолданылады?

3.Металл электродтарының потенциалына қандай факторлар әсер етеді?

4.Гальвани элементтерінің э.қ.к. қалай өлшенеді?

5.Концентрациялық гальвани элементі қалай жасалады?



9 Зертханалық сабақ

Электролиз.

Жұмыстың мақсаты: Электролиз процесінің жүруін көру және оның әр түрлі жағдайының схемасын құру.

1 Тәжрибе.Тұрақты тоқ көзінің теріс полюсін анықтау. Зертханада электролизер ретінде U тәріздес шыны ыдыстан тұрақты екі электрод салынған прибор қолданылады. 1-тұрақты тоқ көзі; 2- U тәріздес шыны ыдыс; 3- электродтар; 4- электролит ерітіндісі. U- тәріздес шыны ыдысқа натрий сульфатының ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Мыс электродтары тоқ көзімен қосыңдар. 30-40 секундтан кейін теріс полюс қосылғанэлектродтың жанында ерітінді қызыл түске боялады. Электрлиз схемасын жазыңдар.

2 Тәжрибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі. Электролизерге калий иодиді ерітіндісін құйыңдар, графит электродтарын батырыңдар да оларды тұрақты тоқ көзіне қосыңдар. 3 минуттай электролиз жүргізіңдер, катодта газ тәріздес сутегі бөлінеді, ал анодта бос иод бөлінеді. Электролиз схемасын жазыңдар. Тәжірбие біткен соң электродтар мен электролизерді жақсылап кранның астына жуыңыздар.

3Тәжрибе. Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісінің электролизі.Электролизерге мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар, оған графит электродтарын батырыңдар, тұрақты тоқ көзімен қосыңдар. 3-5 минут электролиз жүргізіңіздер. Анодта оттегінің бөлінгенін байқаңдар. Тәжірибе біткен соң катодта мыс бөлінгенін байқаңдар.Енді тоқ көзінің полюсін ауыстырыңдар. Нені байқайсыңдар? Электролиздің схемасын жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?

10 Зертханалық сабақ



Металдар коррозиясы
Жұмыстың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.

1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5 мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.


2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады. Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?


4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялықтан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?

11 Зертханалық сабақ



Комплексті қосылыстар

1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?


2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3∙КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.


3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?o(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
12,13 Зертханалық сабақ

Металдардың жалпы қасиеттері. ІА,ІІА топ элементтері

1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.

2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?

3 Тәжрибе. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу.Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролизпроцессінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі. Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

5 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

  2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

1.1. 500кг СаО өшіргенде қанша жылу бөлінеді? СаО гидратациялану энтальпиясы ∆Н= -66,6 Дж/моль. Жауабы: 594,6∙103 кДж

14,15 Зертханалық сабақ



Көміртегі,қалайы,қорғасын қосылыстары

1 Тәжрибе. Металдардың гидрокарбонаттарының түзілуі.Магний, кобальт және кадмий тұздарына (2-3 мл) 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Тәжірибені үш пробиркада жасау керек. Бұл металдардың гидроксокар-бонаттарының тұнбасы түзіледі, газ бөлінеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Реакциялар теңдеулерін молекулалық, иондық түрде жазыңдар. Реакция теңдеуінде суды көрсету керек.

2 Тәжрибе. СО32- ионының кей тұздардың гидролизіне әсері.

Темір (ІІІ) және қалайы (ІІ) тұздарының ерітінділеріне (3-4 тамшыдан) 3-5 тамшы натрий карбонатын тамызыңдар.Газдың бөлінгенін және темір мен қалайының гидроксидтерінің тұнбаға түскенін көріңдер. СО32- қосылғанда гидролиз неге аяғына дейін жүреді. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Ерітіндідегі бояғыш заттарды соруы.Пробиркаға 4-5 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, оған активтелген көмір салыңдар. Пробирканы саусақпен жауып 2-3 минут жақсылап шайқаңдар. Ерітіндіні біраз уақытқа қойыңдар, аздан соң ерітіндінің түсі түссізденеді.

4 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

5 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.

6 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Көміртегінің,қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4. Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

6.Көміртегіде неге көп аллотропиялық түр өзгерістер бар?

7.Көміртегі қосылысының тек тотықтырғыш не тек тотықсыздандырғыш болатын қосылыстарын атаңдар.

8.Көміртегі (ІІ) оксидінің ағзаға тигізетін физиологиялық әсерін түсіндіріңдер.

9.Сілтілік-жер металдарының, қорғасынның карботнаттары суды көмір қышқыл газымен қанықтырса, суда жақсы ериді. Неге? Бұл жағдайдың табиғатқа қандай мәні бар?

10.Көміртегі (ІІ) оксидін алу жолының реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

16 – Зертханалық жұмыс



Органикалық қосылыстардың сапалық анализі

Органикалық заттардың сапалық құрамы оның молекуласындағы қандай заттар болуымен сипатталады. Органикалық қосылыстарда көміртегіден басқа сутегі, оттегі, күкірт, галогендер, фосфор болады. Органикалық қосылыстардың құрамына енетін заттар бейорганикалық және аналитикалық химия әдістерімен анықталады.



Жұмыстың мақсаты: органикалық заттарды және олардың негізгі элементтерін ашу әдістерімен танысу.

Реактивтер мен жабдықтар: сахароза, Ва(ОН)2 ерітіндісі, СuO, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,1 г зерттелетін затты және мыс оксидін салып, газ жүретін түтікшелі тығынмен жабамыз және оның ұшын көлемінің 1/3 бөлігіне барий гидроксидінің ерітіндісі құйылған екінші пробиркаға түсіреміз. Спирт, шамының жалынына қыздырғанда, зерттелген зат ыдырайды, көміртегі атомдары көмір қышқыл газының молекуласына ауысады. Көмір қышқыл газын барий карбонатының тұнбасы

түзілуінен байқауға болады. Зертелетін қосылыстағы сутегі атомдары су молекуласына айналады. Су пробирканың жоғары жағына және газ жүретін түтікшеде түзіледі.



Реакция теңдеуі:

С12Н22О11 + 24СuO → 12CO2 + 11H2O + 24Cu

Өзін-өзі тексеру және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Органикалық затты бейорганикалық заттан ажыратудың қарапайым тәсілін атаңыздар.

  2. Органикалық қосылыстардағы элементерді сапалық қалай анықтайды?

  3. Барий гидроксидінде қандай реакция жүреді?

  4. Органикалық заттарда көміртегі мен сутегінің болуы неге негізделген, түйін жасаңыздар.

2- тәжірибе. Азотты анықтау.

Реактивтер мен жабдықтар: натрий гидроксиді, органикалық зат (мочевина,

жұмыртқанның ақуызы), шпатель, спирт шамы, мақта, пробиркалар, лакмус қағазы, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, мыс сымы.



Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелетін затты (шпатель ұшыңда) саламыз. Пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.

Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырамыз.

Лакумус қағазының көк түске бояулы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.

3- тәжірибе. Галогендерді ашу- Бейльштейн реакциясы.

Хлор, бром, йод Бельштейн сынамасымен оңай анықталады. Бұл реакция галогентуындыларды мыспен қыздырғанда, ұшқыш мыс галогенидтері түзіліп, жалынды жасыл түске бояуына негізделген.



Жұмыс барысы: мыс сымын иілген күйде мыс оксиді түзілгенше қыздырамыз. Суығаннан кейін сымның ұшын зерттелегн затқа (хлороформ, төртхлорлы көміртегі) батырып, жалынға ұстаймыз. Мыс оксидінің түзілу және оның төртхлорлы көміртегімен әрекеттесу реакцияның теңдеулерін жазыңыздар. Түйін жазыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бейльштейн сынамасының мәні неде?

  2. Органикалық қосылыстардағы азотты ашудың басқа тәсілдерін атаңыздар.

17- зертханалық жұмыс

Көмірсутектерді алу және химиялық қасиеттер.

Жұмыстың мақсаты: Көмірсутектерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар: Натрий ацетаты (СН3СООNa), натронды ізбес

(NaОН + Са(ОН)2) калий перманганаты (КмnO4), штатив, пробиркалар, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, фарфор тостаған.



  1. тәжірибе. Метан алу және оның қасиеттері.

Жұмыс барысы: Бір бөлек сусыз натрий ацетаты мен екі бөлік натронды ізбестін

қоспасын фарфор тостағанда араластырып құрғақ пробиркаға салып, аузын газ түтігі бар тығынмен бекітеді де, штативке көлбеу орнатады.

Алдымен пробирканы баяу, ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Бөлінген метанды су астында жинайды. Метанды екі пробиркаға жинандар.

Метан жақсы жанады. Оны байқау үшін метаны бар пробирканың су астында бармақпен аузын басып тұрып, судан шығарады да спирт шамының жалынына немесе аузын тұтатады, метан көкшіл түсті күйесіз жалын шығарып жанады. Метан толық жану үшін пробиркаға шетінен аз- аздап су құю керек, сол кезде пробирка түбіндегі газ біртіндеп жоғары көтеріледі де, жану толық жүреді. Қоспаны қыздыра отырып, газ жүретін түтікшенің ұшын 1 мл калий перманганаты құйылған пробиркаға батырады.

Қандай өзгеріс болады?

2. Тәжірибе



Этилен алу және оның қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Этиленді зертханалық тәсілмен алуды игеру және оның қасиеттерін зерттеу, метанның қасиеттерімен салыстыру.

Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КмnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5 мл этил спиртін құйындар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосындар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңдар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырындар.

Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді.

Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1 мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңдер. Не байқалады?

Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағындар. Жалынның түсің байқандар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңдар.

3. Тәжірибе

Ацетилен алу және оның қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: ацетиленді тәжірибелік жолмен алу және ацетиленнің химиялық қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар: кальций карбиді калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, фенолфталеинің 1%-тік спирт ерітіндісі, шыны пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын.

Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға бір кесек кальций карбидін (СаС2) салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Пробирка ішіндегі кальций карбиді сумен әрекеттесіп, ацетилен түзіледі.

С

│││ Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + НС ≡ СН



С

Газ түтігінен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатыңыздар, сонда ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады.

Содан кейін газ жүретін түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған пробиркаға батырыңдар. Дәл осындай тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Ацетиленнің бөлінуі аяқталған соң пробиркаға 1 тамшы фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосыңдар.

Бақылау сұрақтары:

Метан суда ери ме?

Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.

KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

Неліктен калий перманганатының ертіндісін түссіздендіреді?

Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Ацетиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Ацетиленді калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс болады?

Реакция теңдеуін жазыңдар.

Ацетиленді бром суы арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс байқалады?

Реакция теңдеуін жазыңдар.

Бастапқы пробиркаға фенолфталеин ерітіндісін қосқанда, ерітінді түсінің өзгеруін

түсіндіріңіздер.

18 Зертханалық жұмыс



Көмірсутектердің галоген туындыларын алу.

Жұмыстың мақсаты: Әр түрлі әдістермен қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің галоген туындыларын алу.

Реактивтер мен жабдықтар: күкірт қышқылы мен этил спиртін (1:1) қоспасы, натрий хлориді, этил спирті, кристалдық йод, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, бром суы (1 мл суға 2 мл бром қосу керек), пробиркалар, газ жүретін түтігі бар тығын, спирт шамы, сүзгі қағаз, мұзы бар стакан, пемза үгінділері.

тәжірибе. Хлорлы этил алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға күкірт қышқылы мен этил спиртінің қоспасынан 3-4 мл

құйып, оның үстіне натрий хлоридің ұнтақтап салып, газ жүретін түтігі бар тығынмен жабады. Пробирканы штативке тігінен орнатып, газ түтігінің екінші ұшын мұзы бар стаканға барырып, пробирканы баяу қыздырады. Қоспадан бөлінген хлорлы этил стаканда кристалдар түрінде түзіледі.

Реакция теңдеуі: Н2SO4 + NaCI ® HCI + NaHSO4

CH3 – CH2 – OH + HO - SO3H ® CH3 – CH2 – O – SO3H + H2O

күкірт қышқылының этил эфирі

CH3 – CH2 – O – SO3H + HCI ® CH3 – CH2CI + H2SO4

2-тәжірибе. Йодоформ алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 5-6 тамшы этил спирті мен 1 мл су құйып, оның үстіне

йодтың бірнеше кристалдарын ұнтақтап салады. Қоспадағы йод ерігенше натрий

гидроксидінің ерітіндісін құйып, пробирканы 60- 700С дейін баяу қыздырады.

Пробиркадағы қоспаны суытқанда сары түсті, өзіне тән иісі бар йодоформның кристалдар

тұмбаға түседі. Ерітіндіні сүзгі қағазбен сүзіп, алынған кристалдарды кептіреді.

Йодоформның түзілу реакциясының теңдеуі:



2 + 8NaOH ® 4NaI + 4NaOI + 4H2O

CH3 – CH2 – OH + NaOI ® NaI + H2O + CH3CHO

CH3CHO + 3NaOI ® 3NaOH + CI3CHO

CHOCI3 + H2O ® CHI3 + HCOOH

HCOOH + NaOH ® H2O + HCOONa

Теңдеулерді жинақтап жазсақ:

CH3CH3OH + 4I2 + 6NaOH ® CHI3 + HCOONa + 5NaI + 5H2O

3-тәжірибе. Бромды этилен алу.

Жұмыс барысы: Тәжірибені тартпа шкафта жүргізу қажет. Пробиркаға этил спиртімен күкірт қышқылының қоспасынан 2-3 мл құйып, ерітінді бірқалыпты қызу үшін үстіне бірнеше пемза үгінділерін салып, штативке орнатады. Пробирканың аузын газы түтігі бар тығынмен жауып, оның екінші үшін суық суы бар стаканға батырылған, ішіне бром суы құйылған пробиркаға салады. Қоспасы бар пробирканы баяу қыздырады. Сол кезде бөлінген этилен броммен әрекеттесіп, оны түссіздендіреді. Пробиркада ауыр май тәріздес қызыл сұйық зат- бромды этилен түзіледі.

Реакция теңдеуі:



Н2С = СН2 + Вг2 ® Н2СВгСН2Вг

Бақылау сұрақтары:

1) Хлорлы этил жалынның түсін

өзгерте ме?

2)1- хлор-2- метилпропаннан

2- хлор-2- метилпропанды қалай алуға болады?

3) Келесі қосылыстардың құрылымдылық формуласын жазыңыздар?

а) 2-хлор-3- метилпентан

ә) 3-хлор-2,2- диметилгексан

б) 3-хлорбутен-1

4) Сәйкес этилен көмірсутегіден 2-йод-2- метилпентанды алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

5) Келесі формулаға (С4Н9СІ) сәйкес келетін барлық изомерлік галоген көмірсутектердің құрылымдық формулаларын құрастырыңдар.

6) Келесі реакцияларды жүзеге асыру, үшін қандай реагенттер мен шарттар орындалуы тиіс?

а) С2Н5ОН ® С2Н5СІ

ә) С3Н7Вг ® С3Н7I

б) (СН3)2СНОН ® (СН3)2СНВг

19 Зертханалық жұмыс



Бензол және оның гомологтарының қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Бензол және толуолды мысал ретінде алып, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттерімен танысу

Реактивтер мен жабдықтар: Бензол, толуол, бром суы, калий перманганатының ерітіндісі, 10% күкірт қышқылы, пробиркалар .

1-тәжірибе: бензол гомологтарын бромдау.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 5 тамшы толуол құйып, үстіне 5 тамшы бром суын қосыңыздар. Реакция бірден жүрмейді, пробирканы шайқап, аздап қыздырыңыздар.

Бром суы түссізденеді.



2-тәжірибе: Ароматты көмірсутек молекуласындағы бүйір тізбектің тотығуы.

Жұмыс барысы: Екі пробирка алып, екеуіне 5- тамшы калий перманганатының ерітіндісін және 5-тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін құйындар. Бірінші пробиркаға бір тамшы бензол, екінші пробиркаға бір тамшы толуол тамызыңыздар. Екі пробирканы ақырындап қайнағанша қыздырыңдар.

Бақылау сұрақтары:

Қалыпты жағдайда бүйір тізбектегі сутегінің орнын бром басатын орынбасу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

Неліктен бензол гомологтары орынбасу реакциясына жеңіл түседі?

Екі пробирканы түстерінде өзгеріс бар ма? Неліктен? (2-тәжірибедегі)

Неліктен толуол тотығады, ал бензол тотықпайды?

Толуолдың бүйір тізбегінің тотығу реакциясы теңдеуін жазындар. Реакция өнімі бензой қышқылы болатынын ескеріндер

С6Н5 – СООН Бензой қышқылы

Бензол және оның гомологтарының тотықтырғыштарға әсері туралы түйін

жасаңыздар.

20 Зертханалық жұмыс



Спирттер мен фенолдардың қасиеттерін зерттеу.

Жұмыс мақсаты: 1. Мысал ретінде этил спиртін алып, бір атомды қаныққан спирттердің физикалық және химиялық қасиеттермен танысу. 2. Фенолдың химиялық қасиеттерімен танысу.

Реактивтер мен жабдықтар: абсолюттік этил спирті натрий металы, газ жүретін түтікшелі тығын, фенолфталеин, пробиркалар, мыс сымы, калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы, спирт шамы.

1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті.

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спирттің құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2 мл дистилденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыздар

2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы этил спиртін құяды. Мыс сымын түйіртпектеп қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да пайда болған мыс (ІІ) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сонда сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (ІІ) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.

2Сu + O2 ® 2CuO

CH3CH2OH + CuO ® H2O + CH3CHO + Cu

Пробиркадағы 3 тамшы этил спиртін, калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны баяу қыздырады. Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валентікке дейін тотықсызданады.

Жалпы теңдеу:

2Н5ОН + К2Сг2О7 + 4Н2SO4 ® К2SO4 + Сг2(SO4)3 + 7Н2О + 3СН3СНО

3-тәжірибе. Фенолдардың қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен жабдықтар: Пробиркалар, спирт шамы, 1% фенол ерітіндісі, концентрлі НNO3, 10% NaOH ерітіндісі, 1% ҒеСІ3 ерітіндісі, 10% HCI ерітіндісі, кристалдық фенол.

а) Натрий фенолятын алу



Жұмыс барысы: Аздаған кристалдық фенолды 10% NaJ\OH ерітіндісінде ерітеді. Натрий феноляты алынады. Оған 10% HCI ерітіндісінің 1 мл қосады. Ерітінді майланып, бос күйінде фенол түзілгенін көрсетеді.

Ерітіндінің сыртқы түрі қалай өзгереді?

Неліктен ерітінді түссізденеді? Фенол мен сілті арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар.

Фенол мен бір атомды спирттің сілтіге қатынасы арасындағы қандай айырмашылық бар?

ә) Фенолды нитрлеу реакциясы.

1 мл концентрлі азот қышқылына 1 мл ыенол ерітіндісін қосады және абайлап спирт шамымен қайнағанша қыздырады. Салқындатқаннан кейін пикрин қышқылының сары кристалдары түскенін бақылайды.

1. Реакция механизмін түсіндіріндер.

2. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

б) Фенолға темір хлоридінің сапалық реакция. Пробиркаға 1 мл фенол ерітіндісін және 1 тамшы (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін қосады.

1. Реакция нәтижесінде не байқалады?



Бақылау сұрақтары:

Натрий этилатының түзілу реакциясын жазыңдар.

Сутек бөлінуі тоқталған соң су қосқанда ақ тұңбаның жойылуын түсіңдір.

Этиленнен сірке альдегидін алу үшін жүргізілетін реакция теңдеулерін жаз.

Натрий пропилатының алу тәсілдерін көрсет.

Келесі ауысуларды жүзеге асыр.



СаС2 ® С2Н2 ® С2Н4 ® С2Н5ОН ® С2Н5Оna

Неліктен фенол қышқылдық қасиет көрсетеді?

Фенол мен бром арасындағы реакциясының теңдеуін жаз.

21,22 Зертханалық жұмыс



Альдегидтер мен кетондардың қасиеттерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: а) альдегид тобына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау және оны түсіндіру; ә) ацетонның қасиетін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар: формальдегид, этил спирті, фуксинкүкіртті қышқыл, күміс нитраты (АgNO3) ерітіндісі, аммиак (NH 3), натрий бисульфиті ерітіндісі, 10% NaOH

Ерітіндісі, ацетон, йод ерітіндісі, калий йодиді ерітіндісі, хром қоспасы ерітіндісі, пробиркалар, штатив, шыны таяқша, пемза үгінділірі, кинопленка, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, мыс сымы, жұқа шыны, микроскоп.



1-тәжірибе. Этил спиртін тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу.

Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшелі пробиркаға 2 мл хром қоспасы мен 2 мл этил спиртін құямыз. Газ жүретін түтікшені суы бар пробиркаға саламыз. Қоспаны абайлап спирт шамымен қыздырады. Түзілетін сірке альдегиді пробиркада сулы ерітінді түрінде жиналады, оны иісінен байқаймыз.

2-тәжірибе. Этил спиртін дегидрогенизациялау арқылы сірке альдегидін алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 мл этил спиртін құяды. Спирт шамына мыс сымын қызыл болғанша қатты қыздырып, спиртке саламыз. Тәжірибені 5-6 рет қайталаймыз.

Реакция өнімі-сірке альдегидін иісінен байқаймыз.



СН3- СН2ОН ® СН3СНО + Н2

3-тәжірибе. Альдегидке сапалық реакция.

Жұмыс барысы: 0,5 мл формальдегид ерітіндісіне 0,5 мл фуксинкүкірт қышқылды құяды. Бірнеше уақыттан кейін қызыл- күлгін түстің пайда болғанын көруге болады.

4-тәжірибе. Күміс айна реакциясы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы күміс нитраты ерітіндісі, 1 тамшы аммиак ерітіндісі, содан кейін 2 тамшы формальдегид құйындар. Қоспаны спирт шамында тез және абайлап қыздырыңдар, бірақ қайнауға жеткізбеңдер. Пробирка қабырғасында күмістің айна қабаты түзілгенде, қыздыруды тоқтатыңдар.

  1. Қандай реакция жүреді? Реакция теңдеуін жазыңыздар.

5-тәжірибе. Ацетонның қасиетін зерттеу. Йодоформ реакциясы.

Жұмыс барысы: реакцияға ацетонның әлсіз ерітіндісін қолданыңдар (0,5%).

Пробиркаға калий иодидіндегі йод ерітіндісінің (Люголь ерітіндісі) 1 тамшысына түссізденгенше NaOH құяды, сосын бірнеше тамшы ацетон ерітіндісін қосады.

Йодоформның ашық-сары тұнбасы түзіледі және оған тән иіс сезіледі.

6-тәжірибе. Ацетонның еріткіштік қасиеті.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 5-6 тамшы ацетон құйып, оған кинопленканың кішкене бөлігін салыңдар. Шыны таяқшамен араластырыңдар. Пленканың еруін бақылаңдар.

Кинопленканың екі бөлігін ацетонмен ылғалдап, бір-бірімен жапсырыңдар.

Ацетонның еріткіштік қасиеті туралы түйін жасаңыздар.

7-тәжірибе. Ацетонның натрий бисульфитімен реакциясы.

Жұмыс барысы: Жұқа шыныға 1 тамшы қаныққан натрий бисульфиті (NaHSO3)

Ерітіндісін, содан кейін 1 тамшы ацетон қосып, капиллярдың балқытылған үшымен арластырыңдар.

Микроскоп арқылы әр түрлі бұрыс пішінді кристалдарды көріндер.

1)Ацетонның натрий бисульфитімен қосылу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

2)Микроскоппен байқаған кристалдың суретін салыңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1)Қалай жүзеге асыруға болады:



RCHO ® R- COOH

  1. Альдегид тобын қандай реактивтермен анықтауға болады?

  2. Альдегидтің Сu2+ ионымен тотығу реакциясын жазыңыздар

23 Зертханалық жұмыс

Карбон қышқылының қасиетін зерттеу.

Күрделі эфир синтезі

Жұмыстың мақсаты: карбон қышқылдарының физикалық, химиялық қасиеттерімен

және күрделі эфир синтезімен танысу.



Реактивтер мен жабықтар: натрий ацетаты, амид спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, олеин қышқылы, калий перманганатының 5%-тік ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, этил спирті, СаСІ2 ерітіндісі, пробиркалар, штатив, спирт шамы, бөлгіш воронка, су моншасы, газ жүретін түтікшелі тығын, колба, стакан, мұз немесе қар.

1-тәжірибе. Сірке қышқылын оның тұздарынан алу.

Жұмыстың барысы: Колбаға 3-4 г құрғатылған натрий ацетатан салып, оның үстіне 3-4 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Газ түтігінің екінші ұшын қар салынған стаканға батырылған пробиркаға енгізіледі. Қоспада реакция бірден жүре бастайды. Қоспаны қайнатпай баяу қыздырып, сірке қышқылын газ түтігі арқылы пробиркаға айдайды. Пробиркада таза сірке қышқылының кристалдары пайда болады.

Реакция теңдеуін жазыңыздар.



2-тәжірибе. Сірке қышқылының амил эфирін алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл амил спиртін, 2 мл сірке қышқылын және 1 мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны абайлап араластырады. Пробирканы 20 минут қайнап жатқан су моншасында ұстайды. Содан кейін пробирканы суытып, қарайған сұйықты суы бар пробиркаға құяды. Сұйық екі қабатқа бөлінеді, жоғары қабатта- алмұрт иісті сірке қышқылының амил эфирі түзіледі. Оны бөлгіш воронкамен бөліп аламыз.

3-тәжірибе. Олеин қышқылының тотығуы

Жұмыс барысы: пробиркаға 1 мл 5%-тік калий перманганаты ерітіндісі 1 мл 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі және 0,5 мл олеин қышқылын құямыз. Пробиркадағы қоспаны шайқап араластырамыз. Не байқадыңдар?

Реакция теңдеуі:



СН3-(СН2)7- СН = СН-(СН2)7-СООН+ КМnО4+ Н2О ®

Олеин қышқылы

® СН3-(СН2)7- СН- СН- (СН2)7- СООН + МnО2+ КОН

ú ú

ОН ОН

9,10- диоксистеарин қышқылы

4-тәжірибе. Олеин қышқылының тұзын алу

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы олеин қышқылы және 4-6 тамшы дистилденген су құяды. Мұқият араластырып, 6-8 тамшы сілті ерітіндісін қосады. Алынған қоспаны спирт шамында қыздырады. Суда еритін натрий сабыны түзілгендіктен шайқағанда көбік пайда болады. Алынған сабын ерітіндісіне 2-3 тамшы кальций хлоридінің ерітіндісін тамызыңыздар. Суда ерімейтін кальций сабынының ақ тұнбасына назар аударыңдар.

1)Натрий сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.

2)Кальций сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.

5-тәжірибе. Олеин қышқылының сілтімен әрекеттесуі. Сабын алу

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл 10%-тік сілті ерітіндісін құйып, үстіне 2-3 тамшы

олеин қышқылын қосады. Қоспаны күшті араластырады. Сол кезде сабын көпіршігінің олеин қышқылын қосады. Қоспаны күшті араластырады. Сол кезде сабын көпіршігінің түзілгені байқалады. Бұл-олеин қышқылының натрий тұзы (сабын).



С17Н33СООН + NaOH ® C17H33OONa + H2O

Бақылау сұрақтары:

1.Келесі реакция теңдеулерін жазыңыздар:

а)сірке қышқылының амил эфирі

ә)олеин қышқылына бромның қосылуы

2. Қанықпаған карбон қышқылдарындағы карбоксил тобы және көмірсутек радикалы бойынша қандай реакциялар жүреді?

3.Натрий формиатының түзілу реакциясын жазыңыздар.

24 Зертханалық жұмыс

Пиридиннің негізгі қасиеттерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: пиридиннің кейбір қасиеттерін тәжірибе арқылы зерттеу.

Реактивтер мен жабықтар: пиридин, темір (ІІІ) хлориді, калий перманганатының

(1%-тік) ерітіндісі, (1%-тік) сода ерітіндісі, пикрин қышқылы, пробиркалар, лакмус қағазы, спирт шамы.



1-тәжірибе. Пиридинің суда ерігіштігі

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5 тамшы су құяды. Түзілген түссіз ерітіндіге лакмус қағазын салғанда, қағаз көк түске боялады. Лакмус қағазының көгеруі, пиридиннің сумен қосылып, диссоциацияланатын гидроксил ионын түзуінен болады.

2-тәжірибе. Пиридиннің тотықтырғышқа тұрақтылығы

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 тамшы пиридин ерітіндісін, 1 тамшы калий перманганатының 1%-тік ерітіндісін, 1 тамшы 1%-тік сода ерітіндісін құяды.

Пробиркадағы қоспаны шайқап, 1-2 минут қайнатады. Қоспаның түсі өзгермейді. Соған қарағанда пиридин бензол тотығуға тұрақты келеді.



3-тәжірибе. Пиридиннің темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттеседі.

Жұмыс барысы: Пробиркадағы 5 тамшы пиридин ерітіндісіне 3 тамшы темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне тамызады. Пробиркада қоңыр қызық-түсті тұнба түзіледі.

4-тәжірибе. Пиридин пикратын алу.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 3 мл пикрин қышқылын құйып, үстіне 0,5 мл пиридин ерітіндісін қосады. Қоспаны 3-5 минут қояды. Пробиркада әдемі түсті пиридин пикратының ине тәрізді кристалдар түзіле бастайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Пиридиннің судағы және органикалық ерігіштігі туралы түйін жасаңыздар.

2.Пиридиннің темір (ІІІ) хлоридімен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.

3.Пиридиннің тотықтырғыштарға тұрақтылығы неге негізделген?

4.Пиридин мен пикрин қышқылының әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.

5.Пиридинді алу жолдарын көрсетіңіздер.

6.Пиридинді сутегімен тотықсыздандырудың реакция теңдеуін жазыңыздар. Түзілген затты атаңыздар.

7.Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар.

а) 2,5-диметилфуран

ә)2-хлорфуран

б)2,5-диметилпиррол

в)2-аминпиридин



Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары:

Алкадиендер,алкендер, алу қасиеттері.

Циклоалкадиендер, алу, қасиеттері.

Алифатты және ароматты галогентуындылар, алу, қасиеттері.

Арендер,алу, қасиеттері.

Ароматты спирттер, алу , қасиеттері.

Үш атомды фенолдар, алу, қасиеттері.

Альдегидтер, кетондар, алу, қасиеттері.

Оксиқышқылдар,алу, қасиеттері.

Аминдер,алу, қасиеттері.



Көмірсулар,алу,қасиеттері.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет