Парамедиктер+кеңесші дәрігерлер (мамандандырылған)-екі деңгейлі модель парамедиктер басым (АҚШ, Израиль, Канада, Австралия, Еуропа жартылай)
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер-бір деңгейлі модель (Еуропа)
Жалпы тәжірибелік дәрігерлер+маман-дәрігер+мейірбике-үш деңгейлі модель, дәрігерлер басым (Еуропа)
ЖМЖ моделін таңдау байланысты
1. ЖМЖ орналасқан жеріне және тұрғындар санына (ауылшаруашылық аудан; 50 мыңға жуық, 100 мыңға жуық ., 500 мыңға жуық халқы бар қала., 1 млн - 1,5 млн дейін , мегаполис).
2. Атқарылатын жұмыстың көлеміне қарай (ЖМЖ қызметін шақырту, шақыртулардың құрылымына ).
Ауылдық жерлерде ЖМЖ көрсетудің фельдшерлік моделі ыңғайлы (Орталық аудандық ауруханада немесе ЖМЖ пункттері ), ал ірі қалаларда — аралас модель (дәрігерлік-фельдшерлік екі- немесе үшдеңгейлі).
Фелдшерлік және дәрігерлік бригадалардың қатынасын таңдауда тек орындалатын жұмыстың көлеміне ғана емес (яғни тұрғындардың ЖМЖ қызметіне қаралуының жалпы саны), сонымен қатар шақыртулардың құрылымына да байланысты.
ЖМЖБ – тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.
Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады
Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің құрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер) ұйымдастырылады.