Дәріс: Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы


Шақырту бригадаларының жұмысын ұйымдастыру құрылымы (деңгейі мен түрлері)



бет3/9
Дата12.09.2022
өлшемі3,53 Mb.
#149301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция. ХХ ғасырдағы Қазақстан, 1-дәріс Мәдениет ұғымы және құрылымы, 6M011400 kz, нов. Қазақстан тарихы қазақша Sillabus-2022

Шақырту бригадаларының жұмысын ұйымдастыру құрылымы (деңгейі мен түрлері).

  • Отандық модельдер:
  • -желілік бригада+мамандандырылған бригада- екі деңгейлі дәрігерлік модель
  • -дәрігерлік бригада (қарқынды терапия бригадасы) + фельдшерлік шақырту бригадасы -екі деңгейлі аралас модель:
  • а)дәрігерлік бригаданың басым болуы
  • б) фельдшерлік бригаданың басым болуы
  • -желілік бригада+мамандандырылған бригада+ фельдшерлік бригада-үш деңгейлі аралас модель.
  • - фельдшерлік шақырту бригадасы-бір деңгейлі модель

ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың шетелдік моделі

  • Парамедиктер+кеңесші дәрігерлер (мамандандырылған)-екі деңгейлі модель парамедиктер басым (АҚШ, Израиль, Канада, Австралия, Еуропа жартылай)
  • Жалпы тәжірибелік дәрігерлер-бір деңгейлі модель (Еуропа)
  • Жалпы тәжірибелік дәрігерлер+маман-дәрігер+мейірбике-үш деңгейлі модель, дәрігерлер басым (Еуропа)

ЖМЖ моделін таңдау байланысты

  • 1. ЖМЖ орналасқан жеріне және тұрғындар санына (ауылшаруашылық аудан; 50 мыңға жуық, 100 мыңға жуық ., 500 мыңға жуық халқы бар қала., 1 млн - 1,5 млн дейін , мегаполис).
  • 2. Атқарылатын жұмыстың көлеміне қарай (ЖМЖ қызметін шақырту, шақыртулардың құрылымына ).
  • 3. Ауданның, қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының деңгейіне

ЖМЖ моделін таңдау

  • Ауылдық жерлерде ЖМЖ көрсетудің фельдшерлік моделі ыңғайлы (Орталық аудандық ауруханада немесе ЖМЖ пункттері ), ал ірі қалаларда — аралас модель (дәрігерлік-фельдшерлік екі- немесе үшдеңгейлі).
  • Фелдшерлік және дәрігерлік бригадалардың қатынасын таңдауда тек орындалатын жұмыстың көлеміне ғана емес (яғни тұрғындардың ЖМЖ қызметіне қаралуының жалпы саны), сонымен қатар шақыртулардың құрылымына да байланысты.

ЖМЖБ қызметінің ұйымдастырылуы

  • ЖМЖБ – тұрғындары 30 мың адамнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады немесе қалалық жедел жәрдем ауруханасының құрамына бір оның құқықтық бөлімі ретінде кіреді.
  • Тұрғындарының саны аз қалалар мен аудандарда жедел медициналық жәрдем бөлімдері қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында ұйымдастырылады
  • Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМЖ бекеттерінің құрамында қосалқы бекеттер (бөлімшелер) ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет