Дәріс: Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұйымдастырылуы



бет4/9
Дата12.09.2022
өлшемі3,53 Mb.
#149301
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қосалқы бекеттер

  • Қосалқы бекеттер 15 минут ішінде көлікпен жету есебімен құрылады.
  • Тұрғындары 70 мыңнан асқан қалалар мен аудан орталықтарында балаларға ЖМЖ көрсету үшін арнайы балалар бригадасы, 100 мыңнан асқан елді мекенде арнайы психиатриялық бригада құрылады.

Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне кіреді:

  • Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, кездейсоқ келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету;
  • Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау;
  • Төтенше жағдайлар, табиғат, жол апаттарын жою жұмыстарына белсенді араласу;

ЖМЖ бекеттерінің негізгі талаптары

  • тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі;
  • ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін шапшаң және дер кезінде көрсетілуі;
  • барлық санаттағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі;
  • нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.

ЖМЖ бекетінің бригадаларымен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар- жоғына қарамастан жатқызылады.

  • ЖМЖ бекетінің бригадаларымен жеткізілген жарақаттанғандар мен науқастар аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл қаралып, қажет болса, ауруханада бос орынның бар- жоғына қарамастан жатқызылады.
  • Аурухананың қабылдау бөлімінде ЖМЖ бигадасын 10 минуттан артық кідіртуге болмайды (науқас немесе жарақаттанғанды аурухананың кезекші дәрігеріне өткізетін уақыт).

ЖМЖ бекеттері өз жұмыстарын емдеу-профилактикалық, Ішкі істер министрлігінің мекемелерімен және ҚРтөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерімен тығыз байланыста жүргізеді.

  • ЖМЖ бекеттері өз жұмыстарын емдеу-профилактикалық, Ішкі істер министрлігінің мекемелерімен және ҚРтөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің бөлімшелерімен тығыз байланыста жүргізеді.
  • Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайда дер кезінде емдеу-эвакуациялау, медико-санитарлы, эпидемияға қарсы шаралармен тұрғындарды қамтамасыз ету іс -шараларын ұйымдастыру үшін ЖМЖ бекеттері Республикалық апат медицинасы орталығының бөлімшелері мен Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Агенттігінің басқаруымен жұмысын атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет