Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика



бет28/38
Дата11.03.2022
өлшемі0,89 Mb.
#135065
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
Байланысты:
Дәрістер механика

Бернулли теңдеуі

Ағын түтігі ішінде қозғалған сұйықтың жылдамдығы мен қысымының арасындағы байланысты қарастырайық. Ол үшін s1 және s2 көлденең қималарымен шектелген ағын түтігін алайық. Бұл қимадан толық энергияның өзгерісі сұйықтың орын ауыстыру жұмысына тең:

мұндағы
және ал болса,
әрі
осыдан үзіліссіздік теңдеуі бойынша, сұйықтың алған көлемі ,
ал масса .
Теңдеулерді орнына қоя отырып, Бернулли теңдеуін аламыз:

мұндағы - динамикалық қысым; - гидростатикалық қысым; p- статикалық қысым.
Бернулли теңдеуі –идеал сұйықтың ағысына арналған энергияның сақталу заңы болып табылады, яғни түтіктен аққан сұйықтың қысымы қозғалыс жылдамдығы аз жерде – көп, ал қозғалыс жылдамдығы көп жерде – аз.
Мысалы, идеал сығылмайтын сұйық ыдыстағы кішкене саңлаудан ағып жатса, онда Бернулли теңдеуі мына түрде болады:

Сурет 3.8
Үлкен ыдыстан сұйықтың ағуы.



мұндағы, p0атмосфералық қысым, h – биіктіктің азаюы. Сонда:

Бұл ағынның жылдамдығына байланысты теңдеу Торричелли формуласы деп аталады.


Тұтқырлық
Барлық нақты сұйықтардың бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, онда үйкеліс күші пайда болады. Осы үйкеліс күшін тұтқырлық деп атайды.
Сұйықтың бірінші қабатынан екіншісіне өткенде жылдамдығының шапшаң өзгеруі, жылдамдық градиенті деп аталады.
Ньютон, алғашқы рет сұйықтың екі қабатының арасындағы үйкеліс күші, жылдамдықтар айырымы мен жанасып тұрған сұйық қабырғасы бетінің ауданына тура пропорционал және сол қабаттың ара қашықтығына кері пропорционал екендігін дәлелдеді:

мұндағы -пропорционалдық коэффициент, ол сұйықтың тұтқырлық коэффициенті деп аталады және ол температураға байланысты. Сұйықтарда температура өскен сайын тұтқырлық азаяды, ал газдарда керісінше, температура өскен сайын тұтқырлық көбейеді.
Сұйық тұтқырлық әсерінен болатын қозғалыс кезіндегі жанама кернеулігі мынадай:

Тұтқырлықтың өлшемі бірлігі – (Па·с)
Тұтқырлықтың берілген сұйықтың тығыздығына қатынасы тұтқырлықтың кинематикалық коэффициенті деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет