Дәріс жиынтығЫ 1 Модуль. Механика


Денеге Жердің тартылу күшімен әсер ететін күшті ауырлық күші деп атайды



бет15/38
Дата11.03.2022
өлшемі0,89 Mb.
#135065
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Дәрістер механика

Денеге Жердің тартылу күшімен әсер ететін күшті ауырлық күші деп атайды.

Салмақ және салмақсыздық.
Дененің Жерге тартылуы кезінде ауырлық күшіне қарсы әсер ететін, тіреуге түсетін күшті салмақ деп атайды.
Мысалы, дене Жерге қатысты горизонталь стол бетінде қозғалыссыз жатыр деп есептейік.

Дененің салмағы және ауырлық күші. - ауырлық күші, - тіреуге реакция күші,
- дененің тіреуге қысым күші (салмақ).

Денеге төмен бағытталған ауырлық күші , тіреудің серпімді күші әсер етеді. күшті қалыпты қысым күші немесе тіреудің қысым күші деп атайды. Денеге әсер ететін күштер бірін – бірі теңестіреді: . Ньютонның үшінші заңы бойынша, дене тіреуге қандай да бір күшпен әсер етеді, ол модулі жағынан тіреудің реакция күшіне тең және кері бағытталған: . Анықтамада айтылған салмақ деп отырғанымыз осы. Жоғарыдағы қатынас арқылы, біз , яғни дененің салмағы , ауырлық күшіне тең.


Егер дене пружинада қозғалмай ілініп тұрса, онда тіреудің реакция күшінің ролін пружинаның серпімді күші атқарады.
Егер Жерге қатысты үдеу болса, онда , егер дене еркін қозғалыста болса , онда Р=0, яғни дененің салмағы жоқ.
Үйкеліс күші
Үйкеліс –денелердің әсерлесуі болып табылады. Ол екі дене бір – біріне тигенде ғана пайда болады. Үйкеліс, басқа да әсерлесулер сияқты Ньютонның үшінші заңына бағынады: егер бір денеге үйкеліс күші әсер етсе, онда модулі жағынан тең, бірақ бағыты жағынан қарама – қарсы күш екінші денеге әсер етеді. Үйкеліс күшінің электромагниттік қасиеті бар, ол бір – біріне үйкелген денелердің атомдары мен молекулалары арасындағы әсерлесу нәтижесінде пайда болады.
Құрғақ үйкеліс күштері деп, екі қатты дене арасындағы сұйық немесе газ тәрізді зат болмаған кезде пайда болатын үйкелісті айтады. Олар бір – біріне үйкелетін беттерде жанама бағытталған. Денелердің салыстырмалы тыныштығы кезінде пайда болатын, үйкелісті тыныштық үйкелісі деп атайды. Тыныштық үйкелісі, сыртқы күшке шама жағынан тең, бағыты жағынан қарама – қарсы.

Тыныштық үйкеліс күші (υ = 0).

Тыныштық үйкеліс күші қандай да бір максимал мәннен аса алмайды (Ғү)мак. Егер сыртқы күштер осы күштен артық болса, онда салыстырмалы сырғанау болады. Мұндай жағдайда үйкеліс күшін сырғанау үйкеліс күші деп атайды. Ол қозғалысқа қарама–қарсы бағытталған және денелердің салыстырмалы жылдамдығына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет