Орындаған: Кыдырбай Назипа Тобы: в-фқҚ-01-19



Дата07.02.2022
өлшемі18,04 Kb.
#93371
Байланысты:
фармакология 11 апта


Орындаған: Кыдырбай Назипа
Тобы: В-ФҚҚ-01-19
Тақырыбы:Қабынуға қарсы дәрілер. Аллергияға қарсы дәрілер.
1.Глюкокортикоидтар жасуша ішінде әсер етеді. Олар жасуша цитоплазмасында арнайы рецепторлармен әсерлеседі. Бұл кезде рецептор белсенденеді, оның конформациялық өзгерісіне әкеледі. Түзілген стероид+рецептор кешені жасуша ядросына еніп, ДНҚ-мен байланысады,белгілі гендердің транскрипциясын реттейді. Бұл белоктар мен ферменттердің синтезіне әсер ететін арнайы а-РНҚ түзілуін қуаттандырады. Олар қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы әсерлері қабыну медиаторларының түзілуіне, тамырлық бөлікке және қабынуға қатысатын жасушаларға әсеріне байланысты.
Глюкокортикоидтар қабынудың барлық сатыларында тежегіш әсер көрсетеді. Олар қабынуға қарсы және иммунодепрессивті (төмендететін) әсер көрсетеді.Глюкокортикоидтарды, стериодты емес қабынуға қарсы дәрілер әсер етпей жатқанда, әр түрлі қабыну ауруларында кеңінен қолданады. Олар сонымен қатар шокқа қарсы және уыттылыққа қарсы әсері бар.
Әсер ету механизмі бойыеша: Фосфолипаза – А2 және С1 циклооксигенезаның липооксигеназаның активтілігін төмендетеді; макрофагтардың нақтылауына кедергі жасайды, базофилдерден гистаминннің иммуноглобулин тәуелді бөлуін азайтады; фибробластардың пролиферациясын және Т-лимфоциттердің қызметін тежейді; итерлейкиннің түзілуін тоқтатады. Алмасудың барлық түріне ықпал етеді
Глюкокортикоидтардың иммунодепрессивті әсері. Т-және В-лимфоциттер белсендігінің тежелуіне, бірқатар интерлейкиндердің және басқа цитокиндер өндірілуінің, қан сарысуында комплемент мөлшерінің азаюына, айналымдағы лимфоциттер мен макрофактар деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар миграцияны тежейтін факторға тежегіш әсер етуіне байланысты.
Глюкокортикоидтарға: гидрокортизон, преднизалон, дексаметазон, триамцинолон, флуоцинолон ацетониді, бетаметозон, метилпреднизолон, флуметазон пивалаты жатады.
Жағар майлары: «Флуцинар», «Лоринден», «Целестодерм»,
Аэрозольдері: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» және тағы басқалар.
2.Бейнаркотикалық анальгетиктер-қабынуға қарсы,ыстықты түсіретін және ауырсынуды басатын стероидты емес дәрілер,бұл дәрілерге тәуелділік болмайды. Олардың негізгі әсерлері бейспецефикалық қабынуға қарсы әсері,яғни кез келген этиологиясы бар қабынуды басады.Стероидты емес қабынуғы қарсы дәрілерге 80-нен астам препараттар жатады және бір және көп құрамдас бөлікті дәрілік түрде болады (таблеткалар,капсулалар,суппозиторийлер,жағар майлар кремдер,гель,егуге арналған ерітінділер).
Қабынуға қарсы әсері: стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер қабынудың альтеративті және экссудативті фазаларын жояды,глюкокортикоидтарға қарағанда дәнекер ұлпаның пролиферациясын азайтады.Көптеген стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер органикалық қышқылдар сияқты қабыну ошағының қышқылды ортасында жиналады,мұнда олар биохимиялық үрдістерге тіке әсерлерін тигізеді.Қабынған ұлпаға препараттардың енуіне капиллярлардың жоғары өткізгіштігі септігін тигізеді.
Салицил қышқылының туындылары: Ацетилсалицил қышқылы, Лизин ацетилсалицилаты.
Пиразолидон туындылары: Бутадион (фенил бутазон)
Индолсірке қышқылының туындылары: Индомитацин, Сулиндак.
Фенилалкан қышқылының туындылары: Ацеклофенак, Диклофенак,Ибупрофен, Кетопрофен, Напроксен, Флурбипрофен.
Оксикамдар туындылары: Ксефокам, Мелоксикам, Пироксикам.
П-аминофенол туындысы: Парацетамол, Нимесулид, Целоксиб.
Химиялық құрылысы әр түрлі препараттар: Кеторолак, Тиапрофен қышқылы, Набуметон.
Қабынуға қарсы емнің ең жиі кездесетін асқынуы асқазан-ішек жолдарының зақымдануы. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер жүрек айну, асқазан аймағындағы ауырсыну, диарея асқазан мен он екі елі ішектің жарасына әкеледі. Артритпен ауыратын ауыратын науқастарды эндоскопиямен тексергенде, егер олар қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдайтын болса, оларда дені сау адамдарға қарағанда ойық жара 3-5 есе кездеседі.
3.Баяу типті серпілістер жасушалы иммунитетпен байланысты және сенсебилмзацияланған Т-лимфоциттерге байланысты, олардың беткейінде орналасқан антигенді танитын арнайы рецепторлар антигенмен байланысады. БТ аллергеияда туберкулинді серпіліс, жанасу дерматиті, кейбір аутоиммкнды зақымданудың түрлері жатады. БТ аллергияда медиаторға цитокиндер қатары жатады. Оларға интерлейкин-2, лимфотоксин, макрофагтар, миграциясын тежейтін фактор жатады. БТ аллергияда препараттардың екінші тобы: иммуногенезді тежейтін және ұлпалардың зақымдануын тежейтін дәрілер қолданылады. Иммуногенезді тежейтін дәрілер – иммунодепресанттар: глюкокортикоидтар, циклоспорин, цитоксикалық дәрілер жатады.
4. Гистаминді Н1-рецепторлармен әрекеттесу арқылы, гистамин инозитол-3-фосфат пен диацилглицеролдың босап шығуымен жүретін фосфотидилинозитолды ыдырататын жасуша мембранасындағы фосфолипаза С белсендіреді, ол тегіс салалы бұлшық еттердегі ретикулумдағы эндоплазматикадан кальцийдің босап шығуына ықпал етеді және сонымен олардың жиырылуына әкеледі.
Яғни, гистамин Н1-рецепторларға әсер етумен бронхтың, артериолдардың, венуланың тегіс салалы бұлшық еттеріні жиырылуын туғызады, әсіресе алдыңғы және кейінгі капиллярлардың, ішектің және жатырдың сфинктерін. Гистаминнің үлкен мөлшерде босап шығуы бронхтың тарылуына, жрекке қанның қайта келуінің шектелуін, жүрек лақтырысының азаюы мен ұанның минуттық көлемінің азаюына әкеледі; жасуша аралық кеңістіктің кеңеюінің арқасында тамырлар қабырғасында плазманың сұйық бөлігінің транссудациясы күшейеді, қан қоюланады, АҚК азайады. Осының барлығы АҚ төмендеуіне әкеледі және тіндердің гемоперфузиясын нашарлатады.
Терінің сезімтал рецепторларының тітіркенуі күйдіру, қышыну және ауыру сезімдерін туғызады. Гистаминнің ықпалын азайту немесе алдын алу мақсатымен гистаминге қарсы дәрілер қолданылады, олар гистаминді рецепторларды тежейді. Олар гистаминнің синтезіне және бөлінуіне әсер етпейді, олар рецепторлармен байланысуға бәсекелестік болады (яғни гистаминге қарсы дәрілердің әсерінен бос гистаминнің бөлінуі өзгермейді).
Аллергиялық реакциялар үрдісіне кедергі жасау үшін, гистаминге қарсы дәрілерден басқа да препараттар тобын қолданады.
Аллергияға қарсы дәрілерге жатады:
1. Н1-рецепторларын тежейтін гистаминге қарсы заттар (дифенгидрамин гидрохлориді, мебгидрамин, квифенадин, хлоропирамин, прометазин гидрохлориді, клемастин, астемизол, цетиризин, лоратадин).
2. Мес жасушаларының бұзылуына кедергі жасайтын дәрілер (кромоглиций қышқылы, недокромил натрий, кетотифен).
3. Глюкокортикоидты дәрілер («Бүйрек үсті безі қыртысы гормондарының дәрілік заттары» тақырыбын қарау).
4. Аллергияға қарсы симптоматикалық дәрілер (эпинефрин, аминофиллин, теофиллин).
Рецепт

  1. Recipe:  Unguenti Hydrocortisoni 0,5% - 3.0
    Da Signa. Көздің конъктивитінде жағылма түрінде қолданылады.

  2. Recipe: Dragee Diazolini 0.1 №20

Da.Signa. 1 дражеден күніне 2 рет.

  1. Recipe: Solutionis Dimedroli 1%-1.0

Da tales doses №3 in ampullis
Signa.тері астына 1мл-ден.

  1. Recipe: Acidi acetylsalicylici 0.5

Da tales doses №10 in tabellettis
Signa. 1 таблеткадан күніне 3рет.

  1. Recipe: Solutionis Chloropyramini 20ml-1ml

Da tales doses № 10 in ampullis
Signa. Бұлшық етке 1 мл.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет