Реферат тақырыбы: Катаральді желінсау Қабылдаған: Тургумбеков а орындаған: Топ: вм-305



Дата08.02.2022
өлшемі106,06 Kb.
#124519
түріРеферат
Байланысты:
акушерка
stud.kz-30465.pptx 20231019 111518 0000, Қазақстан тарихы Бакаева, Лекция 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті


Факультет:”Ветеринария”
Кафедра: “Акушерлік хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы ”


РЕФЕРАТ




Тақырыбы:Катаральді желінсау


Қабылдаған: Тургумбеков А
Орындаған:
Топ:ВМ-305
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1Желінсау аурулары
2.2 Катаральді желінсау
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе


Сиырдың желіні симметриялы екі жақ (оң жақ және сол жақ) жартыдан алдыңғы және артқы ширектерден тұрады. Әрбір ширегі жеке өз алдына емшекпен аяқталады. Желіннің сыртын жұқа, жұмсақ тері қаптап жатады, тері асты ұлпадан кейін сыртқы фасция орналасқан. Сыртқы фасция желіннің әрбір жартысын сыртынан қаптап келіп астыңғы жағынан бірігіп кетеді де, желіннің көтеріп тұратын сіңіріне айналады. Сыртқы фасциядан желін паренхимасын алдыңғы және артқы ширектергі, одан ары қарай ұсақ бөлшектерге бөліп жататын қалқандар тарайды. Желін паренхимасы альвеолалардан тұрады. Альвеола шар тәрізді қуыстар, оның қабырғасы бір қабат безді эпителийден құралған. Альвеолдың сыртын миоэпителиальді тор қоршап тұрады. Әрбір альвеолдан ұсақ сүт жолдары шығады, олар бір-бірімен қосылып келіп орта диаметрлі, содан соң ірі диаметрлі сүт жолдарын құрайды. Бірнеше ірі сүт жолдары сол ширектің сүт цистернасына ашылады. Сүт цистернасы ұзындығы 1 см емшек арнасымен аяқталады. Емшек жұмсақ, цилиндр пішінді ұзындығы 5-10 см болады және төмен салбырап тұрады. Желін қан тамырларына өте бай орган, оны негізінен сыртқы сарпай артериялары мен сарпай аралық артериялары қамтамасыз етеді, осы аттас веналар және тері асты құрсақ венасы бар. Емшек терісінен басталған сыртқы және терең паренхимадан шығатын ішкі лимфа тамырлары желін үсті лимфа түйініне келіп тоғысады. Желін жүйке жүйесі сыртқы жыныстық жүйкесі және мықын-қарын жүйкесі мен сарпай аралық жүйкеден тұрады. Бұл жүйке талшықтары желін терісіне, әрбір альвеолаға қан тамырларына дейін тарайды. Биенің желіні екі жартыдан тұрады, екі емшегі болады. Желіннің әр жартысы алдыңғы және артқы ширекке бөлінеді, бірақ ол сыртынан білінбейді. Әрбір ширегінің өз альвеолалары мен сүт жолдары емшектен 2-3 арна болып шығады. Түйенің желіні екі жартыдан және алдыңғы, артқы ширектерден тұрады, қысқа төрт емшегі болады. Қой, ешкінің желіні екі жартыдан тұрады, ширекке бөлінбейді, екі емшеті кедеді. Ешкінің емшектері қойдың ешектеріне қарағанда ұзындау келеді. Мегежіннің сүт безі құрсақтың екі жағында қатарласа тізбектеліп, 8-12 жұп болып орналасқан. Әр бөлігінің өзінің жеке емшегі, әр емшегінің ұшында 2-3 арнасы болады. Ит-мысықтың желіні де қарынның астыңғы жағына екі қатар болып орналасқан 10 бөліктен тұрады. Сүт қанның құрамындағы заттардан альвеолалардан құралады, ал жиналған сүтті шығару альвеолдар мен сүт жолдарының сыртындағы миоэпителийдің жиырылуымен іске асады.Лактацияға әсер ететін факторлар: 1. Сауу кезіндегі немесе емген кездегі пайда болатын жүйке импульстері, ол орталық жүйке жүйесіне келіп, сүт безінің қызметін не күшейтеді, не тежейді.
2. Гормондар: фолликулин, прогестерон, пролактин, окситоцин. Бұл гормондардың әсерінен альвеолдар өсіп-көбейіп жетіле түседі де, лактация үрдісі басталады.
3. Иіс сезу, көзбен көру, құлағымен есту рецепторлары мен сезу рецепторлары арқылы түсетін тітіркендіргіш импульстер де лактацияны не күшейтіп, не тежеп тастауы мүмкін. Атап айтқанда, айқай-шу, ұрып-соғу, бөтен кісілер, сауыншылардың жиі ауысып отыруы лактацияға кері әсер етеді. Керісінше, дәмді жемшөп беріп, жылы сөзбен келіп малдың үсті-басын сипап, желінін сүртіп азырақ массаж жасап, сауып алған соң құрғатып сүртіп, майлап қою, сиырдың сүттілігін арттырады. Төлдегеннен кейінгі 4-5 күн бойы емшектен уыз шығады. Уыз жаңа туған төлдің өсіп дамуы үшін аса қажетті қоректік зат, оның құрамында альбумин, глобулин сияқты белоктар, май, А,Д,С,В дәрумендері, макро-микроэлементтер, ферменттер және әртүрлі инфекциялық аурулардан қорғайтын иммунды заттар бар. Лактация малдың бағып-күтіміне байланысты. Азықтандыру жақсы болса, ол сиырларда алғашқы үш айда өте қарқынды өтеді де, кейін біртіндеп төмендей береді. Сиыр 7-8 бұзаулағаннан кейін-ақ желіннің альвеолаларлы аппараты біртіндеп жойылып, орнына дәнекер ұлпа өсіп, сүт беру қабілеті нашарлайды. Бұл да малдың жасына байланысты болған гипогалактия немесе агаоактия, яғни қалыпты физиологиялық процесс. Лактация өте қарқынды өтетін процесс. Тәулігіне 15-20 л сүт беретін сиырдың желіні арқылы осы уақыттың ішінде 9 тонна қан ағып өтеді екен. Желін сүтке толуы үшін 10-12 сағат өтуі керек. Осы кезде сиырды саумаса, сүт организмге кері сорылып сіңе бастайды. Бұл құбылысты реабсорбция деп атайды. Жаңа туған малдың желіні тез толады, сондықтан оларды тәулігіне 3 ретке дейін сауып желінді босатып отырады. Лактация соншалықты қарқынды өтетін процесс болғандықтан, оның сыртқы ортаның әсеріне сезімталдығы да өте жоғары болады да, желін тез ауруға шлдығады. Сүт безіне зерттеу жүргізу. Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Олардың емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан патологиялық үрдістің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге арнайы жүйемен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және зертханалық әдістерге бөлуге болады. Клиникалық зерттеулерге анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді арнайы зерттеу жатады. Анамнез: қашан бұзаулады, туу үрдісі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықтануы қалай еді, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін ауруы болып па еді, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындалады ма, шаруашылықта жалпы желін аурулары көп пе, сиырдың сүттілігі 105 қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ, аурудың туу себебін, патологиялық үрдістің сипатын ажыратуға біршама мүмкіндік туады. Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың температурасын өлшеп, тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыту мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегей қабықтарын зерттеу болып табылады. Өйткені желін аурулары көбінесе, гастроэнтерит, эндометрит, субинволюция, т.б. аурулардың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдардың қызметі бұзылуы мүмкін. Желінді зерттеу. Қарап көру, ұстап көру және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жағын салыстырады: көлемі, терісінің түсі мен бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сүттің түсі, иісі ескеріледі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин) сасық иіс, т.б. белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа түйінін зерттейді. Зертханалық зерттеу. Аурудың диагнозын дұрыс қою үшін клиникалық зерттеулерге қосымша сүтті немесе желіннің басқа секретін зертханалық зерттеулерден өткізеді. Зертханалық зерттеулер, әсіресе субклиникалық (жасырын) желінсауды анықтауға және желінсауды емдеу нәтижесіне бақылау жасау үшін қажет. 1.Димастинмен тексеру. Димастиннің 5-10 пайыздық судағы ерітіндісін дайындап алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа 1 мл секрет сауып алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырғанда, сиыр ауру болса, сүттің түсі алқызыл түске боялып, ұйынды пайда болады. Сүт таза болса, түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды. 2. Бромтимолмен тексеру. Бромтимолдың 0,5 пайызды спиртті ерітіндісін дайындап алады, ( 50 мл дистилденген су + 50 мл этил спирті + 0,5 гр бромол). Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, оған 3-4 тамшы реактив қосып араластырғанда, сиыр ауру болса, сүттің түсі қою жасыл-көкке боялады. Сүт таза болса, тек әлсіз ғана сарғылт-көкке боялады. 3. Сүтті тұндыру. Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10-15 мл сүт сауып алып, емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4 +6°) келесі күнге дейін салып қояды. Сиыр ауру болса, пробирканың түбіне тұнба түседі, бетіндегі қаймағы өте аз (0,1-0,2 см) болады. Сүт таза болса, пробирканың түбіне тұнба болмайды, қаймағының қалыңдығы 0,5-1,0 см болады. 4. Уайтсайд әдісімен тексеру. Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып, оған 2 мл натрий сілтісінің (ОН) 4 пайызды ерітіндісін құйып, араластырғанда сиыр ауру болса, алғашқы 20-30 секундтың ішінде сүт ұйып қойыртпаққа айналады. Ол сүттің құрамында лейкоцидтердің көбейіп кеткендігін көрсетеді. 5. Бактериологиялық әдіспен тексеру. Стерильді пробиркаға әр емшегінен жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі бактериологиялық әдіспен тексереді. Онда сүттің 1 мл-індегі микробтардың жалпы санын және олардың тегін 106 (стафилококк, стрептококк, грибтер, немесе ішек таяқшалары) әртүрлі антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Желін ауруларын жіктеу
1. Желінсау – желіннің қабынуы
2. Желіннің қан айналуының бұзылуы – туар алдындағы немесе туғаннан кейінгі кезеңдегі ісіп-домбығу
3. Әртүрлі жарақаттар (кесілген, тесілген, соғылған, жыртылған)
4. Желін терісінің аурулары – дерматиттер ( үсік, күйік, папилломалар)
5. Емшек кінараттары (цистернаның, емшек арнасының тарылуы, бітелуі)
6. Желіннің қызметінің бұзылуы (лакторрея, қанды сүт, сүт тастарының пайда болуы) Шаруашылықта малдың бағып-күтімі, азықтануы нашар болып, сауу ережелерін дұрыс сақтамайтын болса, желін аурулары кең етек алып кетуі мүмкін, сөйтіп шаруашылыққа орасан зор зиян тигізеді.Сиырдың бір емшегі (ширегі) ауырғанның өзінде оның сүттілігі 10-20 пайызға кемиді. Желінсау болған сиырлар (әсіресе, сүтті, асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі: жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза сүтпен араласып кетеді де, оның сапасын төмендетеді, одан дәмді жақсы айран ұйытуға, ірімшік-май жасауға болмайды, ондай сүтті ішкен бұзаудың іші өтіп ауруға шалдығады, адам ауырады. Желін ауруларының ішіндегі ең көп кездесетіні де, ең көп зиян тигізетіні де желінсау.
Ж е л і н с а у.(Mastitis) –желіннің қабынуы, көбінесе, жаңа туған малда, сиырларды суалтқан кезде, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі. Себептері: Желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болады.Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 пайыз жағдайда микробтар кінәлі деп есептейді. Микробтардың желінге келіп түсуі әрқалай:
1.емшек үрпісі арқылы (галоктогенді жол) жатқан жері лас болса, желінді жуып-сүртетін шүберек кір болса, сауыншының қолы, сауын агрегаты таза болмаса;
2. қан арқылы гематогенді жол (гастроэнтерит, ретикулоперитонит, эндометрит, вагинит,т.б) ауырған органдардың микробы желінге келіп түседі;
3. желіннің терісі арқылы (лимфогенді жол)- тері жарақаттанғанда микроб сол жарадан ары қарай лимфа тамырлары арқылы тарайды. Бірақ микроб барлық уақытта міндетті түрде ауру тудырады деуге болмайды, ол организмнің жалпы резистенттігіне байланысты, организмнің резистенттігін төмендететін факторлерге малдың күтімінің, азықтануының нашарлауы, сауу ережесінің бұзылуы,желін гигиенасының сақталмауы жатады. Желінсаудың пайда болуына желіннің зақымдануы тікелей себепкер фактор, яғни сыртқы жарақат (ұрылып-соғылуы, сырылып езілуі, жыртылып тесілуі), немесе ішкі жарақат (альвеолдар мен сүт жолдарының жыртылуы) микробтар ену үшін ашық қақпа болып саналады. Ішкі жарақаттар сауу агрегаттарын дұрыс 107 пайдаланбаудан немесе желінге ауа үрлеген кезде қысымның көбеюінен болуы мүмкін. Сауылып жүрген сиырды дұрыстап суалтудың да желінсаудың алдын алу үшін үлкен маңызы бар. Туар алдындағы желінде пайда болған ісіктер суыққа ұрынып немесе зақымданатын болса, тез желінсауға ұшырайды. Көктемдегі кезде бірден көк шөпке шығып кеткен малда желінсау орын алады. Желінсау көбінесе, сүтті сиырларда кездеседі, оны желін қызметінің, зат алмасу құбылыстары мен лактация процессінің өте қарқынды жүруімен түсіндіруге болады. Желінсауды жіктеу. Организмнің резистенттігіне байланысты, ауру тудырғыш себептердің сипатына байланысты желіндегі қабыну үрдісі әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін. А. П. Студенцов қабыну үрдістерін сипаттай келіп желінсауды былай жіктейді: 1. Серозды желінсау 2. Катаральді желінсау:
а)цистерна мен сүт жолдарының катары
ә)альвеола катары
3. Фибринозды желінсау
4. Іріңді желінсау: а) іріңді-катаральді желінсау; ә) желін абцессі; б) желін флегмонасы.
5. Геморагиялық желінсау
6. Кейбір ауруларға тән желінсаулар:а) желін аусылы, ә) желін актиномикозы б) желін туберкуллезі
7. Желінсаудың асқынулары: а) желін индурациясы, ә) желін гангренасы. Клиникалық өтуіне қарай желінсауды жіті (acuto) (10 тәулікке дейінгі), созылмалы (chronica) (2-3 аптадан асып кеткенде) және жасырын (latentus), (субклиникалық) желінсау деп бөлінеді.Желінсауды басқа аурудан ажырату үшін мына кестені пайдалануға болады. № Қабыну үрдісінің клиникалық белгілері Дистамин немесе мастидинге реакциясы Тұндыру арқылы тексеру Бактериология лық зерттеу Қорытынды диагноз 1 + + + + Желінсау 2 - + - - Желіннің тітіркенуі + Микроб тасығыш мал 4 - - - - Дені сау мал Бұдан басқа клиникалық зерттеулердің нәтижелерін де пайдалану керек. П а т о г е н е з і. Желінсауды қоздырғыш микробтар қан арқылы басқа органдардан келіп түскенде қабыну үрдісі желінді түгелдей қамтуы мүмкін, әрі өте ауыр өтеді. Егер де инфекция лимфогенді жолмен тараған болса, патологиялық үрдіс тері асты ұлпасы мен альвеола аралық дәнекер ұлпадан серозды желінсау ретінде басталып, кейіннен алвеолаға ауысуы мүмкін, яғни қабыну үрдісі сероздыкатаральді желінсаудан флегмонаға ауысады. Инфекция лактогенді жолмен өткенде немесе цистернада бұрыннан болған сапрофитті микрофлора өзінің уыттылығын көрсете бастаса, қабыну үрдісі цистерна мен сүт жолдарының, одан кейін альвеолалардың кілегейлі қабатының қабынуымен сипатталады. Әдетте мұндай жағдайда қабыну үрдісі желіннің бір ширегімен ғана шектеледі. Желінсау кезінде патологиялық үрдіс бір түрден екінші түрге тез ауысып, өте жылдам өзгеріп дамып отырады. Басқа органдағыдай мұнда да қан айналу үрдісі бұзылып, қан тамырларының тығыздығы нашарлағандықтан әрі тамыр ішіндегі қысым күшейгендіктен қанның сұйық бөлігі тамыр сыртындағы дәнекер ұлпаға біртіндеп шыға бастайды, сол жерге лейкоциттер жиналады, ұлпаның қалыпты жағдайдағы биохимиялық үрдістері бұзылады, онкотикалық және осмостық қысым көтеріледі, жүйке талшықтары қысылады. Сөйтіп қабыну үрдісінің негізгі белгілері (ісіну, қызару, ыстығы көтеріліп, ауырсынуы) біліне бастайды. Лимфа түйіндері алғашқы кезде өзінің қорғаныс қызметін атқарғанымен, патологиялық үрдістің қарқынды күшіне шыдай алмай, оның өзі инфекцияның таралу көзіне айналады. Патологиялық үрдіс альвеолдар мен сүт жолдарын қамтыған кезде сүттің физикалық химиялық қасиеттері өзгереді, оның құрамында әртүрлі қоспалар, лейкоциттер және эпителий торшалары көбейіп кетеді. Емдеу шаралары. Желінсауды емдеуге неғұрлым тез кірісу керек, себебі патологиялық үрдіс өте жіті қарқынды өтетіндіктен 1-2 тәуліктің өзінде-ақ желін паренхимасында қайтып, бұрынғы қалпына келмейтін өзгерістер болуы мүмкін. Ауру малды бөлектеп алып, оған қажетті жағдайларды жасау керек: тыныштық, жайлап қолмен сауу, тұрған жерін таза, құрғақ, жылы, рациондағы жем, шырынды азықтарды азайтып, сапалы пішенге көшірген дұрыс, желіннің ауырған жағын жиі-жиі сауып тастап, оны патологиялық экссудаттан тазартып отырады. Емдеу шаралары жан-жақты болып, мынандай мақсаттармен жүргізілуі керек: желінсауды қоздырғыш микробтарды жою, цистерна және сүт жолдары мен альвеолаларды патологиялық экссудаттан тазарту, желін ұлпасындағы физикалық химиялық үрдістерді, физиологиялық құбылыстарды қалпына келтіру және организмнің жалпы резистенттігін көтеру. 109 1.Этиотропты емдеу шаралары. Бұл ауыру тудырғыш микробтарды жоюға бағытталған емдеу шаралары, яғни антибиотиктер мен сульфанильамидті, нитрофуранды препараттарды қолдану деген сөз. Бұл препараттарды қолданбас бұрын микробтардың оған сезімталдығын анықтап алу керек, себебі көптеген антибиотиктер микробтардың біртүріне әсер еткенімен, басқа бір түріне әсері болмайды, тіпті кейбір микроорганизмдер антибиотиктерді өзінің өсіп-өнуі үшін қоректік зат ретінде пайдаланады. Антибиотиктердің әсері оның мөлшеріне де байланысты, қандай түрде (ерітінді, ұнтақ, эмульсия) және қандай әдіспен (аузынан ішкізу, тері астына, бұлшық етке, күретамырға егу немесе емшектің үрпісіне) жіберудің де емдік тиімділігі үшін үлкен маңызы бар. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтап болғанша көп уақыт кетеді және арнайы зертхана болмаса ондай зерттеуді кез келген шаруашылықта жүргізе алмайды, ал ауру малды емдеуге шұғыл түрде кірісу керек. Мұндай жағдайда екі-үш түрлі антибиотикті араластырып қосып жібереді немесе антибиотиктерді сульфанильамидті, нитрофунды препараттардың бірімен ұштастырып пайдаланса жақсы нәтиже береді. Қазір ондай дайын қоспа препараттар бар. Олар мастицид, мастисан А, Б, Е: пенэрин, мастаэрозол және т.б. Бұл аталған антимикробты преараттарды негізінен емшек үрпісінен жіберу арқылы қолданады. Бірақ жіті өтетін, өте ауыр желінсау кезінде емдеудің мұндай әдісі біз ойлағандай жақсы нәтиже бере бермейді. Алдымен, желіннің ісігін қайтарып, сүт жолдарын патологиялық экссудаттан босату керек. Ол үшін алғашқы 2-3 күндей желінге салқын процедуралар жасап, жиі-жиі сауып тастап отырады, ақырындап желінді уқалап массаж жасайды, экссудатты сұйылтып, жібіту үшін үрпісінен 2 %-дық сода ерітіндісін немесе 0,25 пайыздық мүсәтір ерітіндісін жібереді де, біраз уқалап сауып тастайды. Антибиотиктерді суға емес, физиологиялық ерітіндіге еріткен дұрыс және оның көлемі 100-150 мл болуы керек. Соңғы жылдары антибиотиктерді ерітуге арнайы сұйық-диметилсульфоксид (ДМСО) қолданылып жүр. Антибиотиктердің мөлшері емшектің үрпесінен жібергенде көп ғалымдардың ұйғарымы бойынша сиырлар үшін 100 000-300 000 ә.б, ал бұлшық етке салғанда 1 кг тірі салмағына есептегенде 3000-5000 ә.б болғаны дұрыс. Антибиотиктерді бұлай қолданудың бір қолайсыз жағы бар. Ол желіннің дәрі жіберілген ширегінен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру өте ауыр жағдайда өтетін болса, антибиотиктерді 500000-800000 ә.б мөлшерінде бұлшық етке салып, оған қосымша аузынан 6-10 г сульфаниламидті препаратты тәулігіне 3 рет бірнеше күн бойы ішкізеді. Кейбір жағдайда норсульфазолдің 10 пайыздық ерітіндісін 100-150 мл мөлшерінде венаға жібергеннің үлкен пайдасы бар. Антимикробты препараттар ретінде емшектің үрпесінен жіберу арқылы жаңа сауылған сүтті қолдануға болады, оның құрамында микробтарды жоятын лизоцим бар. Сол сияқты эвкалипт өсімдігінің тұнбасы, хлорофиллипт, йодвисумтсульфамид препараттары әрі арзан әрі емдік қасиеті өте жоғары. 110 Желін цистернасын, сүт жолдарын жуып шаюға антимикробтық препарат ретінде фурациллиннің 1:5000 қатынасындай, риванолдың (этакридин лактат) 1:1000, 1:1500 қатынасындай ерітіндісін қолданса да болады. 2.Физиотерапиялық емдеу шаралары. Серозді және катаралді желінсауды жаңа басталған кезінде, ешқандай дәрі қолданбай тұрғанда салқынмен емдеуге болады. Салқын температураның әсерінен қан тамырлары тарылып, қан келуі азайғандықтан қабыну үрдісі бәсеңдеп, желіннің ісінгені, қызарып ауырғаны басылады. Желіннің ауырған бөлігіне мұздай суға малынған шүберекті басады, салқын балшық жағады, қармен ысқылайды. Алғашқы 1-2 күннің ішінде ойдағыдай тиянақты нәтиже шықпаса, салқындатқыш процедураларды тоқтатып, жылыны қолдана бастайды. Жылы процедураларға су, спирт, камфора, ихтиол, араласқан компреспен емдеуді, парафин, озокерит қолдануды жатқызамыз. Парафинді қолданбас бұрын желіннің қылшық жүндерін қырқып, терісін құрғатып сүртеді. Парафин 50°-70º-80° температурасымен желіннің ауырған жеріне біртіндеп щеткамен бірнеше қабат етіп жағады, оның сыртын полиэтиленмен және мақтамен орап, емшекқап кигізіп, сиырдың арқасына таңып байлап қояды, сонда парафиннің қызуы ұзаққа сақталады, 2-3 сағаттан кейін парафинді алып тастап желінді қайтадан жылы орап қояды. Озокеритті жалпақ ыдысқа ерітіп алып, температурасын 50-55º дейін төмендетіп, бір бөлігін бел омыртқа тұсына салып, екіншісін желіннің сыртына салып байлап бекітеді. Озокериттің сыртынан кленка, мақта салып, жылы орап тастайды. Озокерит 2-6 сағатқа дейін тұрады, оны алып тастаған соң, қайтадан емшекқаппен жылы жауып байлап қояды. Жіті желінсауды 3-4 опликациямен-ақ жазып алуға болады, ал созылмалы желінсау 10-20 рет апликация жасауды қажет етеді. Желінсауды сондай-ақ М. Г. Миролюбовтың әдісімен қыздырылған тиосульфатты басу арқылы да емдейді. Тиосульфатты 48-50° дейін қыздырып полиэтиленді қапшықпен жалпақтау етіп желінге жапсырып, сыртынан мақта салып емшекқаппен таңып тастайды. Тиосульфатпен емдеуді күніне 2-3 реттен қайталап 3-4 күнге дейін жалғастыруға болады. Желінсауды емдеуде ультракүлгінді, инфрақызылды сәулелерді қолданудың да үлкен пайдасы бар.Ол үшін сынап-кварц шамдары ПРК-2, ПРК-4, ПРК-5 және Солюкс шамдары қолданылады. Мұндай шамдарды желінге 60-70 см қашықтықта орнатып, 20-40 минут бойы қыздырады. Бұл сәулелердің әсерінен қан айналу, зат алмасу процесстері күшейіп, патологиялық экссудат азаяды, иммунобиологиялық реакциялар күшейе түседі. В. А. Акатов әріптестерімен бірге желінсауды ультрадыбыспен емдеп те жақсы нәтижелер алған. Желіннің ауырған жерін жуып-қырып, құрғатып сүрткен соң, спиртпен немесе фурациллин ерітіндісімен өңдеп, глицериннің 50 пайызды сулы ерітіндісін жағады да, ультрадыбысты аппараттың вибраторын желіннің терісіне тигізіп, секундіне 1 см жылдамдықпен жүргізіп отырады. Мұндай процедураны патологиялық процесс толығымен тоқтағанға дейін күнде қайталап 111 отырады. Бір күндік экспозиция 5-15 минутқа созылады. Жіті желінсауды емдеп шығу үшін 4-6 рет қайталау жеткілікті. Іріңді желінсау, абцесс, флегмонаны емдеуге 10-15 рет қайталау қажет болады. Малды суалту кезінде пайда болған желінсауды, жасырын өтетін желінсауды (субклиникалық желінсау), серозды және катаральді желінсауды емдегенде массаж жасау (уқалау) пайдалы. Ол қан айналу, зат алмасу үрдістерін күшейтіп, патологиялық экссудаттың тезірек ыдырап-сіңіп кетуіне мүмкіндік туғызады. Тек іріңді-катаральді, фибринозды, геморрагиялық желінсауға, абсцесс пен флегмонаға массаж жасауға болмайды. Массаж сипалаудан бастайды, одан кейін жайлап түрткілеп, қақпақылдайды, астынан жоғары қарай көтеріп түсіреді, саусақты терең батырып уқалайды, жиі-жиі сауып тастап отырады. Массажды күніне 10-15 минуттан 2-3 рет қайталап отырады. Массаж жасаған кезде желін терісіне йод, камфора араласқан майларды жағып ысқылаған жақсы. Массаждан кейін желінді жылы орап байлап қояды, 6-8 сағаттан кейін желіннің терісін жылы сумен жуып, құрғатып сүртеді. 3. Патогенетикалық емдеу шаралары. Желінсауды емдегенде оның себепкер факторлерін ғана жойып қою жеткіліксіз, желін паренхимасының анатомиялық гистологиялық құрылысын, физиологиялық қызметін қалпына келтіру керек. Бұл мақсатқа патогенетикалық емдеу әдістерімен, яғни аурудың патогенезіне әсер ету арқылы жетуге болады. Патогенетикалық емдеу әдістері көп (физиотерапияның бәрі де аурудың патогенезіне әсер етеді), соның ішінде жақсы нәтиже беріп, кеңінен қолданылып жүрген әдістер новокаин тосқауылдарын қолдану болып табылады. Новокаин желіннің жүйке жүйесінің шамадан тыс тітіркенуін тоқтатады, оның орнына жүйке талшықтарының басқаша, жаңа сипаттағы тітіркенуі пайда болады да, желіннің қабынған жеріндегі зат алмасу үрдістері дұрыс жағына қарай өзгеріп, ұлпаның қоректенуінің дұрысталуына әсер етеді. Новокаин тосқауылының емдік қасиеті жіті желінсауға тиімдірек болады. Б.А.Башкиров тосқауылы. Ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1 мм инені желіннің ауырған жағынан үшінші-төртінші беломыртқаның көлденең өскіндерінің арасынан тік салып алдымен, теріні тесіп өтеді де, омыртқаның астыңғы жағына тірелгенше 55-60º көлбеумен тереңдетіп енгізеді. Малдың қоңдылығына байланысты ине 6-9 см тереңдікке енеді. Осыдан кейін инені 0,5 см кері тартып алып, оған новокаин толтырылған шприцті жалғаймыз да 0,5 пайызды ерітіндіні 80-100 мл мөлшерінде жібереміз. Ине керекті жеріне дұрыс барған болса, шприцтің поршені еркін жүріп отырады. Саулықтарға новокаиннің мөлшері 20-25 мл шамасында. И. И. Магда тосқауылы. Ұзындығы 6-7 см диаметрі 1мм инъекциялық инені сарпайдың астыңғы жағын көтеріп тұрып қасаға сүйектің иініне 1,5-2 см тереңдікке кіргізеді де, иненің ұшын оңға және солға бағытын өзгерте отырып, 15- 20 мл новокаиннің 2 пайызды ерітіндісін жібереді. Сонда 10-15 минут өткен соң, желіннің артқы жақ терісіне тарайтын сарпай аралық нерв талшықтары жансызданады. Бұл блокаданы Башкиров блокадасымен қосып жасаса, операция кезінде жақсы нәтиже береді. 112 Саулықтарға новокаиннің 1 пайызды ерітіндісін 10 мл шамасында жіберсе жетеді. Д. Д. Логвиновтың қысқа тосқауылы. Ұзындығы 12 см инені артқы жағынан, ауырған бөлігіне қарай орталық сызықтан 1-2 см оңға, не болмаса солға ауытқып құрсақ қабырғасы мен желіннің арасындағы борпылдақ тканьге 8-12 см тереңдікке кіргіземіз. Ине ауырған жағындағы алдыңғы аяқтың тізе буынына қарай бағытталады. Новокаин жіберген кезде иненің ұшын әр бағытқа бұрып өзгертіп отырамыз. Новокаиннің 0,5 процентті ерітіндісін 100-200 мл шамасында жібереді. Саулыққа инені 5-6 см тереңдікке кіргізіп новокаиннің 40-60 мл жылы ерітіндісін жіберсе жетеді. Д. Д. Логвиновтың әдісімен новокаинді құрсақ қуысына жіберу. Бұл тосқауыл жарасын (субклиникалық) желінсауды емдегенде жақсы нәтиже береді. Ұзындығы 7-8 см диаметрі 1 мм қан алатын ине мен оң жақ ашөзектің ортасына перпендикулярлы бағытпен құрсақ қабырғасын тесіп өтеді де, оған шприцті жалғап новокаиннің 10 процентті ерітіндісін 10 мл шамасында жібереміз. 4. Хирургиялық емдеу шаралары. Негізінен абсцесс және флегмонаны емдегенде қолданылады. Ірің толған қуыстарды жоғарыдан төмен қаратып тіледі, қуыстың арғы шетін жарақаттамау керек. Қуысты жарып ішіндегі іріңді шығарғаннан кейін, орнына ақ стрептоцид ұнтағын себеді, Вишневский бальзамын жағады. Егерде абсцесстер өте тереңде орналасқан болса, оны қан алатын жуан инемен тесіп іріңді сығып шығарады немесе шприцпен сорып алады да, орнына антимикробты ерітінділер жібереді ( антибиотиктер, 1 пайызды йод, фурациллин 1:5000). Мұндай әрекетті күнде қайталауға тура келеді немесе бициллиннің мөлшерін 2-3 есе көбейтіп салса аптасына 1-2 рет тазаласа да жетеді. Егер іріңді үрдіс желіннің бір ширегін түгелдей қамтып, сепсиске айналатын қауіп төнсе, емшек үрпесінен 100 мл йодтың 5 %-дық ерітіндісін немесе өсімдік майына араластырылған скипидар жіберіп, желінге массаж жасау керек. Сөйтіп ондағы секреторлық эпителийдің қызметін мүлдем жауып тастайды. Серозды желінсау (Mastitis serosa). Желіннің бір ширегі, кейде бір жартысы түгелдей ісінген, паренхимасы тастай қатты, ұстап көргенде ыстығы көтерілгені және қатты ауыратыны байқалады. Малдың жемшөпке тәбеті болмайды, кейде дене қызуы да көтеріледі. Желіннің ауырған бөлігінен сүт азаяды, сұйықтау болып кейінірек іртік-іртік ұйынды түседі. Емдеу шаралары. Желінді астынан жоғары қарай уқалап массаж жасайды, әлсін-әлсін сауып тастап отырады. Бұлшық етке пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотиктерді 800000-1000000 ә.б. күніне 3-4 рет немесе бициллинді 600000 әб 3-4 күнде бір рет салады. Сонымен қатар аузынан 10-12 гр стрептоцид ұнтағын күніне 3 рет бөліп ішкізеді. Ауру жіті өтіп жатқан кезде желінге Д. Д. Логвиновтың қысқа тосқауылын қолданған дұрыс. Желінді камфора майымен майлап, жылы орап желінқаппен байлап тастаған жақсы, ал оның алдында қыздқыздырғыш шамдармен қыздырады, 2-3 сағатқа озокерит 113 жапсырып тартады. Рациондағы шырынды жемшөпті азайтып, суаруды да шектеген дұрыс.
Катаральді желінсау (mastitis catarrhalis). Желіннің ауырған бөлігінен сүттің орнына сұйық сарғылт түсті кілегей және ұйып қалған казеин іртіктері шығады. Егер патологиялық үрдіс альвеолдарға жетпеген болса, цистернаны сауып тазартқан соң арғы жағынан таза сүт бөлініп шығады. Көбінесе, сүт жолдарын казеин ұйындылары бітеп тастайды, сонда желіннің ауырған бөлігін ұстап қарағанда, паренхиманың тығыздығы біркелкі емес, бір жері түйін, бір жері былқылдақ болып білінеді. Паренхима онша ауырмайды, оның температурасы мен дене қызуы қалыпты жағдайда болуы мүмкін. Сүтті тұндырғанда пробирка түбінде ірің аралас шырышты тұнба түседі, бетіндегі қаймағы желім тәрізді созылып тұрады. Сиыр аурудан жазылып кеткен күннің өзінде де, оның сүттілігі бұрынғы қалпына келмейді. Емдеу шаралары. Алғашқы үш күндей әрбір алты сағат сайын 800000- 1000000 ә.б. антибиотиктердің қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай уқалап, массаж жасайды, жиі-жиі сауып тастап отырады. Антибиотиктің орнына күніне 3 рет аузынан 3-4 граммнан стрептоцид ұнтағын ішкізуге болады. Сүт жолдарын экссудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпесінен 1-2 %-дық сода ерітіндісін немесе 0,5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап, массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды. Таңертең және кешкілікте сауып болған соң емшек үрпесінен антимикробты препараттарды жіберген де пайдалы. Сонымен қатар 1-2 рет желінге Логвиновтың қысқа тосқауылын жасау керек. Желіннің ауырған бөлігіне неғұрлым жылыны (озокерит, тиосульфат, қыздырғыш шамдарды) көбірек қолданып, ихтиол, камфора майын жағып жылы орап байлап тастаса, алдыңғы жасаған емдеу шараларының нәтижесі жоғары болады. Фибринозды желінсау. (Mastitis fibrinosa). Малдың жағдайы ауыр күйзелісте, жемшөпке қарамайды, дене қызуы 40-41º дейін көтеріледі. Желін паренхимасына, сүт цистернасы мен сүт жолдары және альвеол кілегей қабығына фибрин жабысып қалыңдай береді, сүт жолдарын бітеп тастайды, тері асты борпылдақ ұлпаға сіңіп қан айналу, лимфа айналу үрдістеріне үлкен қиындық туғызады. Желіннің ауырған бөлігі үлкейген, ұстап көргенде жалпы қатты болғанымен, кейбір жерлерінің былқылдаған қуыстары білінеді. Сиыр қатты ауырсынады, тіпті артқы аяғына ақсайды, тері асты ұлпадан қытырлаған дыбыс білінеді. Сауып қарағанда, сүт орнына фибрин араласқан ірің тәрізді, сары түсті сұйық бөлініп шығады. Емдеу шаралары. Ауырған малды көп мазаламай оқшаулап ұстайды. Бұлшық етке 800000-1000 000 әб антибиотиктерді 2-3 күн бойы әрбір алты сағатта салып отырады, аузынан күніне 10-15 гр стрептоцид ұнтағын 3 бөліп ішкізеді. Венаға 40 %-дық глюкозаның 150-200 мл ерітіндісін және 10 %-дық хлорлы кальцийдің 150- 200 мл ерітіндісін қосып жібереді. Сүт цистернасын біршама сауып тазартқан соң емшек үрпесінен 100-150 мл фурациллиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаты 114 1:2000 -1:3000 немесе стрептоцидтің 2-3 %-дық ерітіндісін жібереді. Желіннің ауырған бөлігіне камфора, ихтиол майын жағып, шамдармен қыздырып, жылы орап байлап қояды. Іріңді желінсау (Mastitis parulenta). Іріңдеткіш стрептококктар мен, стафилококктардың қатысуымен катаральді және фибринозды желінсаулар іріңді желінсауға ауысады. Желіннің ауырған бөлігі үлкейген, терісі қатты керіліп, ұстағанда ауырады, қызуы көтерілген. Сауып көргенде сүттің орнына азғана іріңді экссудат бөлініп шығады. Малдың жалпы жағдайы нашар, күйзелісте, тамыр соғуы, тыныс алуы жиілеп, жемшөпке қарамай тұрып қалады, дене қызуы 40º көтеріледі. Бірнеше күннен кейін жіті процесс созылмалы түрге ауысады да, желіннің паренхимасы біртіндеп өліп, орнына дәнекер ткань пайда болады. Сондықтан желіннің ауырған бөлігі кішірейіп, қатая түседі, кейбір жерлерінде ірің толған былқылдаған қуыстар бар екендігі білінеді. Малдың клиникалық жағдайы дұрыстала бастайды. Емдеу шаралары. Жіті іріңді катаральді желінсауды (m. Catarrhalis purulenta acuta) емдеу желінді патологиялық экссудаттан босатудан басталады, яғни күніне 2-3 рет сауып тастау керек. Сүт цистернасына ішіндегі қатып қалған ұйындыларды жібіту үшін соданың 1-2 %-дық жылы ерітіндісін емшек үрпесінен 150-200 мл шамасында жібереді, оған қосымша тері астына, не болмаса бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді экссудаттан тазартқан соң, емшек үрпесінен мастикур, мастисан, мастицид дәрілерінің біреуін, не болмаса пенициллин, стрептомицин, неомицин сияқты антибиотиктердің ерітіндісін, пермаганат калий ерітіндісін 1:3000-1:5000 қатынасындай этакридин лактат 1:3000-1:5000 қатынасындай, 1-3 %-дық ихтиол ерітіндісін, 1-2 %-дық стрептоцид ерітіндісін жібереді. Малдың дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарласа бірнеше антибиотиктердің қосындысын 1 млн әб дейін күніне 2-3 рет бұлшық етке салады, венаға норсульфазолдің 100-150 мл 10 %-дық ерітіндісін жіберген де пайдалы. Ауру созылмалы түрде өткенде антибиотиктер ойдағыдай нәтиже бермейді. Сондықтан патологиялық үрдісті тоқтату үшін емшек үрпесінен 150-200 мл ляпистің 1 %-дық ерітіндісін немесе 50- 100 мл йодтың 5 %-дық ерітіндісін жібереді де, ондағы секрециялық үрдісті мүлдем тоқтатып тастайды. Іріңді желінсау абсцесс (Abscessus uberis) және флегмона (Phlegmona uberis) түрінде де өтеді. Абсцесс деп ірілі-ұсақты көптеген ірің толған қуыстардың пайда болуын айтады. Ол қуыстар желін паренхимасының беткі қабатында да, өте тереңде орналасуы да мүмкін. Ұстап сипап көргенде, олар былқылдақ түйіндер ретінде білінеді, тіпті, инемен тесіп көруге де болады. Сыртқы қабатында жақын орналасқан қуыстарды тіліп-жарып іріңді эксудатты шығарып жіберіп, ішін жуыпқұрғатып, антимикробты дәрілер себеді, тереңде орналасқан қуыстарды инемен тесіп, іріңін сорып шығарып, орнына антимикробты ерітінділер жібереді (этакридин, лактат, ихтиол ерітінділері). Организмнің жалпы тонусын көтеруге венаға глюкоза мен хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосып жібереді, аутогемотерапия да пайдалы. 115 Флегмона деп тері асты борпылдақ тканьнің және альвеола аралық дәнекер тканьнің кең аумақты іріңді қабынуына ұшырауын айтады. Желіннің ауырған бөлігі немесе жартысы үлкейген, өте қатты ,ыстық, ауырсынғандықтан қол тигізбейді, дене температурасы көтерілген, жемшөпке қарамайды, мал күйзелісте, ақсаңдап жүре алмайды. Патологиялық үрдіс өте қарқынды жүретіндіктен сепсиске айналып кетуі мүмкін. Ең алдымен, малды басқа жерге оқшаулап, көп мазаламау керек. Рационнан шырынды азықтарды алып тастайды, желінді күніне 2-3 рет жайлап сауып тастап отырады, желіннің ауырған жағына ихтиол майын, йод-глицерин, камфора спиртін жағады. Құрғақ жылу қолдану әрекеттерін жасайды, ірің толған былқылдақ қуыстарды жоғарыдан төмен қаратып тіледі, жара ішіне антимикробты препараттар (стрептоцид, норсульфазол, трициллин, эмульсиялар) салып дренаж қояды. Антибиотиктерді бұлшық етке, кейде венаға да жібереді, норсульфазолдің 10 %-дық ерітіндісін 100-150 мл венаға, аортаға салады. Венаға глюкозаның 40 %-дық ерітіндісін, 150-200 мл хлорлы кальцийдің 10 %-дық ерітіндісін, 100-150 мл коффеиннің 20 %-дық ерітіндісін 10-20 мл шамасында қосып жібереді. Көп жағдайда емдеу шаралары тиісті нәтиже береді. Геморрагиялық желінсау (Mastitis haemorrhagica). Көбінесе бұзаулағаннан соңғы 1-2 күннің ішінде өрбитін ауру. Малдың жемшөпке тәбеті болмай, дене қызуы көтеріліп, емшегі түгелдей ісініп үлкейген, сыртынан терісі қызарып әр жерінен қанталаған дақтар пайда болады. Қол тигізбей ауырсынады. Сауып көргенде сүт орнына қан араласқан экссудат бөлініп шығады. Малды бөлек оқшаулап, жиі-жиі сауып тастап отырады, тері астына 10 мл коффеин жібереді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкоза ерітіндісін және 150-200 мл хлорлы кальций ерітіндісін қосып салады, бұлшық етке тәулігіне 4 рет антибиотиктер қоспасын 2-3 күн бойы салып, аузынан стрептоцид ішкізеді. Сүт жолдарында тұрып қалған экссудатты оңай шығару үшін емшек үрпесінен 100-150 мл 2-3 %-дық соданың жылы ерітіндісін жіберіп сауып тастап отырады. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып жылы орап байлап тастайды. Кейде Д. Д. Логвиновтың қысқа тосқауылын жасаған да пайдалы. Субклиникалық (жасырын) желінсау (Mastitis latentus). Ауруды зертханалық жолмен, физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруімен анықтайды. Желінге жиі-жиі массаж жасап сауып тастап отырады, жылу қолдану (озокерит, парафин, қыздырғыш шамдар, компресс) пайдалы. Бұлшық етке тәулігіне 4 рет пенициллин мен стрептомициннің әрқайсысын 800 000-1000 000 әб қосып салады. Емшек үрпесінен 150 мл жаңа сауған сүт жіберіп, 2-3 күндей қайталайды. Індеттік ауруларға тән желінсау Желін аусылы (Aphthosa ubekis). Желін терісінде ұсақ күлдіреуіктер пайда болады да, 2-3 күннен кейін олар жарылып ашық жараға ауысады. Малдың дене температурасы көтеріліп, жалпы күйзелісте болады. 116 Аусылмен күрес шараларын ұйымдастырған соң, желін жараларына дезинфекциялық май жағады, бұлшық етке антибиотиктер салып, аузынан стрептоцид ішкізеді, Логвиновтың немесе Башкировтың блокадасын жасайды. Желін актиномикозы (Actinomycosis uberis). Тері астында немесе терең паренхимада қатты іріңді түйіндер пайда болады, сыртқа жарылып шыққанымен олар жазылмайтын жараға айналады. Жараны кесіп-ойып алып тастайды, орнын йод ерітіндісімен күйдіріп, малға аузынан йодты калий препаратын ішкізеді. Желін туберкуллезі (Tuberculosis uberis). Желін үлкейген, ұстап көргенде жеке орналасқан қатты түйіндерді байқаймыз немесе қолға білінбейтін ұсақ көптеген түйіндер болады. Мұндай малды туберкуллезге тексергенде диагнозы тез анықталады. Мал туберкуллезге реакция берген болса, оны тез арада бөлек оқшаулап етке тапсырып жібереді де, орнын дезинфекциялайды. Желін индурациясы (Induratio uberis). Желін паренхимасы өліп, орнына дәнекер ткань өсіп кеткендіктен желін біршама үлкейген, барлық жағы бірдей қатты, бірақ температурасы қалыпты жағдайда, ауырмайды. Суалғаннан кейін де, желіннің көлемі үлкен болып қала береді. Малдың жалпы жағдайы өзгермеген. Индурация ешқандай емдеуге келмейтін процесс. Малды жарамсыз деп тауып етке өткізеді. Желін гангренасы (Gangrena uberis). Анаэробты микрофлораның қатысуымен желінсау гангренаға асқынып кетеді. Гангреналық үрдіс өте қарқынды өтеді, малдың дене температурасы көтерілген, қатты күйзелісте, ақсаңдап жүре алмайды. Желін терісі керіліп, кейбір жері жарылып, иісі жаман, сасық шіріген жараға айналады. Мал сепсистен өліп қалуы мүмкін. Ауру малды бөлек жерге оқшаулайды да, венаға 200-300 мл 40 %-дық глюкоза, 100-150 мл 10 %-дық хлорлы кальций және оған 5 гр уротропин қосып жібереді. Бұлшық етке пенициллин мен стрептомицинді әр қайсысын 800000 әб қосып 2-3 күн бойы тәулігіне 4 реттен салады. Аузынан стрептоцид ішкізеді, емшек үрпісінен маргенец қышқылды калийдің 1-2 %-дық ерітіндісін, люголь ерітіндісін, 3 % сутегі асқын тотығын құйғаннан кейін 10-15 минут өткен соң катетер салып қайтадан ағызып тастайды. Емдеуге келмейтін болса, желіннің шіріген бөлігін кесіп алып тастауға мәжбүр болады. Сыртқы жараларды зарарсыздандырғыш препараттармен жуып шайып тазалаған соң, антимикробты майлармен майлап қояды. Желіннің ісіп-домбығуы (Oedema uberis). Көбінесе буаздықтың соңына қарай және туғаннан кейінгі 2-3 күннің ішінде кездесетін ауру. Ісінген желіннің терісі қалыңдап, саусақпен басып көргенде орны шұңқыр болып қалады, ыстығы жоқ, ауырмайды, сәл қызарып тұрады. Сауып көргенде сүті кәдімгідей, өзгермеген. Желіннің бұлай ісінуі, мал төлдегеннен кейін бір апта, он күннің ішінде қайтып кетеді. Желінге күнде төменнен жоғары қарай массаж жасайды, венаға глюкоза және кальций глюконатын салады, сүрлем және басқа шырынды азықтарды, жем беруді азайтады. Желінді зақымданудан, өкпек желден сақтау керек, желінді емшекқаппен байлап, малды күнделікті далаға шығарып отырады. Желіннің жарақаттары (Vulnus uberis), сипатына қарай әртүрлі болады: соғылған, жыртылған, тесілген, кесілген жаралар болуы мүмкін. Соғылған жері 117 ісініп, тері астына қан ұйып қалады немесе тілінген, жыртылған жерінен қан ағып тұрады. Малды өріске жібермей оқшаулап алып қалады, соғылған жеріне алғашқыда салқын, кейіннен жылы заттар басып таңып байлап тастайды, гематома болса оны жарып, ішін тазалаған соң, стрептоцид ұнтағын себеді, кесілген, жыртылған жара болса оны антимикробты ерітінділермен мұхият жуып тазалаған соң терісін түйінді тігіспен тігеді, тек төменгі жағы қалталанып экссудат (транссудат) жиналмайтындай ету керек. Осы операцияларға кіріспей тұрып Б. А. Башкиров блокадасын жасаған дұрыс. Тесілген жарадан сүт шығып тұратын болса, оған пластикалық операция жасайды. Емшек үрпесінің тарылуы. Сауғанда сүт сыздықтап өте нашар шығады. Оның себебі емшектің қабынуы, зақымдануы немесе жиі-жиі катетр салғандықтан болуы мүмкін. Емшектің үрпесін кеңейту үшін арнайы сүт катетерін, кеңейткіштерін немесе полихлорвинильді буждарды салады. Әрбір 2-3 минут сайын бужды ауыстырып, диаметрі жуандауын салады. Емшек цистернасының тарылуы Сауғанда сүт оңай шығады, бірақ цистернаға қайтадан сүт жиналғанша көп уақыт өтеді. Ұстап қарағанда, емшек жуандаған әрі қаттылау болып, цистерна ішінде шеңберлі орналасқан түйіндер, жолақтар білінеді. Емшектің үрпісінен салған катетр бір кедергіге тірелгендей болады. Б.А. Башкиров блокадасын жасағаннан кейін емшектің үрпісінен қалқанды пышақ салып цистернаның тарылған жерін кесіп кеңейтеді. Желіннің қатерлі ісіктері. Көбінесе, ит пен мысықта кездеседі. Сиырдың желінінде кейде папиллома, цистернасында фиброма болуы мүмкін. Папилломаны түбінен жіп байлап бұрап кесіп алып тастайды да, орнын азот қышқылымен күйдіреді. Ит пен мысықта аденома, саркома жиі кездеседі, оны операция жасап алып тастайды. Лакторрея. Емшектен сүт тоқтамай өздігінен ағып тұрады. Мұндай жағдай көбінесе, желіні сыздап, сауынды кешіктергенде байқалады. Оны тоқтату үшін емшектің ұшын күнде уқалап массаж жасайды, иод ерітіндісін жағады, дәкемен тартып байлап қояды. Қанды сүт. Сауғанда барлық емшегінен қан араласқан қызғылт түсті сүт шығады. Мұндай жағдай көбінесе жаңа бұзаулаған сиырда кездеседі. Бірақ желінде қабыну белгілері (ісінген, ауырсыну, ыстығы көтерілу) байқалмайды. Мұндай сиырларды өріске жібермей алып қалады, құрғақ шөп береді, венаға хлорлы кальций ерітіндісін немесе 100-150 мл ихтиолдың 1% ерітіндісін құяды. Желін ауруларының алдын алу. Желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу ойлағандай нәтиже бермейді. Сондықтан оның алдын алатын жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек, ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, малдәрігерлік-санитарлық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын қамтиды. Атап айтқанда, жалпы зоотехникалықмалдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі. 118 1. Дұрыс азықтандыру. Рационды біріңғай жем немесе сүрлем болмай әртүрлі азықтардың құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары, А және Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе шіріген, көгерген, үсіген жем шөпті бермеу керек және жемшөптің бір түрінен екіншісіне бірден, ешқандай дайындықсыз ауыстыра сауға болмайды. 2. Дұрыс бағып күту. Малдың тұрған жері құрғақ, таза болып өкпек желден сақтау керек күнделікті таза ауаға серуендетіп келеді. Мал қорадан шыққанда, кері айдап кіргізгенде қақпадан қысылмай сүрініп жығылмай жүретіндей жағдай жасаукерек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап тұрады. 3. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әсіресе сүтті сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет тексеріп, дезинфекциялап май дәрі жағып қояды. Сауын сиырдың желінін сауар алдында 2-3 минут бұрын жуып сүртіп, уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сауу агрегаттарының тазалығына, режимнің бұзылуына көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып кейін ғана машинамен саууға ауыстырады. Сауып болған соң, сиырдың емшегін құрғатып сүртіп, майлап қояды. 4. Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тексеріп тұрады. Жемшөптің сапасын агрозертханада тексеріп, организмдегі зат алмасу құбылыстарын малдың қанын тексеру арқылы анықтап, сол экспертизалардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады. Мұнымен қатар малдәрігері сиырлардың жалпы денсаулығына, әсіресе, жыныс органдарымен ас қорыту органдарына, ферманың санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап отырады.

ІІІ.Қорытынды:


Желін аурулары өте көп, әсіресе, желінсауды емдеу ойлағандай нәтиже бермейді. Сондықтан оның алдын алатын жүйелі түрде жүргізілетін шаралардың жоспары болуы керек, ол жоспар зоотехникалық, агротехникалық, малдәрігерлік-санитарлық және шаруашылық ұйымдастыру шараларын қамтиды. Атап айтқанда, жалпы зоотехникалықмалдәрігерлік шаралар мына бағытта жүргізіледі. 118 1. Дұрыс азықтандыру. Рационды біріңғай жем немесе сүрлем болмай әртүрлі азықтардың құрамы болып, оның ішінде кальций, фосфор тұздары, А және Д витаминдері жеткілікті болуын қадағалау керек. Әсіресе шіріген, көгерген, үсіген жем шөпті бермеу керек және жемшөптің бір түрінен екіншісіне бірден, ешқандай дайындықсыз ауыстыра сауға болмайды. 2. Дұрыс бағып күту. Малдың тұрған жері құрғақ, таза болып өкпек желден сақтау керек күнделікті таза ауаға серуендетіп келеді. Мал қорадан шыққанда, кері айдап кіргізгенде қақпадан қысылмай сүрініп жығылмай жүретіндей жағдай жасаукерек. Күн сайын малдың сауырын, құйрығын тазалап тұрады. 3. Тууға 1,5-2 ай қалғанда сиырды суалту керек. Саууды бірден тоқтатуға болмайды, әсіресе сүтті сиырларды 7-8 күннің ішінде біртіндеп суалтады. Суалған малдың желінін 2-3 аптада бір рет тексеріп, дезинфекциялап май дәрі жағып қояды. Сауын сиырдың желінін сауар алдында 2-3 минут бұрын жуып сүртіп, уқалап дайындайды. Машинамен сауғанда сауу агрегаттарының тазалығына, режимнің бұзылуына көңіл бөледі. Жаңа бұзаулаған сиырды алғашқы 10 күнде қолмен сауып кейін ғана машинамен саууға ауыстырады. Сауып болған соң, сиырдың емшегін құрғатып сүртіп, майлап қояды. 4. Малдәрігерлік-санитарлық бақылау. Ай сайын сиырларды жасырын желінсауға димастинмен тексеріп тұрады. Жемшөптің сапасын агрозертханада тексеріп, организмдегі зат алмасу құбылыстарын малдың қанын тексеру арқылы анықтап, сол экспертизалардың нәтижесі бойынша рационның құрамына түзетулер енгізіп отырады. Мұнымен қатар малдәрігері сиырлардың жалпы денсаулығына, әсіресе, жыныс органдарымен ас қорыту органдарына, ферманың санитарлық жағдайына үздіксіз бақылау жасап отырады.

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер:


Ш. Қ. Қалтаев, Б. Д. Жукин, М. Н. Жоланов, Қ. У. Қойбағаров
‘ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АКУШЕРЛІК, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨБЕЮ БИОТЕХНИКАСЫ’



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет