Қазақстаның үшінші жаңаруындағы цифрлық технологиялар



Дата03.03.2020
өлшемі71,2 Kb.
#59475
Байланысты:
Адилова Диана өбөж 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ





ОБӨЖ№6



Тақырыбы: Қазақстаның үшінші жаңаруындағы цифрлық технологиялар

Орындаған: Адилова Диана



Тобы: ТОП-18-15

Тексерген: Бижанова М.

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1Цифрлық технологиялар олардың пайдалылуы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, IT бағдарламалар шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады. «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат», – деді Елбасы өзінің Жолдауында. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады. Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртінші – IT мамандарды даярлау. Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміз­дің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласына басымдық беріледі. Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады. Ауыл шаруашылығы да цифрланады Соңғы кезде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қарқынды түрде қолға алынуда. Кез келген шаруа қожалығы бір жерден басқарылатын деңгейге жеткен. Бүкіл ақпарат бір арнадан тарайды. Мамандар мұның тиімді екенін алға тартып келеді. Олардың пікірінше, саладағы өнімділікті арттыру, жұмыс күшін тиімді пайдалану, қаржы үнемдеу цифрландырумен тікелей байланысты. Осы орайда, Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев нақты жұмыстарды қолға алатынын жеткізді. Ол цифрлық технологияларды енгізу бойынша Қазақстандағы барлық шаруашылықты үш түрге бөліп қарастыру керек дейді. Яғни, базалық, жетілдірілген және цифрлық ферма. Ал еліміздегі шаруашылықтар осының соңғысына бағытталып, жұмыс істеуі керек. Нақтырақ айтқанда, базалық деңгейдегі шаруашылықтар жетілдірілген деңгейге өтуі қажет. Бұл жетілдірілген шаруашылықтар цифрлық ферманың есігін барып қағуға тиіс. «Бүгінде әлемде нақты егіншілік жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе саладағы шығынды азайтады, өнімділікті еселейді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығының нәтижелілігін арттырады. Осы орайда, базалық деңгейге жататын шаруашылықтар агроөнеркәсіп кешенінің арнайы бағдарламасы арқылы егістік алқаптарын цифрландырумен қамтамасыз етілген. Бір жыл ішінде біз осыған қол жеткіздік. Сондай-ақ, топырақтың агрохимиялық күйінің карталары жаңартылды», – деді Өмірзақ Шөкеев. Министр баяндағандай, шаруашылықтарды цифрландырудағы негізгі жұмыс әкімдіктерге артылмақ. Әкімдіктер мемлекеттік субсидиялар мен мемлекеттік қолдаулар арқылы шаруашылықтардың цифрлық дамуына қол ұшын беру еді. «Әрбір ауданда цифрлық ферма құрылуы керек. Біз мұны әкімдіктерден талап ететін боламыз. Себебі біздің фермерлер цифрлық технологияларды алдымен өз шаруашылықтарында қолданып, нәтижесін көруі керек. Бұл ретте, біз үш полигон құрдық. Олар Қаскелең агропаркінің, Шортандыдағы Бараев институтының және Қостанай облысындағы «Заречный» шаруашылығының базасында орналасқан», – деді Өмірзақ Шөкеев. Министр еліміздегі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының саны екі есе қысқаратынын айтты. «Бізде extantion жүйесі жұмыс істейді. Олар ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қайталайды. Сондықтан инстиуттардың санын екі есе қысқартамыз. Қазір бізде 23 ғылыми-зерттеу институты бар. Енді олардың 12-сі ғана қалмақ. Кейбір институттарды нығайтамыз, ал кейбірін жоямыз. Әрбір институтта Қаскелеңдегідей полигон болады», – деді Өмірзақ Шөкеев. Сондай-ақ, министр біздегі ғалымдардың жұмысына қатысты пікірін айтты. «Қаскелеңдегі базада болып, бізде ауыл шаруашылығы ғылымы бар екеніне, оның нәтиже беріп жатқанына көз жеткіздік. Қаскелеңде 50 ғалым жұмыс істейді. Практикалық тұрғыдан нәтиже көрсеткен, өз идеяларын коммерцияға айналдыра білген ғалымдарды көтермелейтін боламыз. Біздіңше, дұрыАлматыдағы «Ritz-Carlton» қонақүйінде сандық жүйені барлық салаға енгізу мәселесіне қатысты «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумы, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға жеті елдің Үкімет басшылары қатысты.

Атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстанның үкімет басшылары мен Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары бас қосты. Басқосуда негізгі тақырып мемлекеттерді цифрландыру мә­селесін кеңінен талқылады. Үкімет басшылары Еура­зия­­лық үкіметаралық кеңестің осы жылдағы алғашқы оты­ры­сына қатысты.


Форумды «CNews» басылымының бас редакторы Максим Казак ағылшын және орыс тілінде жүргізіп отырды. Ол бұл басқосудың маңызы зор екендігін, ғаламдық өзгерістер кезеңінде өтіп жатқан пікірталастар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары цифрлық технологияларды дамытудың тиімді жолдарын тауып, ол ортақ игілік үшін қызмет ететіндігін атап өтті. М.Казак: «Қазір басқа кезең жүріп жатқанын мойындауымыз керек. Мұны «Сандық революция» кезеңі дейміз. Бұл – технологиялар туралы санамызды жаңғыртатын, тіпті, түбегейлі өзгертетін сәт. Бұдан былай адамзаттың өмір сүруі ақпараттық технологияларды меңгеруімен байланысты әрі оны тиімді пайдалануында болмақ», – деді.
Форумның жұмысы төрт тақырыпқа негізделді. Бі­рін­шісі – «Инновациялар және технологиялық кәсіпкер­лік». Екіншісі – «Бастамалар мен жобалар». Үшінші – өнер­кәсіпті цифрландыру. Соңғысы – «Ауыл шаруа­шы­лы­ғының цифрлық түрленуі». Осы төрт ашық ой алаңында қызу пікірталас болды. Криптовалютаға деген кіріптарлық, ақылды технологиялар, кадр жетіспеушілігі тағы да басқа мәселелер кеңінен айтылды.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев көрші елдерден қалмай, цифрлан­дыруға бірге бара жатқанымызды, әрі бұл жолдағы пойызға кешікпей мінгенімізді жеткізді. Алдымен Үкімет басшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың форум қатысушыларына жолдаған хатын оқып берді. «Құрметті форум қатысушылары, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумына қош келдіңіздер. Әлемде жылдам әрі түбегейлі технологиялық өзгерістер дәуірі басталды. Тиімді цифрландыру шаралары ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналуда. Әлемнің озық елдері, олардың G-20 және Еуропалық одақ секілді бірлестіктері өздерінің Цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарын қабылдады. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ та 2025 жылға дейінгі Цифрлық күн тәртібін қабылдады. Бүгінгі форум аталған күн тәртібін іске асырудың маңызды қадамы. Ортақ нарықтың болуы цифрландыру мәселелерінде бірлескен тәсілдер мен шараларды әзірлеуді талап етеді. Күштерді жұмылдыру ЕуразЭҚ-тың тұтастай және әр елдің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл іс-шара қажетті шешімдерді әзірлеуге және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Форумның барлық қатысушысына жемісті еңбек және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуді тілеймін», делінген Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың хатында. Бақытжан Сағынтаев баяндамасында цифрлық күн тәртібіне байланысты Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. «Біз цифрлық күн тәртібінде осымен екінші жыл өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан электронды қызмет көрсетуді 10 жыл бұрын бастады. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын электронды форматқа көшіру. Инфрақұрылым үшін Қазақстан аумағы өте үлкен. Біз ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуді 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Халықты цифрлық қызмет түріне тарту керек, оны қолдану сәнге айналуы керек.

Біз мектеп қабырғасынан математиктер мен бағдарламашыларды әзірлеп, жоғары оқу орындарын осы салаға бағыттап жатырмыз. Инновация керек, сол үшін біз шетелдік әріптестермен қарым-қатынас орнатамыз, әсіресе цифрландыру мәселесінде бірге әре­кет ету маңызды. Сөз жоқ, әр мемлекет өзінше дамиды, дегенмен, ең маңыздысы – форумнан кейін цифрландыру саласында ынтымақтаса алуымызда болып отыр», – деді Б.Сағынтаев.


Сонымен қатар ол өз баяндамасында елімізде технологиялық кәсіпкерлікке жағдай жасалып отырғанын айтты. «ЭКСПО аумағында IT-хаб жұмысын жарты жылдан кейін іске қосамыз. Ол туралы шешім қабылданды, заң шығарылды. Ағылшын құқығындағы Астана халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заң қа­былданды, біздің IT-хаб осы орталыққа қосылды. Біз оған әлемнің дарынды адамдарын тартқымыз келеді. Сонымен қатар, біз киберқауіпсіздік туралы ұмытпауымыз керек. ЕАЭО мәселесіне келгенде біз келісімді әзірлеу барысында экономика құру саласында ғана интеграция орнатуға келіскенбіз. Бірақ, уақыт өте келе біз шекаралардың ашықтығана жетеміз, себебі, цифрлық платформада шектеу, шекара деген жоқ», – деді Б.Сағынтаев.
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде, Қазақстан биыл екінші жыл цифрлы технологияларды енгізуге күш салып жатқанын, онда тек экономика ғана емес, электронды үкімет, агросектор, көлік, энергетика, білім, кәсіпкерлік және өзге де жүйелер қамтылғанын айтты. Сондай-ақ үкімет басшысы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, еліміз алдағы төрт жылда «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламасын жүзеге асыруға 310 млрд теңге жұмсамақ. Ол соманың 169 млрд теңгесі квазимемлекеттік субьектілердің есебінен алынса, 141 миллиарды республикалық бюджеттен бөлінеді. Қазіргі таңда 15-тен астам ел сандық технологияларды қарқынды түрде қолданысқа енгізіп жатыр. Қазақстан да бес бағыт-бағдардан тұратын мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, дамудың жаңа сатысына шығуды көздеп отыр. Жоба ойдағыдай іске асса 2025 жылға қарай салық түсімін 1,7-2,2 триллион теңгеге жеткізіп, 300 мың адамды жұмыспен қамтуға жол ашылмақ.
Форумның пленарлық сессиясының жұ­мысы барысында өз пікірлерін ортаға салған Армения Республикасының премьер-Министрі Карен Карепетян, Қырғыз Респуб­ликасының премьер-министрі Сапар Исақов, Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев, Өзбекстан Рес­пуб­лика­сының премьер-министрі Абдулла Арипов, Тәжікстан Республикасы премьер-ми­нис­­­трінің орынбасары Махмадтоир Зоир Зокирзода бүгінгі жиынды жоғары дең­гей­де ұйымдастырғаны үшін ел Үкіметіне риза­шылықтарын білдіріп, мұнда талқыланған әр мәселе цифрландыру саласының дамуына серпін беретінін айтты.
Форумның тақырыптық сессиясында сөз алған ақпарат және коммуникация­лар ми­нис­трі Дәурен Абаев жаһандық деңгей­дегі бұл басқосудың Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынғанын айтып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерін кешенді цифрландыру осы жиыннан бастау алу керектігін атап өтті. «Қазақстан үшін «цифрлық алшақтық» өте өзекті мәселе. Өйткені, ресми мәлімет бойынша Қазақстан халқының 45 пайызы ауылдарда тұрады. Аумағымыз өте үлкен. Халықтың тығыздылығы да жоғары емес. Енді бұл форум біздің алдағы бірлесе жұмыс істеуіміздің бастамасы болады деп ойлаймын», – деді ол.
Хакерлерден қорғану мәселесі де форумда сөз етілді. Соңғы кездері кибершабуылдарға тек біз емес, көрші елдердің де жиі тап болып жатқаны белгілі. Бұл мәселе Қырғызстан премьер-министрін қатты алаңдатады. Сон­дықтан Сапар Исақов хакерлерден қорғану­дың бірыңғай жүйесін құру туралы ұсыныс жасады. Ал, Дмитрий Медведев криптовалюта туралы өз ойымен бөлісті. РФ премьер-министрі Д.Медведев «Криптовалюта төлем құралы ретінде сақтала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Оның бос ауа болуы мүмкін. Бір күні жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан оны халықаралық деңгейдегі төлем құралы деп қарамау керек. Не де болса, сандық жүйені тек экономика емес, барлық салаға енгізу бойынша алға қойылған жоспар көп. Оның қалай жүзеге асатынын алдағы уақытта көретін боламыз», – деп пікірін айтты.
Үкімет басшылары Еуразиялық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-саттықта кедергі бол­мауы тиіс екендігін, сондықтан оларды тез арада жою қажеттігін атап өтті. Өткен жылы 10 кедергі жойылған. Десе де, техникалық сала, тасымалдау қызметі мен кедендік реттеу бойынша күрмеуі қиын мәселелер әлі де жетерлік. Соның бірі – Еу­разиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім. Көрші мемлекетіміздің Үкімет басшысы цифрлық жүйеге түбегейлі көшу аз уақыттың шаруасы емес екенін ашық айтты.
Басқосудың салалық сессиясында сөз сөй­леген ҚР премьер-министірінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Елбасы атап өткен цифрландыру және инновацияларды енгізу – ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен халықтың өмір сапасын жақ­сартудың басты шарты екенін айтты. «Біз цифрлы экономикаға білікті кадрларды даярлау үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес білім беру жүйесін жаңартып жатырмыз. Бастауыш сыныптарда биылғы оқу жылынан бастап ақпараттық сауаттылық ережесі, бағдарламалау және робототехника сабақтары енгізіледі. Мемлекеттік қызметтің сексен пайызы электронды түрде көрсетілетін болады. Астана хабына қатысушылар үшін жақсы шарттар жасалады: тегін кеңсе, үй-жай, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) шеңберінде ағылшын заңы жұмыс істейді, салық жеңілдіктері қарастырылады және да­мыған инфрақұрылыммен қамтамасыз еті­леді. Біз Қазақстанда әлемдегі үздік әдістерді қолданбақпыз. Ол үшін біз кәсіпкерлер, сарапшылар және IT қоғамдастығының бар­лық ұсыныс-пікірлерін қарап, талқылауға дайынбыз», – деді ол.
Форумның күн тәртібінде электронды сауда, мемлекеттер арасында сандық жүйені басқару, робот жасау мен жасанды интел­лект сияқты инновациялық жобаларды эко­номикаға енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.
«POSCO ICT» компаниясының маркетинг бойынша жетекшісі Джо Сун Вон: «Қазақ елінің цифрлы жүйеге көшу бастамасы – дұрыс іс. Қазақстанның Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясын құптай­мын. Себебі, экономикалық жағынан индустрия­ландыруға маңыз беріп отыр. Бұл зауыт, фабрикалардың жұмысы. Қазір бәрі автоматтандырылып жатыр. Бірақ, техника дамыды екен деп адамдар жұмыссыз қалмауы керек. Мұндай кезде адам олардың көмекшісі болуы қажет», – деп атап өтті.
Венчурлық және стратегиялық әріптестік жөніндегі малайзиялық инновация орталығы­ның жетекшісі Афик Жохар жаңа технологияларды енгізуде Қазақстан жаңа бастамаларды қолға алғандығын, бұл үлгі боларлық іс екендігін, Қазақстан «ЭКСПО» көрмесін жо­ғары деңгейде өткізгендігін тілге тиек етті.
«Талап» қолданбалы зерттеу орталығының басшысы Рақым Ошақбаев: «Егер еліміздің ауыл шаруашылығы саласына «Индустрия 4.0» элементтерін енгізсек, көптеген күрделі мәселелер шешімін табады. Мысалы, Канада мен Австралия сияқты елдер шамамен біздің жеріміздей аймақтан екі есе артық өнім алып отыр. Өйткені, түрлі технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануда. Сондықтан бізге де аграрлық саланы толық цифрлық технологияға ауыстыру қажет», – деді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бұл тұрғыдағы бірқатар жетістіктерін саралап айтуға болады. Халықаралық рей­тингтерге сәйкес Әзербайжан онлайн қыз­меттер мен инфрақұрылымды дамыту бойынша жақсы көрсеткіштерден көрінсе, Қыр­ғызстан 2016 жылдан бастап онлайн қыз­меттер мен адами капитал бойынша көр­сеткіштерін айтарлықтай жақсартқан. Көршілес Өзбекстан да ашық деректер порталы бойынша және ТКШ, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және тағы басқа жобаларды қоғамдық талқылау жүйесін қоса алғанда бірнеше электрондық платформаларды іске қосқан. Ал халықтың технологияға қолжетімділігін қамтамасыз ету және электрондық қызметтер мен сервистер бойынша Ресейдің жақсы көрсеткішін атап айтуға болады.
Қазіргі уақытта төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын қолдану мен цифрлық салаларды дамытуға әлем елдері ерекше мән беріп отыр. Жиында сөз алған үкімет басшылары еліміздің бұл бағыттағы бастамалары көпке үлгі екенін айта келе, өз мемлекеттерінде осы сала бойынша атқарылып жатқан шаруалар тізбегіне тоқталып өтті. Беларусь үкіметінің басшысы Андрей Кобяков өз сөзінде кешегі армандауға да қорқатын жайттардың бүгін таңғажайыпқа айналғанын айтып, аталған міндеттерді соңына дейін жеткеру үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы ерекше екенін жеткізді. Оның ойынша IT кластерге басымдық беру алғашқы орында тұруға тиіс және ол үшін ЕЭО мүше елдердің даму ерекшеліктері ескерілген ортақ бағдарлама керек.
Қонақтар цифрландыру мәселесін қызу талқылады. Сандық жүйені тек барлық салаға енгізу үшін мұнда арнайы форум ұйымдастырылды. Ақылды технологиялар – аграрлық саланы дамытудың негізі. Бұл елді әлемдік нарыққа бастайтын жол. Озық технологияларды агроөнеркәсіпте және мем­лекеттік басқаруда тиімді қолдану үшін кәсіби кадрларды көптеп тарту керек. Форум­ға қатысқан отандық сарапшылар осыны айтты.
Қазіргі уақытта техника қарыштап дамыған тұста барлық саланы сандық жүйеге көшіру уақыт талабына айналғаны рас. Бұл біздің өмірімізді өзгертіп, жұмысымызды жеңілдететін қуатты күш екені Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да айрықша айтылды. Өткен жылдың күз мезгілінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО қатысушы мемлекеттердің басшылары цифрлық күн тәртібінің 2025 жылға дейінгі басты бағыттарын бекітіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы идеясын ұсынған болатын. Елбасы бастамасын қолдаған әлемдік сарапшылар бүгінгі форумды тәжірибе алмасудың ортақ алаңы деп бағалады.
Сандық технологиялар қазіргі кезде әлемде кеңінен таралуда. Алайда, оларды пайдаланудың артықшылықтары, яғни сандық дивидендтер өмір-ден кешеуілдеп орын табуда. Көп жағдайда бұл технологиялар экономиканың дамуына, қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізетіні даусыз. Алайда, өкінішке қарай, олардан келіп түсетін дивидендтер біркелкі таратылып жатқан жоқ. Сандық технологияның экономикадағы бәскелестік пен тұрғындардың тұрмысын жақ­сартудағы атқаратын жетекші рөліне айналды. Елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша экономика мен әлеуметтік салаларда сандық жүйені жетілдірудің жаңа жобасы жасалыну үстінде. Оның ішіне кең жолақты интернетке барлық аумақта қол жеткізу, заңдық құжаттарды қайта қарау, мамандарды қайта даярлау секілді басқа да бағыттар кіреді. Елбасы атап өткендей, бұл бүгінгі күннің шындығы – сапалық өсімге мүмкіндік берер даңғыл жол.
Осылайша, сарапшылар Қазақстанның бас­тамасына қолдау көрсетіп, тіпті тәжіри­белерімен бөлісуге әзір екендігін айтты. Себебі, біздің ел цифрлық қолтаңбаны қол­данып, электрондық мемлекеттік қызмет­терді оңай алып отыр. Мұны ТМД елдерінің арасында алғаш болып бастаған – Қазақстан. Ал, Елбасының тапсырмасына сай, Үкімет мемлекеттің цифрлы экономикасын дамы­тудың негізін дайындап қойды. Биылдан бастап іске асып жатыр.

с қадам осы», – деді ол. Министрдің айтуынша, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалымдар қатардағы қызметкерлермен салыстырғанда жалақыны көп алуы керек. «Бізде еңбек­ақы төлеу жүйесі түсініксіз. Егер ғалымдар 100 мың теңге айлық алатын болса, онда олардан ерекше идеялар күтудің қажеті жоқ. Мәселен, 1,5 млн теңге алатын ғалымдар бар. Міне, нағыз идеялар да солардан шығады. Біз бұл мәселені заң тұрғысынан реттейтін боламыз. Ғалымдар алдағы уақытта 1,5 млн теңгеге дейін айлық алуы әбден мүмкін», – деді Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі. Елімізде цифрландыру ісін жүргізуге жауапты Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің пікірінше, цифрландыру ауыл шаруашылығы саласындағы шығынды 25-30 пайызға қысқартып, өнімділікті 30-50 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде егістік алқаптарының электронды картасы құрылған. Онда 23 млн гектар жер қамтылған. Яғни, еліміздегі жалпы егістік алқабының 95,9 пайызы электронды картаға енгізілген. Десе де, бұған қатысты шешімін таппаған мәселелер әлі де баршылық. Ауыл шаруашылығы саласын цифрландырудың бір жемісі – электронды астық қолхаттарының енгізілуі. Жалпы, астық қолхаттарын электронды форматқа көшірудің нәтижесінде фермерлердің шығыны 700 млн теңгеге дейін төмендеген. Ал биыл операцияларды қауіпсіз ету үшін блокчейн технологиясы қолданылмақ. Еске сала кетейік, бүгінде ауыл шаруашылығы министрлігі көрсететін 101 мемлекеттік қызметтің 61-і ішінара және біреуі толықтай автоматтандырылған. Осы жылдың соңына дейін 16 қызметті, ал 2022 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр. Жалпы, 2025 жылға дейін цифрландырудың экономикалық тиімділігі 40 млрд теңгені құрамақ. Бұл болжам жүзеге аса ма, жоқ па, уақыт еншісінде.Барлық құқықтар сақталған. «Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында» деген қанатты сөзді тарих белгілі банкир Нотан Ротшильдтің аузына салды. Осыдан екі ғасыр бұрын айтылған сөз өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, күн өткен сайын өміршеңдігін айғақтай түсуде. Бүгінгі әлемнің әр қадамы ақпаратпен байланысты екенін ескерсек, оның болашағы да цифрлық ақпаратқа тәуелді болары сөзсіз. Сондықтан да, цифрлық технологиялар Елбасы айтқан төртінші өнеркәсіптік революцияның өзегіне айналды.


Мемлекет басшының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы – цифрлық технология. Біздің санамызда цифрлық технология ұғымы күнделікті пайдаланылатын компьютер немесе ұялы байланыспен шектеліп қалмауы тиіс. Инновациялық технологияның мүмкіндігі – шексіз. Соны қоғамның барлық саласына енгізетін, азаматтардың санасына жеткізетін уақыт келді.
Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын айтқанда мемлекет пен бизнес өзара әрекеттесе отырып, кәсіпкерлердің цифрлық технологияларды енгізуіне қолайлы жағдай жасау керектігін тілге тиек еткен-тін. Мемлекет басшысының тапсырмасы бүгінде жүзеге асырылып жатыр. Деректер бойынша, аймақтың білім беру саласының 48%-ы, денсаулық сақтау саласының 68%-ы цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалануда. Мәселен, біздің облыстың денсаулық сақтау саласындағы автоматты дистанционды ақпараттық жүйе – инновациялық жобалардың бірі. Облыс орталығындағы ауруханалар мен емханалар кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. «DamuMed» арнайы мобильді қосымшасының қолданушылары облыс бойынша – 60 мың. Ол арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға, зертханалық талдауларды қадағалауға, «SOS» батырмасын басу арқылы шұғыл көмек шақыруға болады. Сонымен қатар, емделушілердің электронды картасы жүргізіліп, дәрі-дәрмек жазбалары, зертхана нәтижелері электронды түрде беріледі.
Оқушылардың үлгерім журналы электронды күнделікке айналғалы көп бола қойған жоқ. Бұл e-Learning – елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған, бүгінгі күні жемісін берген жоба. Ресми деректерге сүйенсек, осы қанатқақты жоба аясында электронды күнделік жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны қазір 174 мыңнан асқан, сондай-ақ, 1,4 млн. оқушы мен 854 мыңнан астам ата-ана қолданады. Енді цифрлық технологияларды дамыту үшін ІТ мамандарын тарту және оларды даярлайтын оқу орындарының базасын нығайтуды қолға алу қажет. Бұл мәселенің шешімі Елбасы өзінің «Президенттің бес әлеуметтік басымдығы» үндеуінде айтқан оқу гранттарының санын 20 мыңға арттыру тапсырмасында жатыр. Елбасымыз: «… Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады»,– деп нақты көрсетті. Осы арқылы төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыратын, цифрлық Қазақстанды алға қарай ілгерілететін техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға басымдық берді.
Цифрлық теxнологияларды қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы ретінде айта кеткен абзал. Маңызды шешімдер қабылданғанда халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. «Ашық диалог» немесе «кері байланыс» арқылы түрлі деңгейдегі шенеуніктерге сұрақ қойып, жауабын ала аламыз. Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Оның жарқын мысалы – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Осы жүйе арқылы жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жасай аламыз. Құжат рәсімдеу, коммуналдық төлемдер, салық, айыппұл төлеу, сақтандыру және басқа да шаруаларды үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік бар. Мұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді. Бастысы – санамыз соны қабылдап, тиімділігін зерделеп, пайдасын алуға бейімделу. Цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар ары қарай жалғасып, аймақтарды толығымен қамтуы керек. Сол арқылы жұмыстың сапасы артып, сыбайлас жемқорлық тиылады. Еліміз Елбасы айқандаған «Цифрлық дәуірге» қадамды нық басыйып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер



1.turkystan.kz

2.economic . kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет