Дәріс Жүйелік бағдарламалаудың негізгі ұғымдары Кіріспе «Жүйелік бағдарламалау»


Динамикалық қосылатын библиотекалар түсінігі



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі160,45 Kb.
#194707
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
каз лекция Ж йелік ба дарламалауды негізгі ымдары

1.4 Динамикалық қосылатын библиотекалар түсінігі

«Динамикалық қосылатын библиотекалар (dynamic-link libraries, DLL)– Windows ОЖ ең алғашқы нұсқасынан бастап оның іргетасы. DLL-да Win32 API функцияларының барлығы бар. Ең мағызды үш DLL: Kernel32.dll (жадыны, үдерістерді және ағындарды басқару), User32.dll (қолданушы интерфейсін құптау, оның ішінде терезелерді құру және хабарламаларды жіберу функцияларымен байланыстыларын да) және GDI32.dll (графика және мәтінді шығару).


Windows-та функциялары мамандандырылған тапсырмаларды орындауға арналған басқа да DLL бар. Мысалы, AdvAPI32.dll, мұнда реестрмен жұмыс және оқиғаларды тіркеу объектілерін қорғауға арналған функциялар бар, ал ComCtl32.dll стандартты басқару элементтерін құптайды.
Динамикалық қосылатын библиотекалар не үшін керек? Міне, DLL қолдану керектігінің кейбір себептері ғана:

    • қосымшаның қымзететуін кеңейту. DLL-ді үдерістің адрестік кеңістігіне динамикалық түрде жүктеуге болады, ал бұл қосымшаға одан қандай әркеттер қажет екенін анықтап, керекті кодты жүктеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бір компания қандай да бір қосымшаны құрып, оның қызмет етуін басқа компаниялардың DLL есебінен кеңейте алады;

    • түрлі бағдарламалау тілдерін қолдану мүмкіндігі. Сізде қосымшаның қандай да бір бӛлігін қай тілде жазу таңдауы бар;

    • жобаны қарапайым басқару. Егер бағдарламалық ӛнімді әзірлеу барысында оның жекелеген модульдерін әртүрлі топтар құрса, онда DLL қолданған уақытта бұл сияқты жобаны басқару әлдеқайда жеңіл;

    • жадыны үнемдеу. Егер бір DLL бірнеше қосымша пайдаланса, онда оперативті жадыда оның осы қосымшалардың барлығына қолжетімді болатын бір ғана данасы сақталынады.

    • ресурстарды бӛлу. DLL-да диалогтық терезенің, жолдың шаблондары, белгілер және биттік карталар (растрлық суреттер) сияқты ресурстар болуы мүмкін. Бұл ресурстар кез келген бағдарлама үшін қолжетімді болады;

    • түрлі платформалардың ерекшеліктерімен байланысты мәселелерді шешу. Windows-тың әртүрлі нұсқаларында әртүрлі функциялар жиыны бар. Кӛбіне әзірлеушілерге олар ӛздері қолданып отырған нұсқасында бар жаңа функциялар керек. Егер бұл функциялар сіздің Windows нұсқаңызда жұмыс істемейтін болса, онда Сіз бұл сияқты қосымшаны іске қоса алмайсыз: жүктеуші оны іске қосудан бас тартады. Бірақ, егер бұл функциялар жеке библиотекада (DLL) болатын болса, онда Сіз бағдарламаны тіптен Windows ертеректегі нұсқасында да жүргізесіз (Джеффри Рихтер Мамандарға арналған Windows, 476-477 б.).






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет