Дәріс жоспары: Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру және қаржыландыру көздері


Лизингтің жалға беруден, яғни «арендадан» айырмашылығы



бет8/10
Дата25.03.2022
өлшемі45,77 Kb.
#136792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тақырып 7 Кәсіпорын және кәсіпкерлік экономикасы 2021-2022

Лизингтің жалға беруден, яғни «арендадан» айырмашылығы:
1.Қатысушы субъектілеріне байланысты болады, яғни аренда екі қатысушы (жалға алушы және жалға беруші), ал лизигте кемінде үш қатысушы болады (лизинг беруші, лизинг алушы, жабдықтаушы, несие беруші (банк)).
2.Жалға беру объектілеріне байланысты болады, яғни лизингте көбінесе құрал-жабдықтар болса, арендада – кез келген кемшіліктегі мүліктер (тұрған үйлер) болады.
Лизинг келісім шарты ұйымдастыру және оны іске асыру әрбір елдің заң базасының ерекшеліктеріне байланысты.
Біздің елімізде лизингтік қатынастар 2000 жылдың 5 шілдесінде қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» Заңға сәйкес жүргізіліп, реттеледі.
Лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингті беруші, лизинг алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизинг беруші – бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражат есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизинг алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизинг беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизинг алушы - лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік мақсаты үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға болып табылады.
Лизинг беруші - лизинг алушыға негізгі капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлем ақымен беріле отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемжілік қағидаларын іске асырады. Бірақ екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы өндірістік формадағы капиталмен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастыратын және лизингтің халық шаруашылықтағы мағынасын арттырады.
Жалпы айтқанда, банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Әсіресе несие түрлерінен коммерциялық несиеге жақын. Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтіледі. Лизингтік келісім негізінде несие-тауар формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг берушіге қайтадан лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.
Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің балама түрі болып табылатын күрделі қаржыны қаржылаудың ерекше формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтарды ескеруімен байланысты тәуекелділіктерден сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар болып табылады.
Сонымен қатар, лизингтің жалпы қызметіне байланысты оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыруға болады.
Артықшылықтары:
1) Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге мүмкіндік береді;
2) Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни ірі қаржылық ресурстарды жинақтамай-ақ жаңа өндірісті ұйымдастыруға көмектеседі;
3) Салықты лизинг беруші төлейтіндіктен, лизинг алушы салықтан босатылады. Яғни, ол тек қана амортизациялық аударымдарын жасайды (егер ол қаржылық лизинг болса) және лизингтік келісім-шартында көрсетілгендей сәйкес төлемдерін жүргізеді;
4)Маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелері шешудің жеделділігі;
5) Банк мекемесі лизинг бойынша көрсеткен қызметі үшін белгілі бір мөлшерде комиссиондық төлемдерді алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет