Несие алудың негізгі шарты: кепіл заттың болуы: жылжымайтын мүлік, автомобиль, тауар, материалдар, құрал – жабдықтар және т.б. Кепіл заттың құны банк бекіткен ішкі саясатына байланысты анықталады. Мысалы: маржа әр – түрлі банктерде 50 – 75 % мөлшерін құрайды.
Несие келесі мақсаттарда беріледі:
Тауар айналысын ұлғайту.
Айналыс капиталын толықтыру.
Өндірісті кеңейту немесе көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту.
Машина, құрал – жабдықтар, шикізат және материалдар сатып алу және өндірісті жетілдіру.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік сатып алу, салу немесе жөндеу.