6-дәріс. Тақырып: Ұйымның маркетингтік қызметін талдау
Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның маркетингтік қызметін талдау сұрақтарын жан-жақты түсіндіру
Дәріс сұрақтар:
1 Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.
2 Өнімге сұранысты және тапсырыстар портфелінің қалыптасуын талдау.
3 Сұралмаған өнім тәуекелділігін бағалау.
4 Өнімді жабдықтау нарығын талдау.
5 Баға саясатын талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
Дәрістің негізгі мазмұны
Өзін өзі қаржыландыруға жетудің қажетті шарты болып нарық жағдайында өндірістің тұтынушылар мен бәсекелестерге бағдар етуі, өзгеріп тұратын нарықтық конъюктураға икемді бейімделу табылады.
Кез келген кәсіпорын өзінің өндіріс көлемін жоспарлаудан, өндірістік қуаттылықты қалыптастырудан бұрын қандай өнімді, қандай мөлшерде, қайда және қашан және қандай баға бойынша сату керектігін анықтап алу қажет. Кез келген кәсіпорынның қызметі маркетингтік талдаудан басталады.
Маркетингтік талдау шаруашылық субъектінің маркетинг бөлімі кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеу үшін қолданады: дайын өнімді сату және шикізат нарығы, оның бәсеке қабілеттілігі, сұранысы мен ұсынысы, коммерциялық тәуекелділік, баға саясатын қалыптастыру, маркетингтік қызметтің тактикасы мен стратегиясын өңдеу.
Маркетингтік талдаудың міндеттері:
Ақпаратты жинау, сұрыптау және соңғылығы;
Фирманың өзіндік мүмкіндіктерін бағалау, талдау мен болжау.
Бәсекелестердің мүмкіндіктерін және белсенділігін бағалау және талдау.
Нарық конъюктурасын бағалау және болжау.
Сұранысты болжау, оның икемділігін бағалау.
Коммерциялық тәуекелділікті айқындау және бағалау.
Маркетингтік стратегияны негіздеу және т.б.
Маркетингтік талдау – нарықтық сұранысын есепке алат отырып, өндіріс пен сатуды реттеу құралы.
Маркетингітк талдаудың әдістері:
Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық портфель жағдайын және өзгерісін бағалау үшін қолданылады.
Статикалық әдістер, фирманың өзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін қолданылады.
Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.
Эксперттік бағалау әдісі.
Тәжірибе қисығы, өнімнің өзіндік құнының өндіріс көлемінің өсуіне кері тәуелділігін сипаттайтын модель.
Сату реакциясы қисығы.
Оқыту қисығы.
Ранжирлеу.
Маркетингтік талдаудың негізгі мақсаты - өнімге деген сұранысты зерттеу және тапсырыстар портфелін қалыптастыру. Тапсырыстар портфелінен кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оны пайдалану тиімділігі байланысты. Сондықтан да сұранысты талдау маңызды болып келеді.
Сұранысты талдау үдерісінде сұраныстың өсу қарқыны мен көлемін салыстырады. Сату көлемі төмендеген кезде бағаның өсуі тиімді болады, егер өнім бірлігіне келетін қосымша табыс шамасы өнім бірлігіне келетін қосымша шығындар мөлшерінен асатын болған жағдайда болған кезде.
Сұранысты қалыптастыру факторларын зерттеу үшін корреляциялық талдау маңызды.
Шаруашылық қызмет тәжірибесіне нақты бір өнім түріне деген сұраныстың өзгеруі кәсіпорын жалпы түсіміне қалай әсер беретінін білу маңызды:
TR=P x Q ,
Мұндағы, TR- жалпы түсім, P – тауар бағасы, Q – осы баға бойынша сатылған тауар саны.
Сұраныс икемді болған жағдайда бағаның төмендеуі сату көлемін бірден ұлғайтады. Сұраныс икемсіз болған жағдайда, бағаның төмендеуі жалпы түсімді азайтады, себебі сату көлемін кеңейту бағаның төмендеуінен болған жоғалтудың орнын толытру үшін жеткілікті болады.

Достарыңызбен бөлісу: |