Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептерге сипаттама.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп белгілі бір есептік кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен олардың пайдалануы жөнінде ақпараттар беріледі. Сол арқылы қаржылық есеп мәліметтерін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттарының табу қабілеттілігін және сол ақша қаражаттарының қандай көздерге жұмсауды қажет ететін бағыттарды анықтайды. Сонымен бірге компанияның таза табысымен және оны алумен байланысты әртүрлі түсімдер мен төлемдер арасындағы айырмашылықтарын көруге болады.
Ақаша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерді жасаудағы негізгі мақсат мыналар болып табылады:
Есептік кезең аралығында компанияға келіп түскен ақша қаражаттары мен олардың жұмсалуы туралы ақпараттар.
Есептік кезеңдегі компанияның операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.
Бухгалтерлік есеп тұрғысынан алып қарағанда АҚША – бұл компанияның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттары және банктен ашылған әртүрлі шоттардағы ақша қаражаттары болып табылады. (ағымдық, валюталық, есеп айырысу шоты, т.б.арнайы шоттар).
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы – бұл сол компанияға келіп түскен және жұмсалған ақша қаражаттары. Сондықтан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп компанияға келіп түскен және одан жұмсалынған ақшалардың негізгі көздерін көрсетеді.
Компанияның операциялық қызметті жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсету.
Операциялық қызмет – табыс алумен байланысты компанияның негізгі қызметі немесе инвестициялық және қаржылық қызметтерге жатпайтын басқа қызметі болып табылады. Компанияның операциялық қызметін жүргізу кезіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы мынандай әдістерді пайдалану арқылы анықталады:
Тікелей әдіс – бұл компанияға келіп түскен ақша қаражаттарымен төленген төлемдердің негізгі түрлерін ашып көрсететін әдіс, яғни компанияның негізгі жүргізілген шаруашылық операциялары бойынша алынған және төленген ақша қаражаттары туралы ақпараттар беріледі. Бұл әдіс арқылы әрбір ақшалай операцияның қандай қызмет түріне жататындығын анықтауға болады. Тікелей әдіс арқылы сол компанияның табыстары мен шығындары туралы есебінің баптарына түзетулер енгізуге болады (қажет болған жағдайда). Бұл жағдай өнімдерді сатудан түскен ақша қаражаттарын қажетті тауарлар мен шикізаттарды сатып алу бойынша жұмаслған барлық ақша қаражаттарын, ағымдық шығындарды несиелер бойынша сыйақыларды және бюджетке төленген төлемдерді шегеру арқылы есептелінеді.
Нәтижесінде: компанияның операциялық қызметі бойынша ақша қаражаттарының жалпы сомасы есептелінеді.
Тікелей әдісті қолданған кезде пайда болатын ақша қозғалысын төмендегідей бөліп қарастырайық.
І. Тауарларды сатудан және қызметтерден түскен ақша қаражаттары:
− тауарлы материалдық запастарды жеткізу үшін және қызметтер көрсету үшін
алынған аванстар
− дивидендтер, сыйақылар және тағы басұа түрдегі табыстар мен түсімдер.
ІІ. Ақша қаражаттарының шығуы
сатыпалынған тауардан, қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша қаражаттары
берілген аванстар
жалақы бойынша төлемдер
салықтар және тағы басқа міндетті төлемдер бойынша есеп айырысулар
сыйақы және дивидендтер төлеу
тағы басқа төлемдер
Жанама әдіс − кәсіпорын ағымдық активтер мен міндеттемелердің өзгеруіне байланысты таза табыс немесе шығын сомасы да өзгереді. Сонымен бірге, инвестициялық және қаржылық қызметтер нәтижесінде пайда болатын табыстар мен шығындар сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып, өзгерістер жасалынады. Яғни бұл әдіс есептік кезеңдегі таза табысты көрсетумен басталады және ақша қаражаттарына тікелей байланыстары жоқ сомаларға түзетулер енгізіледі. Бұл әдіс негізінен бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетілген ақпараттарға негізделеді.
Жанама әдіс арқылы табыстар мен шығындар туралы есептің әрбір баптарына өзгерістер енгізіледі. Осы әдіс негізінде таза табыс сомасы өткен кезеңмен салыстырыла отырып өзгереді.
Жанама әдісті пайдалану кезінде таза табыс (зиян) сомасына
енгізілетін өзгертулер.
I
|
Таза табыс
|
Бұл сома кәсіпорын табыстар мен шығындар туралы есебінен алынады
|
II
|
Таза табысқа түзетулер енгізілген операциялар
|
|
II.1
|
Есептелінген тозу
|
Кезең бойынша есептелінген тозу сомасы, таза табыс сомасына қосылады. Себебі, олар ақша қаражаттарына тікелей әсер етпейді.
|
II.2
|
Қысқамерзімді активтер соманың өзгеруі
|
Қысқа мерзімді активтер сомасының көбеюі, есептік кезең аралығындағы ақша қаражаттарының ағаманың азаюына алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттырының шығуын көрсетеді. Ал қысқа мерзімді активтердің азаюы ағаымдық кезеңдегі ақаша қаражаттарының көбеюіне алып келеді. Бұл кәсіпорын ақша қаражаттарының келіп түсуіне алып келеді.
|
II.3
|
Ағымдық міндеттемелердің сомасының азаюы
|
|
Инвестициялық қызмет – бұл ұзақмерзімді активтерді сатып алу және сату сонымен бірге қайтарылатын қарыздарды алу және беру қызметтері. Инвестициялық қызмет нәижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы төмендейді.
І. Ақша қаражаттарының түсуі
- компанияның материалдық емес активтерін, негізгі құрал-жабдықтарын және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатудан түскен түсімдер.
- қаржылық инвестицияларды сатудан түскен түсімдер: сыйақы, дивиденд, пайыздар.
- басқа заңды тұлғалардан қарыздар алу
- т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
- материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтар және т.б. ұзақ мерзімді активтерді сатып алу.
- қаржылық инвестициялар сатып алу
- басқа заңды тұлғаға қарыз беру
- т.б. төлемдер.
Инвестициялық қызмет компанияның бухгалтерлік балансында көрініс табады және ұзақмерзімді активтер ертінде саналады. Сонымен бірге, инвестициялық қызмет компанияның табыстар мен шығындар туралы есебінде де көрініс табады. Онда негізгі құрал жабдықтарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс немесе шығын ретінде көрсетіледі.
Қаржылық қызмет – компанияның меншік капиталымен қарызға алынған қаражаттар көлемі мен құрамында болатын өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
Компанияның қаржылық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына мынылар жатады:
І. Ақша қаражаттарының түсуі
- акцияларды және т.б. бағалы қағаздарды шығарып сатудан түсетін табыс
- банктік несиелер алу
- т.б. түсімдер
ІІ. Ақша аражаттарының шығуы
- банктік несиелерді қайтару
- өзінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алу.
- дивидендтер төлеу
- т.б. ақша қаражаттарының шығу көздері
Барлық заңды тұлғалар өзінің инвестициялық және қаржылық қызметтерінен келіп түсетін және шығатын ақша аражаттарының негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көрсетуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |