Координациялық сан (к.с.) комплекс түзушілер мен лигандтардың өлшеміне, зарядына және табиғатына байланысты; комплекстің геометриялық конфигурациясын анықтайды және 1-ден 12-ге дейінгі аралықтағы мәндері болады. Негізінде, координациялық сан комплекс түзуші зарядының екі еселенген мәніне тең: к.с. (Ме+) к.с. = 2 (сызықтық); (Ме2+) к.с. = 4 (тетраэдр, квадрат); (Ме3+, Ме4+) к.с. = 6 (октаэдр).
Мысалы: KAg+Cl2] – комплекс сызықтық, Na2Zn2+(OH)4] – тетраэдр, K3[Fe3+(CN)6], K2Pt4+Cl6] – октаэдр тәрізді.
Сыртқы сфера иондары бола алатындар:
а) s– элементтерінің иондары (Na+, K+, Н+);
б) күшті қышқылдың қышқыл қалдықтарының иондары (SO42‾, Cl‾ );
в) гидроксид иондары (ОН‾).
Достарыңызбен бөлісу: |