Тест 9 сынып ББЖМ
Нұсқаулық: Конспекті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі –тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласына ие иондары түзілетін реакциялар. Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиетіне тәуелді.
1).Суда бейтарап орта беретін тұз:
А).NaNO3
В).Na2S
С).NH4Cl
Д).K2CO3
Е).CuSO4
2).Суда ерігенде сілтілік орта түзетін зат:
А).аммоний гидроортофосфаты
В).аммоний ортофосфаты
С).аммоний дигидроортофосфаты
Д).натрий ортофосфаты
Е).алюминий ортофосфаты
3).Суда ерігенде қышқылдық орта түзетін зат:
А).натрий нитраты
В).аммоний нитраты
С).литий нитраты
Д).барий нитраты
Е).калий нитраты
4).Гидролизге ұшырамайтын тұз:
А).Аммоний нитраты
В).Кальций хлориді
С).Натрий сульфаты
Д).Аммоний ацетаты
Е).Калий ацетаты
Электролиттік диссоциация
Заттарды суда еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар – бейэлектролиттер. Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С.Аррениус салған.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.
Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады.
Ағылшын физигі М.Фарадей XІX ғасырдың 30-шы жылдары «электроилит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді.
5).Электролитке жататын затты көрсетіңіз.
А).HBr (ерітінді)
В).H2 (газ)
С).KOH (қатты)
Д).CO2 (газ)
C12H22O11 (ерітінді)
6).Бір сатылы диссоциацияланатын қосылыс:
А).Фосфор қышқылы
В).Күкіртсутек қышқылы
С).Фторсутек қышқылы
Д).Көмір қышқылы
Е).Хром қышқылы
7). Бейэлектролитке жататын зат:
А).сутек және тұз қышқылы
В).натрий хлориді және натрий гидроксиді
С).мырыш гидроксиді және сутек
Д).натрий гидроксиді және сутек
Е).тұз қышқылы және натрий хлориді
8).Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен қышқыл қалдықтары иондары түзілетін заттардың ата:
А).қышқылдар
В).қышқыл тұздар
С).орта тұздар
Д).сілтілер
Достарыңызбен бөлісу: |