Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет16/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
дәріс

Электртерістік (ЭТ) элементтің валентті электрондарын сақтап қалу қабілетін сипаттайды (электрондық тығыздықты өзіне тарту қабілеті) және сандық жағынан мынаған тең:

ИЭ + ЭТарт. = ЭТ (эВ)
Электртерістік элементтің қасиетін толығымен сипаттайды: ЭТ жоғары болған сайын, элемент жоғары дәрежеде бейметалдық қасиет көрсетеді.
(А) негізгі тобы бойынша жоғарыдан төмен ЭТ кемиді, ал период бойынша солдан оңға қарай ЭТ артады.
Электртерістілігі неғұрлым жоғары F (4,0), неғұрлым төмен – Сs, Fr (0,7). Анықтама мәліметтері бойынша, ЭТ(Me) < 2,0 эВ, ал ИЭ (б/Ме) > 2,0 эВ.
Мысалы: ЭТ(Na) = 0,9 эВ, ЭТ(Cl) = 3,0 эВ.



  • Атом радиусы (r)ядродан неғұрлым алыстағы электрондық тығыздықтың максимумына дейінгі арақашықтықтың теориялық есептелген мәні.

(А) негізгі тобы бойынша жоғарыдан төмен қарай жаңа энергетикалық деңгейлер есебінен атом радиусы (r) артады, ал период бойынша солдан оңға қарай ішкі электрондардың ядроға тартылуының күшеюі есебінен радиус кемиді.
Мысалы: r (Na) = 0,189 нм, r (Cl) = 0,099 нм;
r (Mg) = 0,160 нм, r (Ba) = 0,221 нм.



  • Элементтердің тотығу дәрежесінің (т.д.) максимал мәні валентті электрондар санымен анықталатын бір топтағы элементтер үшін тұрақты шама болып қалады, ал бір периодтағы элементтер үшін солдан оңға қарай артады.

  • Элементтің металдығы мен бейметалдығын оның гидроксидінің қышқылдық-негіздік сипаты мен жай заттардың тотықтырғыштық-тотықсыздандырғыштық қасиеттері сипаттайды.



(А) негізгі тобы бойынша жоғарыдан төмен қарай гидроксидтердің негіздік қасиеті және жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді, ал гидроксидтердің қышқылдық сипаты және жай заттардың тотықтырғыштық қасиеті әлсірейді.
Период бойынша солдан оңға қарай гидроксидтердің негіздік қасиеті және жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеті әлсірейді, ал гидроксидтердің қышқылдық сипаты және жай заттардың тотықтырғыштық қасиеті күшейеді.




Әдебиеттер




1. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.
2. Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Иманбеков Қ.И. Бейорганикалық химия. – Алматы: ҚР ЖООҚ, 2011.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет