Галендік препараттар немесе экстракциялық препараттар өндірісі
Г алендік препараттар немесе экстракциялық препараттар – дәрілік препараттардың ерекше тобы. Галендік препараттар биологиялық белсенді заттардың комплексі болып табылады. Барлық экстракциялық препараттарды алудың негізінде өсімдік және жануарлар шикізатынан дәрілік әсері бар заттарды әртүрлі еріткіштерді пайдалана отырып, оларды сығындап бөліп алу процесі жатады. Галендік препараттарды шартты түрде келесі топтарға жіктейді: тұндырмалар мен экстрактар; жаңа галендік препараттар; органдық препаратар; жас өсімдіктер шикізатынан алынған препараттар;
Экстракциялық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
Осы технологиялық сатыларда келесі негізгі операциялар жүргізіледі: өсімдік шикізатын сығындылау; сұйық фазаны қатты фазадан тұндыру, фильтрлеу, центрифугалау және престеу жолымен бөлу; экстрагентті (су, эфир, спирт, хлороформ және т.б.) буландыру немесе вакуум астында кептіру жолымен айдау.
Өсімдік шикізатын дайындау оны тиісті ұнтақтағыштарда ұнтақтаудан және елеуден тұрады, ал экстрагент ретінде физика-химиялық қасиеті әртүрлі заттар қолданылады.
Дәрілік өсімдік шикізатын майдалау, елеу, тасымалдау, салу және түсіру, сақтау кезінде жұмысшыға әсер ететін факторлардын негізгісі шаң болып табылады. Дәрілік шаң физикалық қасиетіне және химиялық құрылысына байланысты ағзаға жалпы токсикалық (улану), теріні тітіркендіру, аллергиялық әсер көрсетеді.
Галендік препараттар өндірісіндегі жұмысшының еңбек жағдайларын сауықтыру шараларына:
техникалық процестерді автоматтандыру және механизациялау;
қондырғыларды, тасымалдағыштарды және қолданылатын басқада коммуникацияларды герметизациялау;
майдалау, елеу, шикізатты салу жәнек түсіру орындарына жергілікті сору немесе тартып-сору вентиляциясын орнату;
зиянды заттардың шығарылуын және шудың көздерін ескере отырып галенді цехтардың орналасуын жоспарлау;
жұмыс кезінде жеке басты қорғау құралдарын пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |