Дәріс. Кіріспе Геоақпарат жүйелер ұғымы туралы Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (гаж)



бет12/32
Дата21.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#154279
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
1 ä?ð³ñ. ʳð³ñïå 1 Ãåîà?ïàðàò æ?éåëåð ??ûìû òóðàëû Ãåîãðàôèÿëû?
3.дәріс
ArcGIS ArcInfo (әзірлеуші фирма ESRI, АҚШ). ArcInfo Workstation и ArcInfo Desktop екі тәуелсіз бағдарламалық пакеттерінен құралған жартылай функционалдық ГАЖ. Біріншісі үш базалық модульден тұрады: ArcMap – мәліметтерді бейнелеу, редакциялау және талдау, ArcCatalog – мәліметтерге қол жеткізу және оларды басқару, ArcToolbox – кеңейтілген кеңістіктік талдау құралы, проекцияларды басқару және мәліметтерді конвертациялау. Қосымша модульдер келесі тапсырмаларды шешуді қамтамасыз етеді:
– Arc COGO – геодезиялық мәліметтері бар жұмыстарға арналған құралдар мен қызметтер жинағы;
– Arc GRID – тұрақты модульдер түрінде ұсынылған, үздіксіз таралған сандық және сапалық белгілерді талдау және басқару құралдарының, сонымен қатар күрделі процестерді үлгілеудің қуатты жинағы бар;
– ARC TIN – топографиялық беттерді үлгілеу үшін арналған;
– Arc NETWORK – кеңістіктік желілер түрінде топологиялық байланысқан объектілерді үлгілеу және талдау үшін, желі арқылы таралған ресурстарды және мұндай желілердегі процестерді бағалау және басқару үшін.
ArcInfo геоақпараттық жүйелерді құруды, жер, орман, геологиялық және басқа кадастрларды құруды және жүргізуді, көлік желілерін жобалауды, табиғи ресурстарды бағалауды қамтамасыз етеді.
ArcGIS ArcView (әзірлеуші фирма ESRI, АҚШ). Үстелдік ГАЖ, ол тұтынушыға әртүрлі геомәліметтерді таңдау және қарау, оларды редакциялау, талдау және шығару құралын ұсынады (бизнес, ғылым, білім, басқару, әлеуметтану, демография, экология, көлік, қала шаруашылығы).
ArcGis барлық өнімдері кеңістіктік талдаудың мамандандырылған тапсырмаларын шешу үшін қосымша модульдер қолданылуы мүмкін:
– ArcGIS Spatial Analyst – растрлық беттермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық модуль. Беттердің сипаттамаларын талдауға, сонымен қатар процестерді визуализациялау және талдау үшін кеңістіктік таралған мәліметтерді интерполяциялауға мүмкіндік береді;
– ArcGis 3D Analyst – үш өлшемді объектілер мен беттерді құруға, визуализациялауға және талдауға арналған бағдарлама;
– ArcGIS Geostatistical Analyst – кеңістіктік таралған мәліметтерді статистикалық талдау негізінде беттерді интерполяциялауға арналған жаңа модуль;
– ArcView реляциялық МББЖ қолдайды, мұнда дамыған іскерлік сызбалар бар (көру пішіні, кестелік пішін, диаграмма пішіні, макет құру), кәсіби картографиялық ақпараттарды құруды және өзіндік қосымшаларды әзірлеуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет