Дәріс Кіріспе. Геоэкология және табиғатты қорғау пәні. Геоэкология түсінігі. Негізгі сұрақтары



бет21/21
Дата21.09.2023
өлшемі456,44 Kb.
#181886
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Түсінігі. Негізгі сұрақтары-emirsaba.org
365075, Перечень документов для онлайн мобильности (1), 1m65cmzl3h91gt9b0xepvdoya4drpzx1ld4occ89e59a2l, Test ICT ко
Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы
барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен 
жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады.
Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық 
және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл
мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат 
корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық
жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады. 


Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор
жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке 
түрлері, үңгірлер,сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың
ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық 
мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы",
"Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы 
қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи 


резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы
ормандарды қорғау мақсатында 2003жылы "Ертіс орманы" және "Семей 
орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда
қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. 
Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға
және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді. 






Дәріс 12. Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтары.

Негізгі сұрақтары: 
1. Қорықтар мен қорықшалар 
2. Ұлттық парктер мен табиғи ескерткіштері
3. Қаумалдар мен табиғи резерваттар 

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым 


мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер


мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман 
болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен
емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-
насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде 
қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар
ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-
үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды
қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор 
болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі
Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы 
жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен
Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, 
осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен 
оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі 
дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен 
жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай
кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар 
көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-
маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені 
кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны
пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық 
мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты»
деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді 
қорыққа
айналдыру 
керек
екекнін

өмір
көрсетіп 


отыр.
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – 
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары
Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны 
көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар,
парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен 
бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді.
Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін 




ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі


айқын көрсетілген. 
1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын
қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ 
ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976
ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» 
қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың
өлкеміздегі 
қорықтардың
ғылыми-ұйымдастырушылық 
жұмыстарын
жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан 
Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып
отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын 
көрсетілген.Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы
мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-
Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл)
көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 
мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын
заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный 
перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-
өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған 
учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ
соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек 
кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен,
Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы 
аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал
мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, 
Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік
жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа 
жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740
түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, 
Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін
турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай 
бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен
шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен 
онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың
кейбіреулері 
ЮНЕСКО-ның
жанындағы 
биосфераны
қорғаудың 
халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны
азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен 
аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен
бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып 
көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор
көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи 

ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың


ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат 
пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық



шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл


мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті 
екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ
өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі 
хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы
территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге 
жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен
жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар 
аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің
барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен 
орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-
ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан 
жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай
сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-
Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-
ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. 
Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де
осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз. 
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан
Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі 
қиын.Қазақстан қорықтары . Табиғат – қоғам байлығы. Ол қашан да жер
бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Қай елде болмасын өзі мекендеген жерінің 
табиғатын қорғау басты парыз. Еліміздегі табиғат қорғаудың ең басты
саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық – барлық табиғат байлықтары қатаң 
қорғалатын арнайы белгіленген аймақ.
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. 
Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені
өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. 
Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы
мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта 
өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді
тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, 
сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы,
бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде 
Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120
млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі 
балықтар, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік 
массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын,
және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау 
мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері,
39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік 
иелерінің
қатарына 
өте
сирек

кездесетін


ақ

қарқара
жатады.

Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін
жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. 



Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы


ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның 
түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы
өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы 
жатады.Тенгіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін
құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық 
дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын
батпақты-көл ландшафт есебінде кірді. 
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды.
137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. 
Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы,
түркістан сілеусіні кіреді.Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты 
табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның
ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте 
көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың 
табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га.
Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері 
бар.Негізгі түрлері – марал, аю.Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі
ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте 
орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін
сиг-ускуч балығы тіршілік етеді. 
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223
га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. 
Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км.
Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен 
жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа
енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, 
жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы). 1992 жылы құрылған. Жалпы 
ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері,
120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және 
қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар
аударады. 
Барсакелмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің
біратаулы аралында орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі 
өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан,
жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар. 
Сонымен қатар, 1997 жылы Баян-ауыл табиғи бағы ұйымдастырылды. Оның
аумағы – 45 мың га жуық. Оны «жазық дала араындағы таулы-орманды 
оазис» деп аталады. Гранитті, желді, қарағай мен қайың орманымен
көмкерілген Баянауыл таулары Қазақ ұсаққұмды жартылайқуаң жазықтармен 
биіктейді, олардың арасында Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері
жатыр.

Бұдан басқа, Қазақстанда табиғат ресурстарының бөліктерін шектеулі





шаруашылыққа пайдалану қарастырылған режимдегі жалпы ауданы 4600 га


83 кіші қорықтар бар. Аң аулау орындары, геологиялық, ботаникалық, 
зоологиялық, көлді, батпақты, ландшафты кіші қорықтар да бар.
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер 
нысандары
қорғалатын 
және табиғи
ресурстары шектеулі 
түрде
пайдаланылатын аумақ. Ол мемлекеттің табиғи қорық қорының бір немесе 

бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша


жерінде шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде жүргізіледі. Қорықшаның 
қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек белгілі
бір бөлігі ғана қорғалады. Мыс., Қапшағай аңшылық қорық ш-нда дәрі-
дәрмектік шөптерді жинауға тыйым салынғанымен, аң аулауға рұқсат етіледі.
Олар

зоология,


ботаника, 
гидрология,
геология, 
геоморфология,
гидрогеология, топырақты, ландшафты және кешенді, жергілікті және респ. 
мәндегі Қорықша болып бөлінеді. Онда белгіленген тәртіппен ғылыми,
мәдени-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі; қ. Ботаникалық 
қорықшалар, Зоологиялық қорықшалар.
Ботаникалық 
қорықша — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек
кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру 
және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар;
олар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады. 
Республикамызда жалпы аумағы 217 мың га болатын 16 Ботаникалық
қорықша бар (1991 жылы). Олар: Орлиногор ботаникалық қорықшасы, 1971 
жылы ұйымдастырылған, аумағы 3,5 мың га, Солтүстік Қазақстан
облысының Айыртау ауданында, мұндақызыл қау, сәбізшөп сияқты дала 
өсімдіктері мен қайыңды-қарағайлы селдір орман өседі. Төменгі Тұрғысын
қорықшасы (1978 жылы; 2,2 мың га) Шығыс Қазақстан облысының Зырян 
ауданында, өсімдік жамылғысы Оңтүстік Алтай мен Күршім тауына тән.
Шыршалы-қарағайлы ормандар, бұталы өсімдіктер (Алтай доланасы, қызыл 
долана, итмұрын мен қалампыр, т.б.) өседі. Қаратал құмы қорықшасы (1978
жылы; 1,3 мың га) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, 
онда Бұқтырма бөгені жағалауының флорасы (шырғанақ, тікенжиде, т.б.)
қорғауға алынған. Қапшағай қорықшасы, Қапшағай аңшылық-қорық 
шаруашылығы құрамында ұйымдастырылған.Ақдала (1977 жылы; 3 мың
га) және Бөріжар (1977 жылы; 1,4 мың га)қорықшалары Оңтүстік Қазақстан 
облысының Бөген ауданында, Жамбыл (1977; 8,3 мың га) және Шалдар
(1977; 2,6 мың га) қорықшалары сол облыстың Бәйдібек ауданында, Темір 
қорықшасы (1977; 4 мың га) сол облыстың Отырар ауданында. Бұл
қорықшаларда — дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы 
қорғауға алынған. Үржар (1971; 120 га), Атлет (1971; 112 га), Солдат
жырасы (1971; 156 га) қорықшалары Шығыс Қазақстан облысының Үржар 
ауданында орналасқан. Оларда Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі
өседі.Тораңғылы (1971; 48 га), Бектауата (1971; 0,5 мың га) қорықшалары 
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында; Қоғашық қорықшасы (1971; 15
мың га) сол облыстың Жаңаарқа ауданында. Бұларда Балқаш көлінің 
солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы



тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша


бірлестіктері сақталған. Берікқара қорықшасы (1971; 3,1 мың га) Жамбыл 
облысының Жуалы ауданында. Онда берікқара терегі, грейк қызғалдағы және
т.б. өсімдіктер қорғауға алынған. Қара қоңыз қорықшасы (1971; 3,1 мың га) 
сол
облыстың 

Қордай
ауданында 


орналасқан.
Онда Сиверс 
алмасы, алша, жабайы жүзім, Семенов үйеңкісі және т.б. өсімдіктер өседі.
Зоологиялық қорықшалар - Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың сирек 
кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында
ұйымдастырылған арнайы 
аумақтар.
Бұл

аумақтар


шаруашылыққа 
пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады. Ең алғашқы
ұйымдастырылған 
Зоологиялық
қорықшалардың 
бірі
– Аңдасай 

қорықшасы. 2006 жылы 10 қарашада ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша


бекітілген елімізде республикалық мәні бар 33 Зоологиялық қорықшалар бар. 
Олар Ақмола облысындағы Шығыс, Бұланды, Ерейментаужәне Атбасар
қорықшалары; Ақтөбе 
облысында Торғай
қорықшасы; Алматы 
облысында Лепсі, Тоқты, Қоқан және Жоғарғы Көксу қорықшалары; Шығыс
Қазақстан 
облысында Құлжажәне Тарбағатай қорықшалары; Атырау
облысында Жаңа 
жер
қорықшасы; Жамбыл 

облысында Аңдысай


қорықшасы; Батыс Қазақстан облысында Бударин және Жалтыркөл 
қорықшалары;
Қарағандыоблысында Ақдөң, Белағаш, Қу, Бектауата, Қарағаш, Қызыларай ж
әне Ұлытау қорықшалары; Қостанай
облысында Михайловка, Тауынсор және Сарықопа 
қорықшалары; Қызылордаоблысыда Қарғалы және Тораңғылысай қорықшал
ары; Маңғыстауоблысында Ақтау – защы және Қарақия 
Қаракөл қорықшалары; Павлодар
облысында 
Қызылтау қорықшасы; СолтүстікҚазақстан
облысында Мамлют,
Смирнов және Согры қорықшалары бар


Өзін- өзі тексеру сұрақтары: 
1. Қорық түсінігі
2. Қазақтан қорықтары. Қорықтар ерекшеліктері 

3. Қорықтардың бір – бірінен айырмашылығы



http://emirsaba.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет