Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


«Тұлғаішілік конфликт» ұғымы



бет12/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)

1. «Тұлғаішілік конфликт» ұғымы
Бұрынғы көптеген көрнекті ойшылдардың пікірінше, конфликт адам ішінде болады және адам конфликтті тасымалдаушы болып табылады. Э. Шостром адамның ішкі жай-күйін демократияның екіпартиялық жүйесімен салыстырады. «Біздің әрқайсымызда екіпартиялық жүйе бар, оның бір бөлігі – билікте, ал екіншісі – адал оппозицияда»,1– дейді ол. Аталған іштей екіге бөлінушілік патология болып табылмайды, бұл – сау организмнің қалыпты жағдайын білдіреді. Алайда оппозиция тек адалдықты (сын, бақылау және т.б.) ғана емес, сонымен қатар ымырасыз күресті, яғни конфликтті білдіреді.
Осы дәрісте біз тұлғаішілік конфликттерді қарастырамыз, олардың шешімін табу алдымен, адамның өзіне, оның өзімен және қоршаған ортамен үндестікте, үйлесімде өмір сүре алу қабілетіне байланысты болып келеді. Мұндай конфликттерді «не бар және ненің болғанын қалау арасындағы» конфликттер ретінде шартты түрде белгілеуге болады. Аталған конфликттердің басқа да нұсқалары: «сіз нені қалайсыз және нені қаламайсыздың арасындағы», «кіз кімсіз және кім болғыңыз келетіні арасындағы» және т. б. Тұлғаішілік конфликттер – екі жағымды немесе екі жағымсыз тенденцияның күресі, немесе бір субъект психикасындағы жағымды және жағымсыз тенденциялардың күресі. Тенденция жағымды және жағымсыз сәттерді бір уақытта қамтитын нұсқалар да бар (мысалы, лауазымның көтерілуі ұнамсыз жаңа мекен-жайға көшуді білдіреді).
Шынайы өмірде мүмкін болған нұсқаның бірінің пайдасына, басқа нұсқаны қабыл алмай адам әрдайым таңдау жасауы керек болады. Мысалы, махаббат немесе байлық, отбасы немесе жұмыс, жеке өмір немесе мансап және т.б. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін әрдайым өзіндік «МЕНінің» ішкі күмәнін және қоршаған ортаның сыртқы қарсылығын жеңіп отыруы керек. Егер қандай да бір себептермен мақсатқа жете алмаса, адам фрустрация (психикалық жабырқаушылық, сәтсіздік) және конфликт жағдайына түседі. «Психология индивида и группы/ Жеке тұлға мен топтың психологиясы»1 кітабының авторлары фрустрацияға себеп болатын төрт жағдаятты атап көрсетті:

  • физикалық кедергі (тұтқын, қолайсыз күн райы, ақша жоқ);

  • қажеттілікті қанағаттандыру үшін объектінің жоқтығы (кофе ішкім келіп тұр, ал дүкен жабық);

  • биологиялық шектеулер (ақыл-ой кемістігі және физикалық тұрғыдан кемістігі бар адамдар);

  • әлеуметтік жағдайлар.

Фрустрациялық жағдаяттан басқа зерттеушілер психологиялық конфликтті де атап көрсетеді. Бұл әртүрлі екі талпыныстың бірін таңдау мәселесі болып табылады:

  • қажеттіліктер конфликті (өзі жегісі келіп тұр және қонаққа ұсыну да қажет);

  • әлеуметтік ереже мен қажеттілік арасындағы конфликт (махаббат және ереже);

  • әлеуметтік ережелер конфликті (дуэль және шіркеу).

  • құндылықтар конфликті;

  • құндылықтар мен ереже арасындағы конфликт;

  • құндылық пен қажеттілік арасындағы конфликт және т.б.

Тұлғаішілік конфликтінің бірі – ішкі санасыз конфликт. Оның негізінде біз ұмытып кеткен, бұрын толығымен шешілмеген кез келген конфликтті жағдаят жатыр. Санасыз деңгейде біз бұрын шешімін таппаған мәселелерді қарастырамыз, оларды қайта шешу мақсатында ескі конфликтті жағдаятты еріксіз түрде қайта орындаймыз. Санасыз түрде ішкі конфликтті қайта жаңғыртуға шешімін таппаған бұрынғы жағдаяттарға ұқсас жағдайлар себеп болады. Мысалы, бір кісіні балалық шағында шұбар бет деп мазақтаған. Есейгенде оның беті қалыпты күйге келді. Алайда әйелі кездейсоқ санасыз түрде күйеуін ескі лақап атымен атады. Күйеуінің қарқынды әрі агрессивті әрекеті нәтижесінде аталған отбасы ажырасты.
Шынайы өмірде тұлғаішілік конфликттердің ішкі және сыртқы себептері өзара байланысты болып келеді және оларды ажырату оңай емес. Мысалы, шенеунік заң, бастықтың нұсқауы, жұмыспен келушінің (шағымданушы) өтініші, өз ары мен парасаттылығы арасында таңдау жасауы қажет болады. Осыған тағы қысым жасауды, қауіп-қатерді, бопсаны, уәде мен параны да қосу керек. Қызметтегі мәселелерге отбасылық-тұрмыстық, тұрғын үй мәселесі, қаржы және т.б. мәселелер қосылуы мүмкін.
Сайысқа түсу және тайталастық біздің өміріміздің барлық саласын қамтып жатыр және бірі үшін артықшылық болып табылғаны екіншісі үшін сәтсіздік болуы мүмкін. Дұшпандық шиеленіс қорқыныш тудырады. Қорқынышқа сәтсіздік, өзін-өзі қадірлеу сезімін жоғалту қатері негіз болуы мүмкін. Нарықтық қарым-қатынас агрессивті-бәсекелестік өзара әрекетті білдіреді. Жарнама біздің қажеттіліктерімізге септігін тигізеді, ал шынайы өмір оны қанағаттандыру жолында кедергі болады. Мұндай жағдайларда адамды қоршаған орта тұлғаішілік конфликттердің негізгі қайнар көзі болып табылады.
Мінез-құлықтың бір типі көбінде тұлғаның өзіне байланысты болуы мүмкін, екіншісі – қалыптасқан жағдайға байланысты. Алайда мінез-құлықтың барлық типі әрдайым тұлға мен ортаның жемісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет