Сабақ Пәні: «Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері»



Дата10.06.2017
өлшемі256,33 Kb.
#18599
түріСабақ
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Бекітемін

Директордың әдістемелік жұмыс

жөніндегі орынбасары

______________Нуржанова Г.А.

«____» ____________2016 ж.

Ашық сабақ

Пәні: «Бухгалтерлік есеп және есеп беру негіздері»

Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары

Мамандық: 0201000 «Құқықтану»

Топ: 9ю-22
Келісілді

Экономикалық пәндер бірлестігінің төрайымы

______________Ерболатқызы Г.
Өткізген: арнайы экономикалық пәндерінің

оқытушысы____________ Ерболатқызы Г.


Орал, 2017 жыл


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бухалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарымен жұмыс жасауды үйрету, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері екі жақты жазу әдісімен жұмыс жасауды және осыған сәйкес шоттар корреспонденциясын дұрыс беруді үйрету.

Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденугге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру. Есеп шығару арқылы білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз мамандығына деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа, дәлдікке, қазіргі заманға сай ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : теориялық
Сабақтың типі: аралас

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, баяндау, пікірлесу, тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып дамыта оқыту т.б.

Көрнекіліктері: Интерактивтік тақта, үлестірме таратпа материалдар, тапсырмалар, плакаттар, мәтіндер, слайдтар, тірек-сызбалар, нормативтік құжаттар, бланкілер

Пәнаралық байланыс:  экономика негіздері

Оқыту нәтижесі: Шоттар мен екі жақты жазудың байланысын түсіне алады,шоттардың корреспонденциясын дұрыс құрады және толық талдайды. Өзін-өзі бағалай біледі.

Сабақтың технологиясы: Сындарлы оқыту теориясы


Сабақ өткізу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Журнал толтыру, білім алушылардың сабаққа қатысуын, дәрісхананың сабаққа дайындығын қадағалау және т.б.


ІІ Үй тапсырмасы

1.Сұрақ жауап





  1. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде қалай дамыды?

  2. Бухгалтерлік есептің мәні?

  3. Бухгалтерлік есептің обьектілері?

  4. Субьектінің құралдары бөліну түрлері?

  5. Бухгалтерлік баланс дегеніміз не?

2. Есептер шығару (баланс құру)




Шот №

Аталуы

Сома, теңге

2412

Ғимараттар мен құрылғылар

676600

1310

Шикізат пен материалдар

171000

1313

Отын

40000

5030

Жарғылық капиталдарға салымдар мен пайлар

960 000

3010

Қысқа мерзімді банктік қарыздар

80000

1341

Аяқталмаған негізгі өндіріс

60000

1320

Дайын өнім

55000

3350

Еңбекақы

21000

3310

Жабдықтаушылар есебі

19700

3120

Жеке табыс салығы

3000

3390

Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

4000

1030

Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаттары

77000

1010

Кассадағы ақша қаражаттары

200

1251

Есеп берілетін сома бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1118

1280

Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6782

ІІІ Негізгі бөлім.

Жаңа тақырып «Бухгалтерлік шоттардың үлгілік жоспары»



  1. Шоттар, олардың мазмұны мен құрылуы

  2. Екі жақты жазу

  3. Бухгалтерлік шоттардың үлгілік жоспары

1. Шоттар, олардың мазмұны мен құрылуы

Әрбір кәсіпорында бір айдың ішінде көптеген шаруашылық әрекеттер орындалады, сондықтан шаруашылық үдерістердің нәтижелері туралы мәліметтер алу қажет. Ал мұндай деректер күнделікті қажет болады. Осындай мәліметтерді бухгалтерлік ееп шоттар арқылы алуға болады.

Бухгалтерлік шоттар – бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық үдерістерінің құрамында болып жатқан өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі.

Шот есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы болып табылады. Әрбір шоттың атауы болады, ол шаруашылық құрал мен оның құрылу көзінің қандай топқа есепке алынатындығына байланысты болады, мысалы, “Касса”, “Есеп айырысу шоты”,  “Резерв” және т.б.

Шоттар - қажетті деректер алу мақсатымен ағымдағы есепті топтау және объектілерді бақылау тәсілі болып табылады. Оларды құралдардың әрбір түрін, олардың құралу кездерін және процесті есепте қабылданған топтастыруға сәйкес есепке алу үшін баланс баптарын дамыту ретінде ашады. 
Шоттарда есеп ақшалай өлшеммен жүргізіледі, олар активтер, капитал, міндеттемелер, сонымен қатар кірістер мен шығындарды есептеуге ашылады. Кейбір бухгалтерлік шоттарда қалдықтар болады. Актив шоттары кәсіпорынның шаруашылық құралдардың немесе мүлкін есепке алады. Бұл шоттар бойынша қалдықтар баланстың активінде бейнеленеді.
Ал капитал және міндеттемелер шоттары шаруашылық құралу көздерін есепке алуға арналған. Бұл шоттар бойынша қалдық пассивте бейнеленеді. 

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т – шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.



  • атауы;

  • сол жағы – дебет;

  • оң жағы – кредит.

Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Шоттың атауы

Дебет Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте «сальдо» деп те атайды.


Активті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:

Шот атауы

Дебет Кредит


Есептік кезең басындағы қалдық

(Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың



әсерінен сомалардың өсуі әсерінен сомалардың кемуі

Дебет бойынша айналым жиыны Кредит бойынша айналым жиыны


Есептік кезең соңындағы қалдық

(Са)

Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.

С2= С1 + Да - Ка


С2 – айдың аяғындағы қалдық;
С1– бастапқы қалдық;
Да– дебеттік айналым;
Ка – кредиттік айналым.
Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.

Пассивті шоттардағы жазбалардың сызбасы төмендегідей:


Шот атауы

Дебет Кредит


Есептік кезең басындағы қалдық (Са)

Шаруашылық операциялардың Шаруашылық операциялардың

әсерінен сомалардың кемуі әсерінен сомалардың өсуі


Дебет бойынша айналым сомасы Кредит бойынша айналым сомасы

Есептік кезең соңындағы қалдық (Са)

Пассивті шоттың қалдығын есептеу формуласы (соңғы қалдық):


СС= Сб+Ка-Да
Пассивті шотының кредитіне шаруашылық құралдарының көздерінің айдың басындағы қалдығы, көбеюі және айдың аяғындағы қалдығы көрсетіледі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі.
Сөйтіп активті шоттарда тек қана дебеттік қалдық, ал міндеттемелер шотында тек кредиттік қалдық болады

   2.Екі жақты жазу

Экономикалық табиғаты бойынша кез келген шаруашылық әрекет міндетті түрде екі жақтылығымен және өзара байланысты болуымен сипатталады. Әрбір шаруашылық әрекет екі жақты жазу әдісінің көмегімен бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде көрсетілетін екі жақты өзара байланысты болатын өзгерістер тудырады. Сондықтан әрекеттер жазылған шоттардың арасында өзара байланыс туындайды. Осы байланыс бір ғана шаруашылық әрекетін екі өзара байланысқан өзгерістерді көрсете отырып, бір шоттың дебетімен және екінші шоттың кредитімен сәйкестендіріледі.

Екі жақты жазу - әрбір шаруашылық әрекетті есепке алу нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында екі рет бірдей сомаға бір шоттың дебетінде және сонымен байланысты екінші шоттың кредитінде жазу. Екі жақты жазу әдісімен шоттар корреспонденциясы және бухгалтерлік жазбалар сияқты ұғымдар тығыз байланысты болады.

Шоттар корреспонденциясы – бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыс.

Корреспонденция әрбір жазбада корреспонденцияланатын шоттарды жазу жолымен түсіндіріледі.

Дебеттелетін, кредиттелетін шоттарды және шаруашылық операцияларының сомасын көрсету бухгалтерлік праводка деп аталады.

Бухгалтерлік жазба – бұл тіркеуге жататын шаруашылық әрекеттің сомасына дебеті мен кредиті бойынша бір мезгілде жазба жасалатын кездегі шоттар корреспонденцияларын рәсімдеу.

Қарапайым шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекет бірдей сомаға бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне ғана жазылады.

Күрделі шоттар корреспонденциясы кезінде шаруашылық әрекеттер бірдей сомаға бірнеше шоттың дебеті мен бір шоттың кредитіне немесе бір шоттың дебеті мен бірнеше шоттың кредитіне жазылады. Сондықтан, кредиттелетін шоттардың сомас дебеттелетін шоттың сомасына тең немесе дебеттелетін шоттардың сомасы кредиттелетін шоттың сомасына тең болады.



3.Шоттардың үлгілік жоспары 

Шоттар жоспары деп- бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Шоттар жоспары 8 тараудан тұрады. Арнайы тарауға сай топтастырылған шоттар негізінен орын алатын шаруашылық операцияларының экономикалық маңызына қарай жасалған. Активті қаражаттар мен мүліктер, міндеттемелер мен капитал және шаруашылық операцияларының экономикалық біртектілігін сақтау мақсатымен жасалған шоттар жоспарындағы мәліметтер мен көрсеткіштерге талдау жасау мүмкіндігі де қарастырылған. Шоттра жоспарының тараулары келесідей:

1.Қысқа мерзімді активтер

2.Ұзақ мерзімді активтер

3.Қысқа мерзімді міндеттемелер

4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

5.Капитал мен резервтер

6.Кірістер

7.Шығындар

8.Өндірістік есеп шоттары

Шоттардың Үлгі жоспары нормативтік құжат ретінде қолданылады. Шоттардың жүйеге келтірілген тізіміне қарай шаруашылық операцияларының мазмұны шоттар аралық корреспонденцияланады.

ІV Бекіту бөлімі

Практикалық тапсырмалар

Активті шот

Шоттың атауы: Кассадағы ақша қаражаттары

Ай басындағы қалдық-86300

1.Кассаға есеп айырысу шотынан ақша қаражаттары келіп түсті-145000

2.Кассадан есеп беретін тұлғаға ақша берілді-60000

3.Кассаға сатып алушылардан төлем келіп түсті-100 000

4.Кассадан еңбекақы берілді-95000

5.Кредиторларға қызметтері үшін кассадан төленді-75000

6.Қолданылмаған қалдық ақша сомасы кассаға келіп түсті-3500

7.Кассаға салымшылардан салым келіп түсті-250000

8.Патент иеленгені үшін кассадан төленді-90000

9.Кассаға аваес келіп түсті-150000

10.Мердігерлердің жұмысы үшін кассадан төленді-125000

Пассивті шот

Шоттың атауы: Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек

Ай басындағы қалдық-296400

1.Ермак жеке қожалығынан жанармай алынды-180 000

2.Жабдықтаушыларға ағымдағы шоттан төленді-150 000

3.Қайнар АҚ-нан макарон өнімдері алынды-220000

4.Жабдықтаушыларға кассадан төленді-200 000

5.Қазақтелеком АҚ-нан комуналды қызметтер үшін төлем келіп түсті-32000

6. Альтайр ЖШС-дан жөндеу жұмыстары үшін төлем келіп түсті-55000

7. Жөндеу жұмыстары үшін кассадан төленді-55000
2) Практикалық тапсырма

Кассаға ағымдағы шоттан ақша қаражаттары келіп түсті -100 000

1010

Дебет Кредит



с1- 86300

100000


С2- 186300

1030


Дебет Кредит

с1- 649000

100000

С2- 549000



№ реті

Шаруашылық операциясының мазмұны

Сома, теңге

Дебет

Кредит

1

Жабдықтаушылардан түскен шикізат пен материалдар

32000

1310

3310




12% ҚҚС сомасына

3840

1420

3310

2

Өндіріске босатылған материалдар

19000

8111

1310

3

Есеп беретін адам қоймаға кеңсе тауарларын алу, кірске алу үшін аванстық есеп ұсынды.

1000

1350

1251




Пайдаланылмаған ақша сомасын кассаға өткізді

118

1010

1251

4

Қызметкерлердің жалақысынан жеке табыс салығы ұсталынды

1600

3350

3120

5

Банктегі есеп шоттан кассаға алынған қолма қол ақша

19400

1010

1030

6

Бюджетке аударылған салықтар

4600

3120

1030

7

Кассадан берілген жалақы

19400

3350

1010

8

Жабдықтаушыларға берешекті өтеу үшін есеп шоттан аударылды

10600

3310

1030

9

Негізгі өндіріс мұқтажына босатылған отын

1470

8111

1313

10

Қысқа мерзімді кредит бойынша берешекті өтеу үшін есепшоттан аударылды

35000

3010

1030

11

Кассадан есеп беретін адамға берілді

30

1251

1010

12

Банктің қысқа мерзімді кредиті есеп айырысу шотына құйылды

120000

1030

3010

13

Есеп айырысу шотынан өзге қысқа мерзімді берешек аударылды

35000

3010

1030

14

Басқа да дебиторлардың берешегі есеп айырысу шотына келіп түсті

3852

1030

1280

15

Аяқталмаған өндірістің ай басындағы негізгі өндіріс шығындарына көшіріледі

60000

8110

1341

16

Өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару үшін материалдар бойынша шығындар негізгі өндіріс шығындарына кіреді

20470

8110

8111

17

Өндірістен шыққан дайын өнім

60470

1320

8110

18

Аяқталмаған өндірістің ай соңындағы қалдығы негізгі өндіріс есебінен шығарылады, түгендеу жолымен табылады.

20000

1341

8110

V Бөлім Қорытынды

VІ Бөлім Үй тапсырмасы

Берілген бухгалтерлік жазба бойынша шоттарды екі жақты жазбаға бөлу.
Каталог: uploads -> doc -> 0336
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0336 -> Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым
0336 -> Ербатыр ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным
0336 -> Сабақтыңтақырыбы: «Менің сүйікті тағамым. Табыс септік»
0336 -> Сабақ Тақырыбы: Мұхтар Әуезов Біржан сал Абай ауылында ( «Абай жолы» роман- эпопеясынан үзінді) Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Жабагиева Енлик Жалгасовна 2012 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет