Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Рационал сандарға амалдар қолдану тарауынан алған білімдерін қайта пысықтау, толықтыру;
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жалпы қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды математикалық дәлдікке, сауаттылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма
Көрнекілігі: ту, фигуралар, тірек-сызбалар, нақыл сөз, координаталық түзу, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Түгендеу
Сыныпты екі топқа 1. «Оң сандар»
2. «Теріс сандар»
ІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту
ІІІ. Кіріспе сөз:
Ақыл – шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық нұрын соған шашатын
ІҮ. Қызығушылықты ояту:
«Сиқырлы квадрат» сұрақтарға жауап беру
1. а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
б) 20-ға қарама-қарсы сан?
|
0-ге тең
-20
|
2. а) Теріс санға қарама-қарсы сан?
б) Оң санның модулі?
|
оң сан
сол санның өзіне тең
|
3. а) Рационал сан деген не?
б) оң санға қарама-қарсы сан?
|
бүтін, бөлшек сан
теріс сан
|
4. Теріс сандарды қосу үшін:
|
модульдерін қосу керек;
2) шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.
|
5. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу үшін:
|
1) үлкен модульден кіші модульді азайту керек;
2) шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.
|
6. Екі теріс санның бөліндісі
|
оң сан
|
7. Таңбалары әр түрлі санның көбейтіндісі мен бөліндісі
|
теріс сан
|
8. а) қарама-қарсы сандардың модульдері қандай?
б) -11-ге қарама-қарсы сан?
|
Тең
11
|
9. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?
|
Оның оң жақ шеткі координатасынан сол жақ шеткі координатасын азайту керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |