Оқшаулаудың оптималды қалыңдығын таңдау
Оқшаулау қалыңдығын таңдағанда өндіріс процессінің талаптарын ескеру керек. Оларға еңбекті қорғау, осы өндіріс түріне технико-экономикалық есептеулер арқылы анықталған нормативті жылу жоғалтулар жатады.
Өндірістік талаптарға ,мысалы, жаке абонеттерге тым ысытылған буды тасымалдағанда белгіленген температураны қамтамасыз ету жатады.
Қалыңдықты таңдауға, одан басқа, қауыпсыздық техниканың жұмыс бөлмелеріндегі оқшаулау бетінің температуралық талаптары да жатады(40-500С-тан жоғары емес).
Қысым мен температура өлшеу аспаптары
Қолдануы бойынша қысым өлшейтін аспаптардың келесі түрлері бар: абсолютты атмосфералық қысымды өлшейтін барометр, атмосфералық қысымнан артық қысымды өлшейтін манометр, атмосфера қысымынан төмен қысымды өлшейтін вакуумметр, қысым айырмашылығын өлшейтін дифференциалды манометр.
5,1 суреті – барометр манометр, вакуумметр, дифференциалды манометр- қысым айырмашылығын өлшеу үшін.
Аспаптар жұмыс істеу принципіне байланысты келесі топтарға бөлінеді: сұйықтық– қысым сұйық бағанасының биіктігімен анықталады, поршеньды– бұл аспапта қысым көлденең қимасы белгіленген поршеньде күшпен(кірмен) теңестіріледі, деформациялық – бұл аспаптарда қысым серіппе, мембрана немесе сильфонның деформация күшімен теңестіріледі, Әмбебапталған ГСП жүйесінің аспаптары(электрикалық және пневматикалық).
Мақсатық қолданысына қарай аспаптар өндірістік, тексеріс және үлгілікке бөлінеді. U-формалы сұйықтық манометрлерде берілген орта қысым немесе қысым айырмашылығы теңестіретін һ биіктікті сұйық бағанасымен анықталады(5,1 сурет).
Мұндай аспаптардық қысым өлшеу шекаралары аспаптың геометриялық өлшемдерімен және сұйық тығыздығымен анықталады, 105 Па-дан аспайды(сн. Бғ. 750 мм). U-формалы манометрлер үшін қателік +2мм ал бір құбырлы манометрлер үшін +1мм құрайды.
Деңгей өлшеуде оптикалық аспаптардың қолдануы өлшеу дәлдігін жоғарлатады. Деформациялық өлшеу аспаптар өте кең аралықта қолданады – 10-109 Па. Бұндай типті манометрлерде өте сезімтал серіппелі материалдар қолданылады. Деформациялық аспаптардығ бір түрі ол серіппе және өздігінен жазатын аспап. Өздігінен жазатын аспаптар сезімтал элемент түрінде ,жоғарға қолдану шекаралары 1-160МПа болатын, көпорамды серіппені қолданады немесе, қолданудың жоғарға шекарасы 0,06-0,6МПа, гармоникалы мембрананы қолданады.
Өздігінен жазатын аспаптар дискілі немесе ленталы диаграмманы қолданады және де бір мезгілде 1,2,3 мәнді жазады.
Диаграмманы қозғалту сағат механизмімен немесе синхронды электродвигательмен жүргізіледі.
Автоматты бақылау, сигнализациялау және реттеу мақсаттарында қысымды өлшеудің әр түрлі амалдарын қолдааы. Жергілікті бақылау көрсеткішті манометрлермен жүргізіледі; дистанциялы бақылау үшін пульттар мен щиттарда диаграммалы қағазға жазатын өз бетіме,н жазатын манометрлер қолданылады; бақылау мен қауыпты жағдайларды сигнализациялау мақсаттарында электронды контатты манометрлер қолданылады.
Манометрлердің жалпы көрінісі 5,2 суретінде көрсетілген. Қолданысына қарай манометрлердің өздерінің маркирофказы бар: вибротұрақты –МТП, МВТП; аса жоғары қысым үшін –СВ; жарылыстан қауыпсыздандырылған –ВЭ-16Р6; дәл өлшеулі – МТИ, ВТИ(класс0,6;1,0); үлгілік – МО, ВОкласс 0,4), техникалық – МТ; МОШ; ОБМ.
Қазіргі кезде өндірісте қысымды, қысым айырмашылығын, вакуумды және де басқа параметрлерді үздіксіз элктрикалық аналогты шығу сигналына айналдыратын өлшегіш түрлендіргіштің кең қолданыс алды. Бұл өлшеу аспаптары екінші ретті көрсететін орталықты бақылау мен басқару функционалды блоктары мен келтірушілер, өздігінен жазатын аспаптармен бірге жұмыс істейді. Мембраналы дифманометрларда сезімтал элемент ретінде бір-бірімен қосылған және сұйықтықпен толтырылған, екі қораптан тұратын мембраналы блок қолданылады(7,4 сурет). Бір қорап төменгі «Плюс» қорапшасында, ал екіншісі – жоғарға «минус» қорапшасында орнатылған. «Минус» камерасының ортасы екінші ретті көрсетуші немесе өздігінен жазатын аспаппен жалғасқан түрлендіргішпен қосылған. Сильфонды дифманометрлерде сезімтал элемент ретінде ішкі қуысы хабарласатын және су-глицеринді сұйықпен толған сильфон қолданады. Сильфонды дифманометрлер мембранды дифманометрлер сияқты кез-келген орталардағы қысым айырмашылықтарын өлшеуге қолданылады. МЭД типті түрлендіргіштер негізінде унификацияланған токты шығуы бар ММК, МПК, МП, ДМК типті аспаптар шығарылады. Бұл түрлендіргіштер өзінің техникалық сипаттамасымен магнит ағынын компенсациялайтын МПЭ-МИ, ДСЭ-МИ, ДМЭ-МИ және басқа типті аспаптарға жақын. Болашағы ең ашық аспап ретінде сапфирді мембранаға себілген кремнилі түрлендіргіштің тензоэффектісіне негізделген «Сапфир-22» аспабы қарастырылады. Бұл аспап басқаларымен салыстырғанда аз массаны, жоғарылау дәлдікті, вибротұрақтылықты, тұрақтылықты иелік етеді.
Шығынды белгілеу және бақылау аспабы.
Сұйық, газ немесе бу мөлшерін есептегенде екі міндет қойылады:
белгілі уақыт аралығында өлшеу аймағы арқылы өтетін зат мөлшерін есептеу– бұл жағдайда аспаптар мөлшер санағышы деп аталады.
Бір уақыт бірлігінде өлшеу аймағы арқылы өтетін зат мөлшерін анықтау– бұл жағдайда өлшегіш аспап шығын өлшеуіші деп аталады.
Қазіргі кещде шығын есептеудің 20-дан астам тәсілі бар. Ең кең қолданысты келесі шығын есептеуіштері қолданады: қысымның айнымалы өзгеруідің, қысымның тұрақты өзгеруідің, электромагнитті, тахометрлік. Зертхана практикасында қолданысты тапқан өктемді құбыр, термоанометр және де бірнеше таңбалы шығын өлшеуішті шығын өлшеу тәсілдері бар. Өндірісте ультрадыбысты және ядро-магнитті шығын өлшеуіштері қолданылады.
Шығынды тарылатын аспапта қысым айырмашылығын өлшеу арқылы өлшеу. Тарылатын аспапты шығын өлшеуіштер кең қолданыс тауып, күл шығын өлшеуіштердің 70-80 пайызын құрайды. Тарылатын аспаптар кез-келген бір фазалы орталада қолданылады, олар кез-кеглген диаметрлі құбырларда қолданылады; өлшенетін орта температурасы мен қысымы кез-келген мәнді қабылдай алады. Тарылатын өлшеуіштердің градуирланған сипаттамасы есептеу жолымен табыла алатындығы өте септі жай болып табылады. ТМД елдерінде шығарылатын аспаптар келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
- өлшенбелі орта тарылатын аспатан кейін және дейін күл құбыр көлденең қимасын толтырады;
– құбырдағы ағын – турбулентті;
ортаның фазалық жағдайы тарылатын аспап арқылы өткенде өзгермейді(сұйық буланбайды, су буы тым ысытылған боп қалады, сұйықта ерітілген ғаздар буланбайды, газдарда конденсат түзілмейді).
Тарылатын аспап маңында құбырда шаң, конденсат және т.б. заттар жиналмайды;аспаптың үстінде шығын өзгергенде оның геометриялық берілгендерін өзгертетін қалдықтар түзілмейді;
Өлшенетін орта бір фазалы немесе бір фазалыға өте ұқсас болып келуі тиіс.
Қысым өзгерісі тұрақты шығын өлшеуіштері. Қысым өзгерісі тұрақты шығын өлшеуіштер жұмысы бір мезгілде ағында орналасқан дене қозғалысында және орта шығынының өту көлденең қимасының өзгеруінде негізделген. Сонымен қатар дене(сезімтал элемент) орта ағынында қысым өзгерісі сезімтал элемент үстінде тұрақты болатындай етіп орнатылған.
Ротаметр жұмыс істеу принципі конусты шыны ротаметрлі түтік 2 ілінген күйдегі қалтқының 1 ортаның гидродинамикалық ағынының күші мен қалтқының ауырлық күшінің нәтижесіндегі қозғалу кезіндегі өту қуысының өзгеруіне негізделген(8,1 сурет).
Айналмалы қозғалыс динамикасын тудыру үшін қалтқы 1 ұшы қиғаш кесілген, бұл қалтқының түтікшенің қабырғаларына тимей центрлануын қамтамасыз етеді. Түтікшедегі шкаланың 100 бөлмесі бар. Осы шкала бойынша газдың немесе сұйықтың нақты шығыны анықталады. Егер РМ-1 типті ротаметр градуировкасында қалтқы 60 деген бөлімінде тұрса, онда ауа шығыны 1,8 м3/сағ –қа тең. Ротаметрдің шығындық сипаттамасын өзгерту үшін қалтқы массасын өзгертеді: қалтқы массы асқан сайын ротаметр көбірек шығынды өлшей алады. Бұд мақсатта қалтқыны болаттан, алюминиден, фторпласттан және эбониттан жасайды. Ротаметрдің сипаттамасы Мемстандарт органдарымен нақты әр газ үшін анықталады. Аспапты басқа газдарда қолданғанда газ тығыздығына байланысты түзетулер енгізу қажет. Ротаметр артықшылықтарын оның қарапайымдылығын, аз шығын өлшеу мүмкіндігін, агрессивті орталарда қолдануға мүмкіндігін, төмен құнын, орнату жеңілдігін жатқызуға болады. Шыны ротаметр кемшіліктеріне көрсеткіштердің жазылмауын, көрсеткіштердің қоймалжыңдыққа тәуелділігі, ортаның температурасы мен қысымы.
Достарыңызбен бөлісу: |