Дәріс Ландшафттар морфологиясы



бет1/3
Дата14.04.2022
өлшемі17,58 Kb.
#139362
  1   2   3
Байланысты:
4550672744260 Дәріс 7


Дәріс 7. Ландшафттар морфологиясы
Территориялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық-типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады. Көп жылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әртүрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын территориялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да, бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді. Ландшафттану ғылымының жергілікті геожүйелер мен ландшафттардың заңды түрде территориялық жіктелуін, яғни оның морфологиялық құрамдас бөліктерін зерттейтін ілім ландшафт морфологиясы деп аталады.
Ландшафттар морфологиялық құрылымы күрделі, әрі көп деңгейлі, оны ішкі территориялық құрылымының күрделілігі анықтайды.
Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы гидриологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын био­ценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды. Оның нақты белгілері мыналар:
1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы даралана­тын жаратылысы біртекті территория;
2) пайда болған күннен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады;
3) геологиялық құрылысында, жер бедерінде жаратылыстық айырма бол­майды. Литогенді негіз бен геоморфологиялық кешеннің өзгеріске ұшырауы ландшафтты да өзгертеді, сапасын, морфологиялық құрылымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтай түседі;
4) әрбір ландшафтты морфологиялық құрылымы қайталанбайтын тізбек­терден тұрады;
5) ландшафтты барлық құрамдас бөліктермен морфологиялық табиғат кешендерінің тізбектелуінде зоналық, бөліктік (секторлық) және биіктік белдеулік айырма болмайды, өйткені ландшафт зоналық, бөліктік және биіктік белдеулік факторлардың тұтас және қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасады.
Морфологиялық бірліктердің ішіндегі негізгілері мен тұрақтылары – қоныс пен фация.
Фация – геожүйелік иерархияның ең төменгі сатысы (категориясы). Ол тұрған жері мен өмір сүру ортасының біртектілігімен және бір био­ценозбен сипатталады. Фация бұрыннан-ақ ландшафттық түсірулер кезінде табиғи территориялық бірлік ретінде картаға түсіріліп келді, бірақ әртүрлі атпен аталады. Эпиморфа (Р.И. Аболин), элементарлық ландшафт (Б.Б. Полынов, И.М. Кра­шенинников), микроландшафт (И.В. Ларин), биогеоценоз (В.Н. Сукачев) т.б. сияқты әртүрлі атаулары бар.
Көптеген терминдер ескірді, қазір ландшафттар геохимиясында фацияларды – элементарлық ландшафт деп атайды.
Фация – тірі организмдердегі клетка тәрізді.
Фациялық деңгейде мынандай ландшафттық зерттеу жұмыстары жүр­гізіледі:
1) геожүйедегі зат және энергия айналымы мен тасымалын зерттеу;
2) тірі ағзалардың биогеохимиялық функциясын зерттеу;
3) ландшафттардың вертикальды байланысын зерттеу;
4) динамикалық ерекшеліктерін зерттеу;
5) жергілікті жердегі «нүктелік» мәліметтер жинау;
6) стационарлық ландшафттық зерттеулер жүргізу.
Фация – ашық геожүйе, ол маңындағы фациялармен тығыз қарым-қатынаста ғана өмір сүре алады.
Қарапайым геожүйе ретіндегі ландшафттың негізгі ерекшеліктері:
1) қозғалмалылығы; 2) салыстырмалы тұрақсыздығы; 3) аз уақытта өмір сүруі.
Фациялардың әр алуандығы оларды белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Фациялар түрлерінің классификациясын жасағандар: Л.Г. Раменский, Б.Б. По­лынов, М.А. Глазовская.
Б.Б. Полынов фацияларды элювиальді, супераквальды және суб­аквальды деп бөледі.
Элювиальды фациялар – көтеріңкі су айырықтық мекенжайларда (плакорларда) орналасады. Жер асты сулары өте терең орналасқандық­тан, өсімдік жамылғысы мен топырақ қабатына әсерін тигізбейді. Мұнда заттар қабаты арқылы жеткізіледі, ал шығын су ағындары арқылы жүзеге асырылады.
Супераквальды фациялар – жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан жерлерде қалыптасады. Буланудың нәтижесінде бірталай еріген қоспалар жер бетіне көтеріледі. Осыған байланысты топырақ жамылғысының жоғары қабаты химиялық элементтермен толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет