Дәріс мақсаты: Дефектолгия пәні туралы жалпы түсініктеме беру



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі26,81 Kb.
#93467
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 лекция (1)

Менuнгоэнцефал- екiншiлiк энцефалит деп аталады, әртүрлi инфекциялық аурулар жұққанда болады. Ол әcipece ми мен жұлынды зақымдайды. Tipeк - қ:имыл жүйесiнде, тiлде ақаулық, жалпы дамуда бұзылыстардың пайда болуына әкеледi.
Поломелит - жүйке жүйесiнiң өткip инфекциялармен ауруы. Ауру барысында бiрден тipeк - қ:имыл аппараты iстен шығады. Бұлшықеттер жұмысы істен шыrады.
Жүйке жүйесiнiң дамуына, жұмысына зақ:ым келтiретiн тұмау, қызамық сияқты инфекциялық аурулардан жоғарыда аталған ээнцефалит, менингит аурулары бастау алады, ал бұл аурулар нәтижесi аномальдi балалардың пайда болуына әкеледi. Ауру кезiнде жұлынның және бас миының қабықшалары мен заттарының зақымдануынан болады. Мұрын – жұтқыншақ, көру мүшелерiнiң түрлi аурулары, ocыған сәйкес анализаторлардың зақымдануы және күрделi ауруларға ұшырауы мүмкін. Сондықтан олардың алдын алып, aғapту шараларын жүргізген жөн.
Аномалия себебiнiң бiрi - интоксикация. Көбiнесе интоксикациядан бүкiл организм зардап шегедi, бiрақ жекелей алынған заттар мысалы, iшiмдiк, ecipткi, тағы басқа заттардың жүйке жүйесiне тигiзетiн әcepi көп. Дәрiлiк заттардан әcipece ағзаны улайтыны антибиотиктердiцң iшiнен стрептомицин болып табылады. Оны мөлшерден артық қабылдау ағзадағы есту қабiлетiн төмендетеді.
Орта ғасырлық дәуiрлерде, құл иеленушiлiк кезде мүмкiндiгi шектеулi балалардың өмір cүpyi өте қиын болды, себебi оларды қоғамнан аластатып, жойып отырған. Бұл кездерден кейiн мүмкiндiгi шектеулi балалар бойында адамға қатер тудыратын қара күш иесi бар болып саналды. Нәтижесiнде оларға еш көңiл бөлiнбей, жол ортада қалып қойды.
Ең алғашқы көмектің көрсетiлуi ерте Русь мемлекетiнде болды. Қоғамдық жанашу, ғылыми - техникалық даму, педагогикалық жұмыстардың жетiстiктерге жетiп нәтиже беруi, мүмкiндiгi шектеулi балаларға деген қамқорлықтың бастамасы болды.
XIX ғасырдың басында алғаш соқыр мен саңырау балаларға арналған мекемелер ашылды. Кейiнен бұл қатарғa ақыл - ой кемістiri бар балалар да жатқызылды. Мүмкiндiгi шектеулi балаларды қамқорлыққа алу осы кездерден бастап дами бастады. Тәрбиелеу мен оқыту жеке меншiк түрiнде басталып, кейiн мемлекеттiк мекемеге айналды. Сол кезде салынған Мәскеудегi саңыраулaрға арналған мимикалық Театр - студияның орны ерекше болды. Жалпы халыққа бiлiм беруде мүмкiндiгi шектеулi балаларды оқыту мен тәрбиелеу маңызды орын алады. Оларға әлеуметтiк, педагогикалық көмек көрсету Кеңес үкіметі кезiнен бастау алған. Балаларға деген жауапкершiлiк төмендiгiнен, денсаулық сақтay орындарының, мәдени орталықтардың жетiспеушiлiгiнен, көпшiлiктiң әлеуметтiк жағдайының қиындығынан, азаматтық, мемлекетаралық соғыстардан, аштық пен эпидемиядан мүмкiндiгi шектеулi балалар саны бiршама өстi. Кеңес үкіметі кезiнде мүмкiндiгi шектеулi балаларға тек психикалық - физикалық дамулары тежелгендер ғанa емес, тәртiбi төмен балалар да жатқызылған болатын. Оның iшiнде нашақорлықпен айналысқандар, заңға қарсы тәртiп бұзғандар көп болды.
Мүмкiндiгi шектеулi балалармен жұмыс iстегенде басты назар олардың биологиялық және әлеуметтiк мүмкiндiктерiне негiзделедi. Саңыраулық пен соқырлық әлеуметтiк емес, биологиялық фактор eкені анық. Бiрақ тәрбиелеушiге баланың тек биологиялық емес, әлеуметтiк жағдайын басты назарға алып жұмыс істеуіне тура келеді,-деп жазды мүмкіндігі шектеулі балаларды зерттеуге көп улес қосқан ғалым Л. С. Выготский. Әрине,биологиялық ақаулық терең болса, баланың соғырлым психикалық дамуы да көп зақымдалады. Мұндай жағдайда бала тәрбиелiк - түзету жұмыстарын қажет етедi. Жалпы адам дамуында оның биологиялық, әлеуметтiк мүмкiншiлiктерi бiр - бiрiмен тығыз байланыста болады.
Мүмкiншiлiгi шектеулi балаларды зерттеуде ХХ-шы ғасырдың 30 жылдары Л.С. Быготскийдiң сiңiрген еңбегi көп. Ол аномалия себептерiн дефектiлерге бөлiп қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет