Дәріс мақсаты: Дефектолгия пәні туралы жалпы түсініктеме беру



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі26,81 Kb.
#93467
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 лекция (1)
1 лекция (1), Акашева Мөлдір есеп беру

«Дефектологияның ғылым ретінде құрылуы және даму тарихы
Дәріс 1. «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» ПӘНІНІҢ МІНДЕТТЕРІ, НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ, ҒЫЛЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ.
Дәріс мақсаты: Дефектолгия пәні туралы жалпы түсініктеме беру;
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Дефектология ұғымына анықтама беру

  2. Аномальды бала туралы түсінік және аномальды бала дамуындағы ерекшеліктер.

  3. Дефектолгияның пәні туралы түсініктердің эволюциясы?

Дамуында ауытқулықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы ғылымның құрылуы, даму жолдары, қысқаша тарихы. Аталған балаларға көмек ету жолдарында кездескен қателер, жаңалықтар. Қазіргі кездегі дефектология ғылымының мәселелерін бағалау. Дефектологиның пәні, мақсаты, міндеттері. Дефектологияның негізгі түсініктері: тифлопед, сурдопед, олигопед, логопедия, коррекция, компенсация, адаптация т.б.
«Anomal» сөзі грек тілінен аударғанда «мүмкіндігі шектеулі» деген мағына береді.
Оған физикалық және психикалық тежелулері жалпы дамуына кедергі келтіретін балалар тобы жатады. «Дефект» - латын тілінен defectus – жетіспеушілік деген мағына береді. Белгілі жағдайда бала дамуына зиян келтіретін функция. Балада естудің екі мүшесінің біреуінде ақау болса, ол саңыраулық немесе бір көздің соқырлығы міндетті түрде жетіспеушілік дефектке әкелмейді, себебі мұндай жағдайда есту, көру сигналдары сақталып қалады.
Мұндай түрге жататын қоғам мен адамның арасындағы байланысты бұзбайды, адам қабылдай алатын қажет нәрселер, оқу мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.
Зерттеулер нәтижесі бойынша мұндай жетіспеушіліктер мүмкіндігі шектеулі балалардағы дамудың себептері бола алмайды.
Өз дәрежесіне жеткен үлкен адамның жалпы дамуында дефект болмайды. Себебі, оның психикалық дамуы қалыпты жағдайда өтеді.
Сонымен дефект нәтижесінде психикалық дамуы бұзылған және арнайы оқу мен тәрбиені қажет ететін балалар аномальды болып есептеледі.
Аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу , оларды қоғам
Аномальды бала физикалық және психикалық кешеуілдеуі бүкіл дамуына әсер еткен балалар жатады. Осындай балаларды тәрбиелеу және оқытуды қарастыратын ғылым саласы дефектология. Осындай балаларды тәрбиелеу дарадан жас ерекшеліктеріне қарай, өз бетінше өмір сүріп, жұмыс істей алғанға дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет