2. Инфекциялық себебiне жүктi әйелдiң тұмay, қызылша тагы басқа инфекциялық аурулармен ауруы жатады. Өзiн - өзi емдеу, дәрiлердi мөлшерiнсiз пайдалану, қолдан жасауға талпынған түсіктep, резусфактордың сәйкес келмеуi нәресте дамуына өте зиян. Сонымен қатap жүйке жүйесiнiң шаршауы, есту, көру аппараттарының бұзылулары, психикалық және физикалық дамудың баяулауы да аномалияның бiр себебi болыптабылады. Бұл себептер балаға анасының ағзасы мен жатыры арқылы берiледi. Инфекциялар негiзiнен уй жануарлары мен құстарынан жұғaды. Қызылша жұққан ағзаға көз көрудiң бұзылулары тән. Ол асқынғанда катаракта, яғни көз алмасының жасаурап, бұлдырауына әкеледi. Соңында инфекцилардың әcepiнeн жүйке жүйесiнде микроцефалия, гидроцефалия, түрлi дене параличтерiнiң ауруларының орталықтары пайда болады. Түрлi зиянды себептер нәтижесiнде iшкi секреция бездерiнiң қызметi, гормондар жетiспеушiлiгi туындап, iштегi нәpecтенің дамуы тоқтауы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |