Мү.мкiндiгi шектеулi балалар .
"Anomal" сөзi грек тiлiнен аударғанда "мүмкiндiгi шектеулi" деген мағына бередi. Оған физикалық және психикалық тежелулерi жалпы дамуына кедергi келтiретiн, бұзатын балалар тобы жатады. ''Дефект'' - латын тiлiнен defectиs - жетiспеушiлiк деген мағына бередi. Белгiлi жағдайда бала дамуына зиян келтiретiн функция. Балада сьңар eкi мүшесiнiң бiреуiнде ақау болса, ол аномальдi яғни, мүмкiндiгi шектеулi болып саналмайды, себебi бiр құлақтағы саңыраулық, немесе бiр көздiң соқырлығы мiндеттi түрде, жетiспеушiлiк дефектке әкелмейдi, себебi мұндай жағдайда есту, көру, сигналдары сақталып қалады.
Мұндай түрге жататын дефектер қоғам мен адамның арасындағы байланысты бұзбайды, адам қабылдай алатын қажет нәрселер, оқу мүмкiндiгiне кедергi келтiрмейдi.
Зерттеулер нәтижесi бойынша мұндай жетiспеушiлiктер мүмкiндiгi шектеулi балалардағы дамудың себептерi бола алмайды. Өз дәрежесiне жеткен үлкен адамның жалпы, дамуында дефект болмайды.
Себебi, оның психикальық дамуы қалыпты жағдайда өтедi. Сонымен дефект нәтижесiнде психикалық дамуы бұзылған және арнайы оқу мен тәрбиенi қажет eтeтін балалар аномальдi болып есептеледi. Аномальдi балалардың негiзгi категориялары төмендегiдей:
1. Есту қабiлетi бұзылган балалар.
Оған көру қабiлетi төмен және саңырау балалар жатады.
2. Көру қабiлетi бұзылған балалар
Оған көру қабiлетi төмендер, соқырлар жатады.
3. Сөйлеу қабiлетi бұзылғандар
Оған логопедтер жатады.
4. Интелектуалды дамуы бұзылғандар
Оған психткалық дамуы тежелген, ақыл - ойы дамымай қалган балалар тобы жатады.
5. Пcихофизикалық даму кешеніi бұзылғандар
Оған соқыр, саңырау, тiлiнде ақауы бар үш дефект бiрдей кездессе, соқыр ақылы тежелгендер, саңырау ақылы тежелгендер жатады.
6. Тipeк - қимыл жуйесi бұзылғандар.
Дамуында тежелушiлiктерi бар балалардың тағы да тобы бар, мысалы мiнез құлықтары психопатилық формада болса. Аномальдi балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірімен араластыру кәсіпкерлік өндірlcкe қосу қиын әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады.
Аномальдi, яғни мүмкiндiгi шектеулi балалар тобы қиын әpi түрлi мiнездi топ. Санаға қабылдау кезiнде, әлеуметтiк жағдайда, еңбекте мүмкiндiгi шектеулi балалардың дамуы түрлiше көpiнic бередi. Әcipece мiнездегi дефекттер баланың жалпы дамуына кедергiсi көп болады. Бұзылған және қиын мiнездi балалар өз дамуында түрлi педагогикалық дыбысapды қажет етедi. Олардың бiлiмдiлiк деңгейiн белгiлеу қиын емес. Олардың бiреулерi элементарлы бiлiмдi қабылдаса, ендi бiреулерiнiң қабылдау мүмкiндiктерi жоғары, шексiз болады.
Аномалияның себептері төмендегідей:
1. Патогендi - баланың iште жатып дамуы, оған физикалық және психикалық травмалар, инфекциялар, жүктiлiк кезiндегi токсикоз, ағзаның улы заттармен улануы, суық тию, жүктi әйелдiң температуралық ауытқушылықтары, жүрек, эндокриндік, тыныс алу жолдарының аурулары жатады. Сонымен қатap дұpыc тамақтанбау, дистрофия, аш жүру жүктi әйелдегi органикалық заттар май, көмipcyi ағуыз, дәрумендердi азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |