Дәріс мақсаты: объектіге бағытталған программалау түсінігін қалыптастыру, программалаудың негізгі принциптері мен қасиеттерін меңгерту, объектілер арасындағы байланыстарға түсінік Жоспар


Объектілі-бағытталған программалау тілдері



бет3/3
Дата22.02.2023
өлшемі28,41 Kb.
#169731
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
2 Дәріс.Баяділ Нұршат Ис 20-14

Объектілі-бағытталған программалау тілдері

Программаларды дайындауда объекттік тәсілді өнімді қолдану үшін осы тәсілді қолдайтын программалау тілі қажет. Яғни объектілер кластарының сипаттамасын алуға, объектілік типтердің деректерін құруға объектілерімен операциялар орындауға мүмкіндік болу керек. 
Осындай тілдердің алғашқысы барлық деректерді кейбір кластардың объектілері болып табылатын, ал кластардың жалпы жүйесі алдын-ала анықталған базалық кластардың негізінде иерархиялық құрылым сияқты салынатын SmallTalk тілі болды.
Программалау тәжірибесі бойынша программалаудың технологиясындағы кез-келген әдістемелік тәсілді басқа тәсілдерді қарастырмай қолдануға болмайды. Бұл объектіге бағытталған тәсілге де жатады. Объектілі бағытталған программалаудың пайдалылығы бір қатар типтік проблемаларда бар, пайдаланушымен диалогтарды программалау және т.б. Бірақ та тағы да басқа есептер бар, бұнда объектілік тәсілді қолдану артық еңбекті шығындауынан басқа ештемеге әкелмейді. Осыған байланысты объектілік тәсілді басқа әдіс танымдарымен байланыстыруға мүмкіндік жасайтын программалаудың объектіге бағытталған тілдері көп таралды.
Сондай-ақ, объектіге бағытталған программалау тілі ретінде Оберон тілін айтуға болады. Ол – жоғары санап шығу құралдарынан басқа ешқандай объектілі құралдардан тұрмайды ( тіпті онда класты хабарлауға арналған жеке кілттік сөз де жоқ). Бірақ көптеген тілдер көрсетілген кішкене жиынтыққа осы немесе басқа да қосымша құралдарды қосады. Оның қатарында:

  • Конструкторлар, деструкторлар, финализатор

  • Қасиеттер (аксессорлар)

  • Индексатор

  • Көпше түрде берілген альтернативтегі мұрагерлік тәрізді интерфэйс

  • Класқа арналған операторды анықтау

Қазіргі кезде объектіге бағытталған программалау тілі – келесідей синтаксистік құралдар жиынтығын ұсынады:

  • Кластың өрістерімен (класс мүшелерінің мәліметтерімен ) және әдістерімен (класс мүшелерінің функциясымен) берілген хабарлама.

  • Класты кеңейту (мұрагерлік) механизмі – жаңа кластың бұрыннан бар кластың алдыңғы ұрпақтарынан туылуы. Сондықтан, объектіге бағытталған программалау тілдері тек жекеше мұрагерлікті ғана үстанады.

  • Класты ішкі структурадан қорғау құралы. Көбінесе оларға – public, private типті өріске және әдіске берілген қол жетімді модификаторы, кейде protected, кей жағдайда одан да басқалары.

  • Әр түрлі кластың сол бір айнымалы экземплярына рұқсат ететін полиморфты айнымалылар және функция параметрі (әдістері).

  • Виртуалды әдістерді қолдану орнына берілген класс экземплярының полиморфты тәртібі. Көптеген объектіге бағытталған программалау тілдерінде кластың барлық әдістері виртуалды болып табылады.

Қазіргі кезде көп қолданылатын объектіге бағытталған тілдер объектті Паскаль, Си ++, Java,VisualBasic, SmallTalk кездеседі. Мұндай тілдер арнайы объектіге бағытталған программаны оңай етуге құрылған. Сонымен бірге объектілермен жұмыс істеу үшін көп дамыған құралдар С++ құрамында бар.
С++ іс жүзінде объектіге бағытталған программалаудың құралдарымен толықтырылған.
Бақылау сұрақтары:

  1. Объектіге бағытталған программалау дегеніміз не?

  2. Объектіге бағытталған программалаудың негізгі принциптері қандай?

  3. Объектілер арасындағы байланыс ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет