Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Ринолалия кезінде операцияға дейінгі логопедиялық жұмыстың
негізгі міндеттерін атаңыздар.
2. Операцияға дейінгі кезеңнің логопедиялық принциптерін атаңыздар.
Бұл сұраққа жауап беру үшін А.Г. Ипполитованың «Открытая ринолалия» (М., 1983) деген жұмысымен танысыңыздар.
3. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі міндеттері
қандай? Операцияға дейінгі жұмыстың міндеттерінен қандай айырмашылығы бар?
4. Педагогикалық – түзету жұмысының дайындық периодының
кезеңдері. Әр кезеңнің мақсаттарын ашып айтыңыздар.
5. Операциядан кейінгі кезеңнін логопедиялық принциптерін
атаңыздар. Бұл жерде кешенді принцип қалай жүзеге асырылады?
6. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыс қандай бағыттардан
тұрады?
7. Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың негізгі кезеңдерін
атаңыздар. Әр кезеңде логопедтің алдында тұрған міндеттері қандай?
8. Неге ринолалияны алдын алу шараларына көп көңіл бөлу маңызды?
9. Массаж түрлері. Өткізу әдістемесі.
10. Дыбыстарды түзету кезектілігінің кестесін құрастырыңыздар.
Ұсынылған әдебиеттер 1. Логопедия. Л.С. Волкованың ред. М., 2004.
2. Ипполитова А.Г. Открытая ринолалия. – М., 1983.
3. Ермакова И.И. Коррекция речи при ринолалии у детей и подростков. – М., Гном- пресс, 1999.
4. Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. - Алматы, 1996.
5. Өмірбекова Қ.Қ., Ибатова Г.Б., Төлебиева Г.Н. Ринолалия, Алматы,2009
6. Логопедия. Методическое наследие. Кіт 1, 2 бөлім: Ринолалия. Дизартрия. М., Владос, 2006.