Дәріс материалдары Ринолалия


Б. Оральді праксисті дамыту



бет7/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
лекция рино дауыс

Б. Оральді праксисті дамыту. Диафрагмальді тыныс алуды дамыту жұмысымен қатар дауысты, дауыссыз дыбыстар артикулемаларында артикуляциялық аппараттың гимнастикасы жүргізіледі (жұмыстың 2-ші кезеңі).
Сөйлеу тілінің анықтығына дауысты дыбыстарды айтуы әсер етеді. Олардан әр дауысты дыбысты айтқандағы дыбыс айту мүшелерінің қалпы сақталатын спецификалық гимнастика басталады. Гимнастика дауысты дыбыстардың артикуляциясын үйренуден басталады. Бұл артикуляциялық жаттығулар №1 кестеге еңгізіледі.
Дайындық кезеңіндегі басты міндет – ауыз арқылы тыныс алуды ұйымдастыру болғандықтан барлық артикуляциялық жаттығулар дауысты қоспай жасалады. Бала өзі орындап отырған жаттығулардың дауысты дыбыстар артикулемасы екенін білмейді. Бұл уақытта логопедтің артикулемалардың қалпын анықтап жақсартуға мүмкіндігі туады. Қалыптастырылатын артикуляцияларды ринолалиясы бар бала кинестетикалық түрде есте сақтайды, артикулема және оның суреті арасындағы шартты рефлекторлы байланыс белгіленеді де, ол суретке сүйеніп еркін түрде сыбырлап айтады. Тіл, ерін, бет бұлшық еттерінің еркін қозғалысын жақсарту үшін артикуляция кезінде балаға тілге түскен қатаюды қалай жасау керектігі туралы айтып, өзі сол қатаюды , «естуіне» үйрету қажет. Дыбыс артикуляциясын жасауға арналған барлық жаттығулар ауыз арқылы тыныс шығаруға үйрету болып табылады, яғни сөйлеу кезінде тыныс алуға үйрету тәсілі және сөйлеу аппаратының гимнастикасы болып табылады.
Дайындық кезеңінде дыбыстармен жұмыстың кезектілігі.
Дауысты дыбыстар: дауыссыз дыбыстардың артикулемалары мынадый кезектілікте қалыптастырылады: а, ә, э, о, ы, і, ү, ұ, у, и, я, е, е, ю. (бұл кезектілікті аяқтайтын жартылай дауысты: й дыбысы). Я, е, е, ю дыбыстары и және сәйкес дауысты дыбыстар (а, э, о, у) қосындысынан қалыптастырылады. И дыбысы тыныс шығарудың бағытын дифтонгтың 1-ші және 2-ші бөлімінде байқауға мүмкіндік туғызады. Дыбыстардың артикуляцияларын жазу үшін артикулемалардын ерекшеліктерін белгілейтін дыбыстардың суреттерін ұсынамыз: (а, э ,о, у, и ) дыбыстары. Бұл суреттер еріндердің созылу бағытын көрсетіп, ерін бұлшық еттеріндегі қатаюды көбінесе жоғарғы ерінге түсетінін көрсетеді. Ы дыбысын айтқанда – қатаю мұрын қанаттарында; И дыбысында –ауыз ұрттары симметриялық түрде көлденен созылады. Ауыз арқылы тыныс шығару ұзақтығы сызбада – ұзақ сызықпен көрсетіледі, ал қысқалығы – нүктемен (й- дыбысында). Дауыссыз J-тың дауыстылармен кезектелуін беріп отырмыз.
Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстардың артикулемаларымен танысқан соң дауыссыз қатаң дыбыстардың артикулемалары арқылы ауыз арқылы тыныс шығаруды дамытуға арналған жаттығулар басталады.
Бала дыбыстың айтылуын естімеуі керек. Қалыптастырылған қатаң дауыссыз дыбыстардың артикулемалары №2 кестеде белгіленеді.
№2 кесте

Тыныс алу

Дауыссыз тыныс шығару

Ауыздың суреті

Артикулемалардың суреттері:

  1. дауысты дыбыстар:

а,ә,э,о,ө,ы,ү,ұ,у,й,я,е,е,ю;
2) қатаң дауыссыз дыбыстар: ф,с,ш,щ,х

Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар мынадай кезектілікпен қалыптастырылады: ф,с,ш,щ,х. Дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады. Себебі, артикуляциясы өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед тексере алады.Бұл дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі баланың назарын ауыз арқылы тыныс шығаруға аударып, қадағалауға мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан күрделі болып келеді (бұл дыбыстар қысқа); сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет