Сабақтың мақсаты: Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі107,92 Kb.
#48092
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.

  2. Дауысты жыбыстардың жуан, жіңішке болып келетінін, дауыссыздардың түрлері мен емлесін қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім

Үнтаспадан құстың шықылықтағаны, жаңбырдың сыбдыры, жылқының кісінегені, судың аққаны, тағы да басқа дыбыстар тыңдалады.



  • Балалар, не тыңдадық? (әртүрлі дыбыстарды, жылқының кісінегенін т.б.)

  • Ал адам сөйлегенде де дыбыс шығарады, бірақ бұл дыбыстар табиғаттағыдан өзгеше болады. Өйткені дыбыстардын не жасалады? (Дыбыстардан сөздержасалады)

  • Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатыны бізге белгілі. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атап беріңдер. (Өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмекей, ауыс қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін).

  • Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалатыны еске түсіріледі. Дауысты дыбыстардың буын құрайтындығы айтылады.

Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтағаннан кейін оқулықтағы жаттығулар орындалады.



1-жаттығу. Т. Молдағалиевтің өлеңін жатқа жазуға тапсырма беріледі.

  • Өлеңді 1-2 оқушы дауыстап оқиды.

  • Өлеңнің мазмұны талданады.

  • Оқушылар өлеңді бірнеше рет іштен оқиды.

  • Өлең жатқа жазылады.

2-жаттығу. Өлеңді оқу.

Қарамен жазылған қазағым, түнегін, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып жазып, бұл сөздердің неліктен өзгергенін анықтау. Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеу.



3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Бұл жаттығуды орындау барысында көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездесетін э,ф,ц,в,ч,щ дыбыс әріптерінің қолданылуы туралы мысалдар келтіріледі.

Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінде ғана және ф әрпінің де араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздерде жазылатынын ескертіп қойған жөн. Мысалы:(ащы, тұщы, кеше, Фарида, саф (алтын) т.б.)

5-жаттығу. Л,р әріптері сөз басында келгенде алдынан ы,і естілгенімен жазылмайды. Жаттығуда тек дұрыс жазылған сөздерді көшіріп жазу.

Сабақты қорытындылау.

Осы сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықталды. Оқулықта жаттығу берілмесе де, б дыбысына аяқталатын сөздер еске түсірілді (араб, штаб, клуб, куб) Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылатындығы айтылады.



Үйге тапсырма. 4-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлерін қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сөйлем және айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер туралы алған білімдерін пысықтау.

  2. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

  3. «Сәби туралы ой» өлеңі арқылы адамның қоршаған дүниемен тығыз қарым-қатынасын түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеттерін байытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы.

Кіріспе бөлім.

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

Сұрақ-жауап арқылы сөйлем аяқталатын ойды білдіретіндігі, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бір-бірінен айырмашылығы бар екені айтылады.Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге мысал келтіріледі.

Әр сөйлем түрінің өзіндік белгілері еске түсіріледі.

Хабарлы сөйлем

Хабарлы сөйлемнің мағынасы-хабарлау, баяндау.

Хабарлы сөйлем сұраққа жауап болып келеді.

Хабарлы сөйлемнің соңында нүкте қойылады.



Сұраулы сөйлем

Сөйлем сөйлем сұраулы мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.

Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады.

Лепті сөйлем

Лепті сөйлем адамның адамның көңіл күйін, сезімін,қуануын, т.б. білдіреді.

Лепті сөйлемде лепті мағынаны білдіретін сөздер үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады.



Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылықтарын айтыңдар.

Жалаң сөйлем қадай жасалады, жайылма сөйлем қалай жасалады? Тақтаға төмендегідей жазба бойынша сөйлемдер құрап жазу және жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді табу.



Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. «Сәби туралы ой» өлеңін оқытып, мазмұны ашылады.

2-жаттығу. Мәтінді оқыту. Кейбір сөйлемдерді көшіріп жазу. Мәтіндегі лепті, сұраулы сөйлемдерді дұрыс ырғағымен оқыту.

3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазғызу.

4-жаттығуды орындату арқылы оқушылардың жалаң және жайылма сөйлемдер туралы алған білімдері пысықталады.

5-жаттығу бойынша да әр сөйлемнің өзіндік белгілері қайталанады.

Сабақты қорытындалау.

Тақтаға төмендегідей сызба жазылып, оқушыла осы жазба бойынша сөйлемдер құрастыру.



Шығармашылық диктант.

Тақтаға төмендегі үлгідегідей сөйлемдер жазылады.

1.Дана, жаттығуды орындадың.... 2.Үй ішінде ысқырма....3.Жыл құстары жылы жаққа жазда қайта..., күзде қайта.... 4.Ауруханада қатты сөйле...

Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті болымсыз етістіктің жұрнағын немесе сұраулы мағына беріп тұрған сөзді қойып оқиды.



Үйге тапсырма мұғалімнің қалауы бойынша беріледі.

«Сөйлем және оның түрлері» тақырыбы бойынша өтілген сабақ қорытындыланады.




Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі ой-пікірдің негізі, тірегі болатындағы, ал тұрлаусыз мүшелердің негізгі ойды толықтап,анықтап, пысықтайтындығын естеріне түсіру.

  2. Сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді және олардың байланысын тапқызу арқылы ойларын дамыту.

  3. Ерлік, батырлық туралы түсінік бере отырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыларды сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы алған білімдері пысықталып, тақтаға төмендегідей кесте ілініп, қорытындыланады.


Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



Бастауыш

Негізгі етістік және сын есім, сан есім, зат есімнен болады

Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Бастауыштың іс, қимылын білдіреді

Баяндауыш

Іс, оқиғаның иесін көрсетеді

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Зат есім, есімдерден болады.

Осыдан кейін тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдері де пысықталады.

Тұрлаусыз мүшелерге қойылатын сұрақтар.

Сөйлемнен тұрлаусыз мүшелерді табу.



Негізгі бөлім.

Оқулықтағы 1-2-3-4 жаттығуларын орындау. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету. Әр жаттығуға берілген мәтіндерге байланысты ерлік, батырлық, достық, адамгершілік, еңбексүйгіштік туралы әңгіме өткізу.



Сабақты қорытындылау.

«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны . Шарты тақтаға сөздердің орындары ауысқан сөйлемдер жазылады. Оқушылар сөздерді ретімен қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.



  1. Атты әкесіне Қаныш әңгімені болған.

  2. Жаңбыр айналды ақ жауынға

  3. Асау ұрды толқындар жағаны.

Дұрыс құрастырған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, олардың байланысын сызбамен көрсету.

Үйге тапсырма. 5-жаттығу беріледі.


Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөзді қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

  2. Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

  3. Еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың барысы.

Кіріспе бөлім.

Мұғалім І. Жансүгіровтің «Шәркей» әңгімесінен үзінді оқиды немесе оқушылардың біреуіне оқытады (үзіндіні плакатқа жазып, іліп қоюға да болады).

Негізгі бөлім.

Оқушылардың есіне назар аудару мағынасында айтылатын сөздердің түрін қаратпа сөздер деп аталатындығы, көбінесе қаратпа сөз мағынасында адамға байланысты жұмсалатындығы, қаратпа сөздің негізгі тыныс белгісі үтір мен леп белгісі мысалдыр келтіруг арқылы түсіндіріледі. Үтір мен леп белгісінің қайсысының қойылатыны қаратпа сөздің қандай дауыс ырғағымен айтылатынына байланысты екені түсіндіріледі. Міне, оқулықтағы жаттығулар осыған байланысты берілген.

Оқулықтағы жаттығулар орындалады.

Оқулықтағы 5-жаттығу шығармашылық тапсырма. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұқсастырып жазып, қаратпа сөздерді табады.



  1. Қарға, қарға , қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

  1. Кекілік ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

  1. Сауысқан ау, сауысқан,

Сақтанасынң дауыстан.

  1. Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша, әнін тыңдап ал.

Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық диктант. (Бұл жұмыс түрін ауызша да, жазбаша да өткізуге болады.). Тақтаға төмендегі үлгідегідей сөйлемдер жазылады. Көп нүктенің орнына тиісті қаратпа сөздер қойылып, оқытылады.

Өмір жасың ұзақ болсын,..!

Ой,...,...! Ойналық та күлелік.

...., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар.

Рақмет,...!

Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.

Сабақтың соңында оқушылардың алған білімдерін пысықтап, мынандай қорытынды шығарады:

Қаратпа сөздің ережесі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдында келеді.

Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса,леп белгісі қойылады.

Үйге тапсырма. 4-жаттығу беріледі.

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын және мағыналарын қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:


  1. Мағынасы бір-біріне жуық, мағынасы қарама-қарсы және айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер және құрамы туралы алған білімдерін пысықтау.

  2. Жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен айырмашылығын, туынды, түбірлес сөздер туралы білімдерін пысықтай отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Жаттығуларда берілген мәтіндер арқылы кәсіп иелерінің еңбектерін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

«Сөз мағыналары және құрамын қайталау» тақырыбы бойынша 3-сыныпта өткен материалдар естеріне түсіріледі.


  • Мағыналары бір-біріне жуық, мағынасы қарама-қарсы және айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерге мысал келтіру.

Негізгі бөлім.

Топтық жарыс ұйымдастыру. Сынп «Мағынасы жақын сөздер», «Айтылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер», «Мағыналары қарама-қарсы сөздер » деген үш топқа бөлінеді.

1-тапсырма. Әр топқа төмендегі үлгідей тапсырма жазылған қағаз таратылып, ойлануға 5 минуттай уақыт беріледі. Әр топ өзінің атына тиісті сөздерді дұрыс тауып алу керек.


  1. Бас-дененің бір мүшесі. Аяғыңмен жерді бас.

  2. Шапаң, тез, жылдам.

  3. Жоғары, төмен, әдемі, ұсқынсыз.

2-тапсырма. Әр топ мүшелері мағынасы бір-біріне жуық, мағынасы қарама-қарсы және айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерге мысалдар келтіреді.

3-тапсырма. Терме диктант. Мұғалім тақтаға төмендегі сөздерді жазады. Әр топ өзіне тиісті сөздерді теріп жазады.

Адам, кісі, зор, біз, үлкен, кіші, ақ, қара, жаз,... .

Осы тапсырмалардан кейін оқулықтағы 1-2жаттығулар орындалады.



«Сөз құрайық, балақай» дидактикалық ойыны. Шарты тақтаға сөздер, жұрнақ,жалғаулар жазылған қағаздар ілінеді. Оқушылар осы сөздерден сөз құрайды.

Туынды сөз қалай жасалады?

Түбірлес сөздер дегеніміз не? Түбірлес сөздерге мысал келтір. Оқулықтағы 3-3-4-5-жаттығулар орындалады.

Сабақты қорытындылау.

Бұл сабақта әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіретіні, сөздердің мағынасы сөйлем ішінде айқындалатыны оқушылардың есіне түсіріледі. Мағынасы бір-біріне жуық, мағынасы қарама-қарсы және айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздер және туынды сөздер мен түбірлес сөздер туралы алған білімдері пысықталады.




Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Зат есім туралы 2-сыныпта алған білімдерін еске түсіру; зат есім мағыналарының алуан түрлі болатынын аңғарту; жалпылама мағынаны білдідетін заттардың ішінен бір затты жеке дара бөліп көрсете білу; зат есімнің құрамы, тұлғасы туралы мәлімет беру.

  2. Сурет бойынша әңгіме құрастыра алу дағдыларын арттыру.

  3. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Өтілген тақырыпты еске түсіру, қайталау.

Сұрақ –жауап түрінде зат есім, оған қойылатын сұрақтар еске түсіріледі, зат есімді сөйлем ішінде таба білуге арналған тапсырмалар беріледі.

Қайталауға берілген жаттығуларды орындата отырып, оқушылардың зат есім туралы ұғымдары кеңейтіле түседі.



1-жаттығу арқылы зат есімнің мағыналары алуан түрлі болатыны аңғарылады. Жаттығу ауызша талданғаннан кейін, зат есім мағыналарының өте бай, кең болып келетіні байқайды. Содан соң әр жаттығуда берілген әр топты өз беттерінше немесе тақтада толықтырып, әр қайсысына 2-3зат есімнен жазады.

2-жаттығуды орындағаннан кейін оқушылар сөйлем ішінде зат есімдерге қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыру үшін жалғанатынын қорытындылап айтылады. Асан мен Бейсенге мінездеме беру арқылы оқушылар болған іске өзінің көзқарасын білдіруге үйренеді. Үлкендерді сыйлау туралы өз ойларын айтады.

3-жаттығуды орындамас бұрын жалпы есім мен жалқы есім туралы бұрынғы алған білмдерін еске түсіру. Алдынғы жаттығулардығы зат есімдердің барлық көптеген затқа қойылған жалпылама атау екенін айту. Жалпылама мағынаны білдіретін заттардың ішінен бір затты жеке дара бөліп көрсеткіміз келсе, оған белгілі бір ат қойып, оны сол өзіне қойған атымен атаймыз.

4-жаттығу оқушылардың тереңірек ойлануға жетелейтін жаттығу. Берілген сөздерді зат есім де , етістік те болатындай етіп сөйлемдер құрағаннан кейін, сұрақ қою арқылы сол сөздердің мағыналарын анықтау керек. Сөздердің көп мағыналылығы пысықталады.

5-жаттығуды орындау барысында туынды зат есімдер қайталанады. Балалардың назарын бір зат есімнен түрлі жұрнақтар жалғау арқылы бірнеше жаңа зат есім, бірнеше зат есімге бір жұрнақтар жалғау арқылы бірнеше жаңа зат есім, жасауға болатынына аудару. Негізгі зат есім мен туынды зат есімдерді салыстыру, мағыналарын анықтату, оларға сұрақ қойғызу.

6-жаттығуды тақтаға сызып көрсетіп, ауызша орындауға болады. Шығармашылық тапсырма ретінде осындай сызбаларды өздеріне ойластырып құрастыруға беруге болады.


Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Етістік туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қайталау; етістіктердің қимылдық ұғымдарды білдіретін мағынасы мен сұрақтары туралы біліктерін тереңдете түсу; етістіктің негізгі, туынды, болымды, болымсыз түрлерін еске түсіру.

  2. Жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін ары қарай жетілдіру.

  3. Халық ауыз әдебиетін сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Етістік туралы бұрынғы алған білімдерін еске түсіру.

Түрлі сөйлемдерді талдау арқылы оқушылар заттың қимыл, іс әрекетін білдіретін сөздер етістік деп аталатынын естеріне түсіру. Етістіктерге сұрақ қою арқылы олардың сұрақтарын қайталау және сөйлем ішінде етістіктерге сұрақ қоя алу дағдыларын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс.



1-жаттығу ауызша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқытқызғаннан кейін, қазақ халқының тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болғаны айтылады. Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырларының көпшілігі мал туралы екені еске түсіріліп, оқушылардан қандай өлеңдер білетіні сұралады. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік бере кету керек. Өлең талданғаннан кейін, оқушылар етістіктерді тауып, дара немесе күрделі етістік екенін ажыратады. Бұл жаттығу арқылы дара, күрделі етістіктердің жасалу жолы түсіндіріледі. Мұндағы дара етістіктер:жорғалаттым, тақтым. Күрделі етістік: еңіреп бақтым, сидаң қақтым, жылап бақтым.

Дара, күрделі етістіктерді естеріне түсіргеннен кейін 2-жаттығу тапсырмаларын орындап, күрделі етістікті дара етістікке айналдырады.



3-жаттығуда халық өлеңдерінен үзінді берілген . Балалар халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрімен танысады. Оқушылардың өлеңінін ырғағын сақтап, мәнерлеп дұрыс оқуын қадағалау керек. Болымсыз етістіктерді болымды етістіктерге айналдырмас бұрын, етістіктің бұл түрлері туралы, болымсыз етістіктердің қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын естеріне түсіреді. Өлеңді ауызша болымсыз етістіктерді болымды етістіктерге айналдыра отырып оқиды.

4-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құруда оқушылар өз беттерінше орындауға болады. Одан соң етістіктің зат есім, сын есім сияқты негізгі, туынды тұлғада келетіні қайталанады. Оқушылар негізгі етістіктерге мысалдар келтіреді, басқа сөз таптарынан берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістіктер жасайды.

Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сын есім туралы алған білімдерінің негізінде білімдерін кеңейту; сын есім мағыналарының алуан түрлілігін, зат есіммен байланысын еске түсіру.

  2. Табиғатты суреттеуде сын есім сөздердің көп қолданылатынына көздерін жеткізу; теңеу сөздерді орынды қолданып сөйлеу дағдыларын арттыру.

  3. Табиғатты сүюге, теңеу сөздер арқылы оның әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Сын есімді қайталауға арналған жұмыстар.

Сын есім оқушыларға 2-сыныптан бастап жақсы таныс. Бұған дейін олар сын есім заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін, құрамына қарай негізгі және туынды болып бөлінетінін оқып білді.

Сын есім, оның сұрақтары, негізгі, туынды сын есімдер сұрақтар қойылу арқылы еске түсіріледі.

Заттың түстері : ақ, сарғылт, көкшіл, т.б.

Заттың көрінісі: әдемі, қырлы, домалақ, жалпақ, т.б.

Заттардың көлемі: үлкен, кіші, ұзын, аласа, т.б.

Заттардың салмағы: ауыр, жеңіл, т.б.

Заттардың сапасы: жақсы, жаман, бос, қатты, т.б.

Сын есімдердің өлеңдерді көркемдеп, жандандырып тұратынына мысалдар келтіруге болады.



Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды орындау арқылы зат есім мен сын есімнің байланысы нақтыланады. Нақтылау арқылы зат есім сын есіммен табиғи байланыста екенінен мәлімет беріледі.

2-жаттығуға берілген күзгі табиғат көрінісін суреттеуде сын есімдерді көбірек пайдалануына көңіл бөлуі керек. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай пайдаланылатын сын есімдерді, яғни тірек сөздерді оқушыларды қатыстыра отырып іріктеп алып, тақтаға жазып қою.

3-жаттығуда оқушылар алдымен сөйлемді толық оқып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтап алады. Сөздің мағынасын анықтау сөйлем ішінде анықталады. Айтылуы бірдей сөздердің ішінен сұрақ қою арқылы сын есімдерді табады. Сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

4,5-жаттығулар ойлануға берілген тапсырмалар. Бұл жерде балалардың өздерінің ойланып, жауап берулеріне мүмкіндік туғызады. Еңбек етуге ерінетін адамды бір сөзбен еріншек деп атайтынын айтады. Егер сын есім сөздері болмаса, бір нәрсені сипаттап айту үшін бүрнеше сөзден тұратын бір сөйлем айтуға тура келетініне көңілдерін аударған дұрыс.

Сабақты қорытындылағаннан кейін үйге тапсырманы мұғалім өз қалауынша бере алады.



Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Сан есімдерге сұрақ қоя білу, олардың зат есімдермен байланысын аңғара білу, сөйлем ішінен сан есімдерді бада алу дағдыларын арттыру; сан есімнің түрлерін, оларға жалғанатын қосымшаларды еске түсіру, қайталау.

  2. Тез, қатесіз, жатқа жазуға жаттықтыру.

  3. Күнделікті өмірде халық өлшемдерін дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Оқушылардың сабаққа ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Сан есімді қайталауға байланысты жүргізілетін жұмыстар. Қайталау немесе еске түсіруге мынадай сұрақтар беруге болады:

Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Есептік, реттік сан есімдер дегеніміз не?

Реттік сан есімдер қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады? –ыншы,

-інші жұрнақтары қандай дыбыстармен аяқталған сан есімдерге жалғанады? –ншы, -нші жұрнақтары ше?

Сан есім қандай сөз табымен байланысты айтылады?

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуды ауызша орындау арқылы зат есім мен сан есімнің байланысы еске түсіріледі. Сан есімдерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды, қай сөз табы екенін анықтайды сна есімдерге сұрақтар өзімен байланысып тұрған зат есімдер арқылы қойылады. Неше саусақ?

Жалғыз деген сөзді қандай сан есіммен ауыстыруға болатыны сұралады.



2-жаттығу жазбаша орындалады. Бұл жаттығуды орындау барысында қайталау кезіндегі есептік, реттік сан есімдер туралы еске түсірген білімдерін пайдаланады. Реттік сан есім жұрнақтары түбір сөз жуан болса –ыншы,-ншы, жіңішке болса, -інші, -нші түрінде жалғанатын балалар өздері айту керек.

3-жаттығуда сан есімдерді өзі тіркескен сөзбен бірге теріп жазғаннан кейін, сурет арқылы қазақша ұзындық өлшем бірліктерімен таныстырылады. Ол өлшемдерді балалар өздерінің қоладарымен де өлшем көрсетеді. Балаларды ойлануға жетелеу үшін бұл өлшемдерді қай кезде қолдануға болатынын сұрауға болады. Білмесе, мұғалім көмекке келеді. Бір табан, бір адам, бір аттам өлшемдерін аяқпен көрсетеді.

4-жаттығуды үйге беріледі. Балалар сан есімдерге бар мақалдарды ұсынуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  1. Мәтін, оның түрлерін еске түсіру; мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ой туралы оқушылардың түсініктерін нақтылай түсу.

  2. Мәтінге ат қою, жоспар құра білуге байланысты білімдерін арттыру.

  3. Жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Мәтінді қайталауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Мәтіннің не екенін, оның түрлерін, әр бөлігінің азатжолдан жазылатынын, мәтінге атты қолай қою, жоспарды қалай құру керектігін естеріне түсіру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет