Сабақтың мақсаты: Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру



бет3/4
Дата06.07.2018
өлшемі107,92 Kb.
#48092
түріСабақ
1   2   3   4

III. Сабақты қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру; кұрамында күрделі мүшелері бар сейлемдер құрастыра білуге үйрету.

  2. Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту.

3. Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, салыстыру.

Сабақтың барысы:

Бұл сабақтарда да сөйлем мүшелерінің мынадай өзіндік белгілерін қайталап өткен дұрыс:

Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.

Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

Сөйлем мүшесі қызметіне қарай тұрлаулы жэне тұрлаусыз мүше болады.

Осыдан кейін сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін таныту ауыр болмайды. Оқушыларға төмендегідей жұмыстарды орындатуға болады:



  1. Оқулықтағы 1-жаттығудың сөйлемдерін оқытып, қарамен жазыл ған сөздердің сөйлемнің қандай мүшесі екендігі анықтату.

  1. Ол сөздердің неше сөздерден жасалғанын айтқызу.

3. Ол сөздердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру.
Жаттығуды талдағаннан кейін оқушылар сөйлем мүшелерінің дара және күрделі мүшелерден жасалатындығын қорытындылап айтады. Дара және күрделі мүшелерді салыстыру арқылы сөйлемнің дара мүшесінің бір сөзден, ал күрделі мүшесінің екі не одан да көп сөзден тұратынын айту қиын емес.

Осы тақырыпқа арналған жаттығуларды орындау барысында сөйлемнің дара және күрделі мүшелері зат есім, сын есім, сан есім, етістіктерден жасалынатыны ұғындырылады. Сабақты бекіту мақсатында: құрамында дара және күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастырып жазу; дара мүшелі сөйлемді күрделі мүшелі сөйлемге, керісінше күрделі мүшелі сөйлемді дара мүшелі сөйлемге айналдыру сияқты жұмыстарды орындатуға болады.



Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер

Сабақтың мақсаты:

  1. Бірыңғай мүшелер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
    бірынғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру; сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білу; бірыңғай мүшелердің қай мүшемен байланысатынын анықтай алуға үйрету.

  2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді сөйлеу кезінде пайдалана білу
    дағдыларын дамыту.

  3. Еліміздің тарихын танып білуде археологтар тапқан көне заттардың маңызының қаншалықты екенін ұғындыру; тарихи жәдігерлерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жаттығу, практикалық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Үйден орындаған жаттығуларын тексеру, қорытындылау.


Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

I. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде алдымен
сөйлем мүшелерін, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді қайталап алу керек.
2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы, сөйлем мүшесі болу
үшін белгілі бір сұрақка жауап беріп, сөйлем ішінде белгілі бір қызмет атқару керек екенін естеріне түсірген дұрыс.

Бірыңғай мүшелерді түсіндіру үшін, күнделікті өмірде кездесіп,


пайдаланып жүрген нақты заттардың төңірегінде әңгіме өткізіп, сөйлемдер құратып, олардың мағынасын, тұлғасын, байланысын, дауыс ырғағын аңғарту керек. Мысалы, бір оқушы партасының үстіне оқу құралдарын жайып қояды. Оқушының дәптерін, кітабын, қаламын, сызғышын, қарындашын көрсетіп, бұл заттардың бәрі Айгүлдің заттары екені аңғартылады. Содан кейін оқушылар Айгүлде кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызгыш бар деген сөйлем құрастырады. Бұл сөйлемнің құрамында 7 сөз бар, олардың ішінде кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш деген 5 сөз бірдей не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан, олардың сыртқы тұлғалары да бірдей болып келетіні ескертіледі. Одан кейін осы бір сұраққа жауап беріп тұрған сөздердің орындарын ауыстырып, сөйлемді айтып көреді. Бұдан олардың өзара орындарын ауыстырып қолданыла беретіні де аңғарылады.

Мұғалім өз қалауынша басқа да әдіс-тәсілдерді қолдануына болады. Дайындық жұмысынан кейін оқулықтағы жаттығу жұмыстарына назар аударылады.

II. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығуда әртүрлі сөздер тобы берілген. Алдымен оқушылар әр

топтағы артық сөздерді тауып, олардың неге артық екенін дәлелдейді.


Артық сөздер алынғаннан кейін бұл сөз топтары тағтаға жазылады да,
оқушылар әр сөз топтарына сұрақтар қояды, олардың қандай сөз табы
екенін анықтайды. Ол сөйлемдерді сөйлем мүшесінс талдату арқылы берілген сөздер тобының сөйлемнің бір мүшесі болып тұрғанына көздері жеткізіледі.

2-жаттығу арқылы бір сұраққа жауап беретін сөздер тобының бір


сөйлем мүшесімен байланысатынына көздерін жеткізсді. Сөйлемдердің оқылуындағы дауыс ырғағына көңілдерін аудару керек.

Осындай жан-жақты жұмыстардан кейін бірыңғай мүшелер туралы түсінік беріледі немесе ережені оқушылардың өздері қорытып шығуына жетелеу қажет.

3, 4, 5-жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай түсінгені анықталады.

Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер

Сабақтың мақсаты:


  1. Бірыңғай мүшелердің жеке сөзден ғана емес, сөз тіркесінен де жасалатынын түсіндіру, сөйлем ішінен сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді таба білу; сөйлем мүшелерінің байланыстарын синтаксистік қызметіне қарай ажырата білуге үйрету.

  2. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыра алу, оларды сөйлем мүшесіне талдай алу дағдыларын дамыту.

3. Табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: қайталау, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Өтілген материалды қайталау, қорыту.

II. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар.

III. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде бірыңғай мүшелерді қатыстырып, оқушылар сөйлемдер құрайды. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қояды, олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын, сөйлемде қандай қызмет атарып тұрғанын айтады. Әртүрлі сөйлемдерді талдай отырып, сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің кез келгені бірыңғай мүшелер бола алатынын аңғару керек.

Келтірілген сөйлемдердің бірыңғай мүшелері болып тұрған жеке


сөздерді сөз тіркесі түрінде айтуға мұғалім жетелеуі керек. Бірыңғай
мүшелер бір-бірімен дауыс ырғағы арқылы байланысатынына, оқығанда, арасында кідіріс жасалатынына назарларын аударған дұрыс. Себебі дұрыс дауыс ырғағымен оқуға үйренсе, тыныс белгісін де дұрыс қоя алатын болады.

IV. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу ауызша орындалады. Өлеңнің мазмұны бойынша талдау жұмысы жүргізіледі. Осы өлең арқылы балалар Жетісу жеріндегі жеті өзеннің атауымен танысады. Алдымен бірінші шумағы оқылып, қарамен жазылған бірыңғай мүшелерге сұрақ қояды. Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шу сөздеріне сұрақ қою арқылы зат есімнен жасалып тұрғанын, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарып тұрғанын айтады. Ал татпайтұғын, айтпайтұғын бірыңғай мүшелерінің етістіктен жасалып, баяндауыштың


қызметін атқарып тұрғанын айқындайды.

Екінші шумақтағы сөз тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерге де осындай талдау жұмысы жүргізіледі. Тақтаға екі бағанға екі шумақтың бірыңғай мүшелері жазылып, салыстырылады, айырмашылығын айтады. Оқушылар бірыңғай мүшелердің жеке сөзден де, сөз тіркесінен де жасалатынын өздері қорытындылап айтады.

Өлеңнің «Асқардың аспан сүйген сілекейін» деген жолын оқушылардың қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Бұл өлең жолы арқылы таудың биіктігі суреттеледі, «асқар» деген сөз биік тау деген мағына береді. Ал «сілекейі» деп аспанмен таласқан таудың басынан ағып жатқан суды айтып отыр. «Жөкеңнің» деп Жетісуды айтып тұр.

2-жаттығу жаңа сабақты бекітуге арналады. Сөйлем ішінен сөз
тіркесінен жасалған бірыңғай мүшелерді тауып үйренеді. Бірыңғай мүшелерге сұрақ қояды, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды. Бірыңғай мүшелердің арасына кідіріс жасап оқиды, тыныс белгілеріне назар аударады.3-жаттығу арқылы оқушылар сөздің тіркесуі аркылы жасалған
бірыңғай мүшелерді өздері тауып үйренеді. Бір сөзден де, сөз тіркесінен де жасалған бірыңғай мүшелерге тек бір ғана сұрақ қойылатынына көздерін жеткізу керек. 4-жаттығуды үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болады.

Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі

Сабақтың мақсаты:


  1. Жалғаулықтар арқылы байланыскан бірыңғай мүшелердің емлесі және тыныс белгілерімен таныстыру; жаттығу жұмыстары арқылы бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда қай кезде үтір қойылатыны, қай кезде қойылмайтыны туралы білімдерін тереңдету.

  2. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

I. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру кезінде бірыңғай мүшелер туралы алған
білімдері толық қайталанады. Бірыңғай мүшелерді сөйлем мүшесіне талдайды. Жалғаулықтармен байланысқан бірыңғай мүшелеріне мысалдар келтіреді. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдерді оқу немесе айту кезінде бірыңғай мүшелердің арасын дауыс ырғағының кідірісімен сақтап, дұрыс айтуларын қадағалап отырған жөн. Дұрыс оқи білген бала жазу кезінде үтірмен ажыратып жазуға дағдыланады.

II. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық жұмысы.

Бірыңғай мүшелер өзара қалай болса, солай тіркесе салмай, олар-


дың байланысында белгілі бір заңдылықтың бар екенінен мәлімет берілуі керек.

Бұл үшін тақтаға бірыңғай мүшелері бар сөйлем жазылады. Біздің аулада қарағаш, терек, емен өсіп тұр. Сөйлемнің ешбір жалғаулықсыз, дауыс ырғағы арқылы байланысып, аулада 3 түрлі ағаштың өсіп тұрғанын білдіріп тұрғанын оқушылар айтуы керек. Одан кейін сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықтар арқылы жазылады. Біздің аулада қарагаш та, терек те, емен де өсіп тұр. Оқушылардан сөйлемде қандай өзгеріс болғаны сұралады. Бұл сөйлемде бірыңғай мүшелердің құрамына та, те, де жалғаулықтары қосылып тұрғаны аңғартылады.


Сондай-ақ бірыңғай мүшелер арқылы байланысатын сөйлемді оқығанда олардың арасындағы дауыс кідірісінің сақталатынын оқушылар
байқауы керек, сондықтан да олардың арасына да үтір қойылатынын
өздері анықтағандары дұрыс.

III. Оқулықпен жұмыс.

Дайындық жұмысынан кейін оқушылардың назары 1-жаттығуға аударылады. Жаттығу ауызша орындалады. Сөйлемді дауыс интонациясын сақтай отырып оқу арқылы бірыңғай мүшелерді тауып, олардың қандай жалғаулықтар арқылы байланысып тұрғанын анықтайды. Олардың арасына үтірдің қойылу себебін өздері түсіндіреді. Сөздерді жалғаулықсыз да айтуға болатынын аңғарулары тиіс.

Осындай жан-жақты жұмыстардан кейін оқушылар ережені өздері қорытындылап айта алатын болады.

2-жаттығуды орындау кезінде да, де, та, те жалғаулықтарының


тиістісін дұрыс таңдап қоя білулері қажет.

Біздің ауылда жусан да, изен де, ажырық та өседі.

Жалғаулықтардың да, де, та, те болып өзгеру себебін үндестік заңдылықтарын естеріне түсіре отырып, өздерінің түсіндірулерін талап ету керек. Сонымен бірге тыныс белгілері туралы білімдері нақтыланады.

3-жаттығу және, мен, пен, бен жалғаулықтары арқылы байланысатын бірыңғай мүшелердің жазылу емлесін меңгертуге дайындық ретінде берілген. Бұл жаттығу жұмысында оқушылардың назары бірыңғай мүшелер мен, бен, пен, және жалғаулықтары арқылы байланысқанда үтір қойылмайтынына және ол жалғаулықтардың бірнеше рет қайталанбайтынына аударылады.

4-жаттығуды үйге орындауға беруге болады.

5-жаттығуды оқушылар өздері орындайды. Оқушылар құрастырған әңгімелерін оқыған кезде мен, бен, пен, және жалғаулықтарын дұрыс қолдануларын бақылау керек.



IV. Сабақты қорытындылау.

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер және

қыстырма сөздердің тыныс белгісі

Сабақтын мақсаты:

  1. Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату; сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету.

  2. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру.

  3. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтын барысы:

I. Өтілген материалдарды қайталау.

Үйге берілген тапсырма тексеріліп, сөйлем мүшелері. Сөйлемнің дара, күрделі мүшелері, бірыңғай мүшелері төңірегінде алған білімдері тексеріледі.



II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Оқушылар қыстырма сөзбен алғашқы рет танысады. Бірақ осы кезге дейін қыстырма сөздермен мәтінді оқу барысында, күнделікті тәжірибеде жиі кездесіп жүр. Сондықтан қыстырма сездің сөйлемде атқаратын рөлімен қарапайым түрде ғана танысады. Оның сөйлемдегі айтылған ойға білдіретін көзқарасы мысалдар арқылы түсіндіріледі. Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сейлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету керек.



1-жаттығу жаңа сабақты түсінуге дайындық жұмысы ретінде беріл-
ген. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыра оқып, оның мағынасындағы ерекшеліктеріне талдау жасалынады.

Бірінші сөйлемдегі қарамен жазылған меніңше сөзі арқылы сөйлеуші өзінің сенімін білдіріп тұр.

Екінші сөйлемдегі әрине сөзі сөйлеушінің колдауын білдіріп тұр.

Үшінші сөйлемдегі бәлкім сөзі сөйлеушінің жорамалын білдіріп тұр.

Тертінші сөйлемдегі әйтеуір сөзі сөйлеушінің пікірін білдіріп тұр.

Екі бағанда берілген сөйлемдерді салыстыра отырып, қарамен


жазылған сөздің сөйлемге қаншалықты үстеме беріп тұрғанын анықтағаннан кейін, қыстырма сөз туралы алғашқы түсінік беріледі. Қыстырма сөздердің сөйлем мүшесі бола алмайтынын, бірақ сөйлемдегі ойды нақтылай түсуде, сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан көзқарас (сенім, күдік, жорамал т.б.) білдіруде ерекше рөл атқаратыны айтылады.

2-жаттығудағы сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тапқызу арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін анықтауға


болады. Оқушылар әр сөйлемдегі қыстырма сөздің сөйлемде қандай
көзқарас білдіріп түрғанын анықтайды. Қыстырма сөздің үтір арқылы
ерекшеленіп тұратынына көңілдерін аударған дұрыс. Бұл жаттығу жазбаша түрде орындалады. Ал 3-жаттығу арқылы қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы білім алады.

4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде ұсынуға болады. 5-жаттығу


қыстырма сөздерді сөйлем ішінде дұрыс пайдалануға үйрету үшін берілген. Қыстырма сөздерді сөйлем ішінен алып тастап немесе сөйлемге қыстырма сөздерді қосып айтқызып, сөйлем мағынасында өзгеріс болған-болмағаны байқалады.

Қыстырма сөздің 2-сабағы сөйлем ішіндегі қыстырма сөздің орнын анықтай білумен қатар, олардың тыныс белгісін дұрыс қоя білуге үйретуге арналған.



Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Сабақтыц мақсаты:

  1. Сөздердің әртүрлі мағынасымсн таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.

  1. Сөздік қорларын арттыру.

  2. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ-жауап.

Сабақтыц барысы:

I. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың қыстырма сөзді қаншалықты меңгергенін анықтау. Қыстырма сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату, оның сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.



II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Бұл сабақтарда сөздің мағынасы, әртүрлі сөздер, мәндес сөздер,


қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алдыңғы сыныптарда алған бі-
лімдері тереңдетіледі. Сабақты мұғалім өз қалауынша өткізе алады.

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін калыптаетыру; күр-
    делі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұракка жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын ұғындыру.

  2. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге
    үйрету.

  3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөздерді таба білу, сөйлем құрастыруда
    күрделі сөздерді пайдалана білу біліктерін арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық сабақ, жаттығу.

Сабақтың барысы:

I. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақ бойынша жұмыс істемес бұрын оқушылардан жаңа сөзді қалай жасауға болатыны сұралады. Оқушылар түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөздерді - туынды түбірді естеріне түсіреді.

Күрделі сөздер - бірінші рет өтіліп отырған тақырып. Бұл жаңа
тақырыпты меңгеруге дайындық жұмысы ретінде 1-жаттығу берілген. Екі бағандағы сөйлемдер салыстырыла отырып оқылады.

Арқар мен арқармүйіз,

Жол, Серік сөздері мен жолсерік сөзі,

Қора мен қора-қора сөздері салыстырылады. Оларға сұрақ қойылады және мағыналары бойынша салыстырылады. Әсіресе екінші бағандағы қарамен жазылған сөздердің мағынасы мен құрамына көңіл бөлінеді. Бұл жаңа сөздердің түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз емес, екі дара сезден құралып, жасалып тұрған жаңа сөз екенін оқушылар байқауы керек.

Жеке тұрған екі сөзден құралып жасалатындықтан, олар туын-


ды түбір деп емес, күрделі сез деп аталады. Мұндай сөздер екі сөзден
құралғанымен, екеуі бірігіп бір ғана мағынаны білдіреді. Жаңа сөздерге сұрақ қойғызу арқылы бір сұраққа жауап беретіні анықталады. Содан соң қарамен жазылған сөздердің бірігу, тіркесу, қосарлану арқылы жасалып тұрғанын да оқушылар өздері айта алуы тиіс.

Осындай жұмыстардан соң күрделі сөздер туралы қорытындыны


оқушылар өздері де жасай алады. Күрделі сөздердің жеке сөздерден ерекшелігін өздері қорытындылайды.

2-жаттығуда екі сөздің тіркесуінен жасалған күрделі сөздің еркін сөз тіркесінен айырмашылығын байқатуға назар аударылады. Мысалы, қызыл шар еркін сөз тіркесі, мұнда әр сөзге жеке сұрақтар қоюға болады және шардың түсін білдіріп, өзара анықтауыштық қатынаста тұр, ал қызыл ала - күрделі сөз, себебі екі сөз бір ғана қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр, араларында ешқандай анықтауыштық қатынас жоқ.

3-4-жаттығуларда күрделі сөздердің түрлері аралас беріліп, оларды жасалуына қарай топтастыруға үйрету көзделеді.5-жаттығу оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін анықтауға арналған. Бұл мәтіндегі күрделі сөздер: қарақұйрық, балажан, кемпір-шал, сай-сала, жыра-жыра. Олардың қандай түбірлерден жасалып тұрғанын айтады.6-жаттығуда екі бағандағы сөздерден мынадай күрделі сөздер жасалады: ақсүйек, қызыл күрең, жиырма тоғыз, үлкен-кіші, косаяқ, ата-ана. Жаңа алынған күрделі сөздердің мағынасын алғашқы дара сөздердің мағынасымен салыстырады, олардың бірігу, қосарлану, тіркесуарқылы
жасалып тұрғанын айтады.

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінің ұғындыру, сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.

  2. Сөздік қорларын арттыру.

  3. Жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Өтілген материалдарды қайталау.

Алдымен мұғалім жұрнақ арқылы жаңа сөз жасауға байланысты сұрақтар қойып, сөз құрамы туралы білімдерін еке түсіреді. Одан кейін күрделі сөздерге байланысты алдыңғы сабақта алған білімдерді қайталанады. Үйден орындап келген жаттығу жұмыстары талқыланады.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс:

Оқулықта берілген 1-жаттығудағы сөздер оқылады. Ол сөздерді оқушылар ауызша сөз құрамына талдайды. Олардың жазылу емлесіне (бірге жазылуы) назарлары аударылады. Әр сөздің жеке түбірлерінің мағынасы, біріккеннен кейінгі мағынасы түсіндіріледі. Осыдан кейін оқушылар екі не одан да көп түбірдің бірігіп, біртұтас ұғымды білдіретін күрделі сөздердің біріккен сөз деп аталатынын өздері де айта алады. Аты өзі айтып тұрғандай, біріккен сөздердің бірге жазылатынын 1-жаттығудың мысалдарынан байқады.

Жаңа сабақты жақсы меңгерген оқушылар үшін 2-жаттығуды орындау қиындық келтіре қоймайды. Біріккен сөздерді тауып, астын сөзады; Керқұлан, Кендібай, Қаратау, Қарасу,Қазанғап. Біріккен сөздердің қайсысы жалқы есім, қайсысы жалпы есімнің де біріккен сөздер болатынын қорытындылап айтады.

3-жаттығу біріккен сөздердің көптеген сөздердің атауларын қамтитынын байқату үшін берілген. Оқушылар осы атауларды өздері мысалдар келтіре отырып, ары қарай толықтырады. Бастауыш сыныпта оқушылар көбінесе екі түбірден біріккен сөздермен танысады. Екі бас тұз сөзін сөз құрамына талдайды, екі сөзден де көп түбірлерден бірігетінін де назарларында ұстайды.

4-жаттығу өздік жұмыс ретінде ұсынылады.

5-жаттығуды үйден орындауға болады. Бұл тапсырмада дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзге назар аударылады.




Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

Біріккен түбірдің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес жазылуында болатын өзгерістермен таныстыру; айтылуы бойынша және түбір тұлғасын сақтап жазылатын біріккен сөздерді айыра білуге үйрету.

Қатесіз жазу дағдыларын арттыру; сөздік қорларын дамыту.

Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Үйден орындап келген жаттығу жұмыстары тексеріледі. Біріккен сөздер туралы білімді меңгеру деңгейлерін кеңейту.

Біріккен сөздер дегеніміз не, олар қалай жазылады?

Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?

Неге күрделі сөздер деп аталады?

Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Бұл сабақтарда түбір тұлғасын сақтап және дыбыстық өзгеріске түсіп бірігетін, айтылуы бойынша жазылатын біріккен сөздермен танысады.

1-жаттығу жер-су аттарын білдіретін сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылғанын меңгертуге арналған. Сары- ағаш,

Сары- арқа, Сары- өзен біріккен сөздерін сөз құрамына талдатқызып, содан соң тақтаға жазылады. Алғашқы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып, келесі түбірдің қандай дыбыстан басталып тұрғанын назарларын аудару. Бірігіп жазу кезінде екі дауысты дыбыстың да сақталатынына көздерін жеткізу.

2-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін пысықтауға арналған. Біріккен сөздерді тауып, оның ішіндегі Қараүңгір сөзінде екі түбірдің арасында дауысты дыбысдың сақталып жазылғанын айтады.

3-жаттығу арқылы, керіснше, адам аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірі түсіріліп жазылатынын біледі; Қожа Ахмет Қожахмет,

4-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін тереңдете түсуге арналады.5-жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Сөз тіркесінің мағыналарын анықтап, оларың уақытта біріккен сөз ретінде жұмсалатынын ауызша түсіндіріп айтады.

Мысалы: Ақ сақал сақалдығң түсін, яғни ағарғанын білдіріп тұр.

Ақсақал-үлкен қария кісі.

Ақ боз ат –аттың түсін білдіріп тұр.

Ақбозат-жұлдыздың аты

Келесі сабақ та біріккен сөздердің жазылуына арналған.

Адам аттарыда алғашқы түбір дауысты, ұяң, үнді дыбыстарына аяқталып, кейінгі түбірдің басындағы қ,к дыбыстары ұяң болып айтылса, ғ,г әріптері жазылатындығы, меңгертуге арналған жаттығулар берілген. Яғни, екінші сыңары қ,к дыбыстарынан басталатынын, кісі аттарының естілуі бойынша жазылатынын естерінде қалдыру керек. Бұл ережені қалай меңгергендерін

2-жаттығуды орындату арқылы байқауғаболады.

3-жаттығу бойынша түбірлері сақталып жазылған біріккен сөздерді бір бөлек, айтылуы қалпын сақтап, дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөздерді бір бөлек жазады.

Ешкіөлмес, айырбас, атамекен, ақбөкен, балмұздақ.

4-жаттығу сөздердің біріккен сөз немесе жай сөз тіркесі екенін ажырата білуге үйрету үшін берілген.

Бірінші сөйлемде қара көз сөз тіркесі, бұл жерде көздің түсін білдіріп тұр. Екінші сөйлемде Қаракөз қыздың есімі және бірігіп жазылады. Мұндай біріккен сөздер мен сөз тіркестері тілімізде көп кездеседі. Тағы басқа да көптеген мысалдыр келтіріп, айыра білуге дағдыландыру керек,

5-жаттығу екі түбірдің арасындағы үндестік заңын анықтауға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет