Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу бойынша мәтінді оқып шыққаннан кейін, оқушылар бұл жерде Сарысу өзенінің көрінісі суреттелгенін айтады. Оның сипаттау мәтініне жататыны айтылады. Оқушылар не үшін сипаттау мәтіні болып тұрғаны дәлелденеді. Сипаттау мәтінінің басқа мәтін түрлерінен айырмашылығы сұралады.
Мәтінге ат қою үшін алдымен негізгі ойды анықтап алып, оны қысқаша қалай атауға болатынын ойлайды. Мәтінге ат қою үшін, алдымен оның тақырыбын немесе негізгі ойды білу қажет.
Мәтін жан/жақты талқыланғаннан кейін өздерінің жазғы каникулда болған жерлерінің суының, тауының, ормандарының, т.б. көріністерін сипаттап айтып береді. Ол сипаттаманы сол жерде болған бір оқиғамен байланыстырып та айтуларына болады. Осындай дайындық жұмысынан кейін оқушылар қысқаша сипаттау мәтінін құрастырып жазады.
2-жаттығу арқылы әңгімелеу мәтіні туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдері еске түсіріледі. Мәтіндегі негізгі ой анықталып, автордың осы әңгіме арқылы не айтқысы келетінін, оқырмандар неге үндейтінін, т.б. айтқызу.
3-жаттығу сурет бойынша өз беттерінше мәтін құрап жазу дағдыларын арттыруға арналған.
Сондай/ ақ мәтінге жоспар құру дағдыларын жетілдіруге де көңіл бөлуін тиіс. Мәтінді логикалық аяқталған бөліктерге бөліктерге бөліп, әр бөліктерге негізгі ойды анықтау, оны қықаша атап көрсету жұмыстары жүргізіледі. Жоспар құра білу дағдысы оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндай алу дағдысын қалыптастырады.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Ойды басқаға тіл арқылы әсем етіп жеткізуге, сөйлемдерді дұрыс айтып, дұрыс құрастыра білуге үйрету, орынды сөйлеу және тыңдаушыны өзіне тарта білуге баулу.
Диалогтік сөйлеу дағдысын, өз сөзін орынды айта білуін дамыту.
Әңгімелесушіні тыңдай білу қасиетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Оқулықта берілген жаттығулар «Танысу» тақырыбына арналған. Жаттығуларды орындамас бұрын, алдыңғы сыныпта өткен «Сәлемдесу» тақырыбын қайталап кеткен жөн. Осы мынадай жаттығулармен пысықтау болады.
Ата мен баланың амандасуы:
Ассалаумағалейкум, ата!
Уағалейкумассалам, шырақ!
Әже мен баланың амандасуы:
Армысыз, әже!
Бар бол, балам!
Қойылатын сұрақтар:
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесің?
Құрдастардың сәлемдесуіне мысал келтір.
Бұл сабақта және жалпы жаттығуларда диалог кездеседі. Оқушыларға 4-сыныпта диалогтің нақты анықтамасы берілмесе де, ол барлық мәтіндерде кездеседі. Сондықтан осы сабақта оқушыларға диалог туралы мәлімет берілсе, артық болмайды.
Диалогті меңгеру үшін сюжетті сурет, көрнекі құралдар, сызба бойынша жұмыс пайдалы өтеді. Мысалы, тақтаға дәрігер мен баланың немесе басқта алма, алмұрт жинап, сөйлесіп тұрған екі баланың, т.б. сюжеті суреттер ілінеді. Төмендегі үлгідегідей сұрақтар қойылап, тапсырмалар беріледі.
Суреттен не байқадыңдар?
Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Екі бала не туралы сөйлесіп тұр? Өз ойларынды айтындар.
Суретте бейнеленген осы екі балаға ат қойып, екеуінің әңгімесін өзімізше құрастырайық.
Үлгі:
Асқар, биыл өнім жақсы болды ма?
Иә, жақсы болды.
Асқар, алма пайдалы ма, әлде алмұрт па?
Әли, екеуі де денсаулыққа пайдалы. Екеуінде де дәрумендер көп.
Оқушылардың құрастырған диалогтарының біреуін тақтаға іліп, олардың тыныс белгілеріне көңілдерін аударған жөн. Сондай/ақ сурет бойынша төмендегідей екі түрлі мәтін құрастырып, оларды салыстырып, айырмашылықтарын байқауға болады.
Осындай жұмыстардан кейін мұғалім оқушыларға диалогтің ережесін, яғни екі не бірнеше адамдардың алма/кезек айтылған сөзі диалаг деп аталатын, «диалог» деген терминнің өзі грек сөзінен алынғанын қазақша «екі адамның сөзі, сөйлесуі, әңгімесі» деген ұғымды білдіретінін, диалогтің тыныс белгісі-сызықша екенін түсіндіреді.
Оқулықтағы «Танысу» тақырыбы бойынша жаттығулар орындалады.
Сабақты қорытындылап, оқушыларға «Сөйлеу мәдениеті» туралы мынадай мәлңеттер беруге болады:
Анаңнан туа үйренген, яғни ана тілінде сөйле
Бір қалыпты, асықпай жарасымды тілмен сөйле.
Серіктесінің сөзін зер сала тыңда, сұрағына жауап бер.
Тілің түсінікті болсын деп, өз сөзіңмен сөйле.
Жолдасыңның (әңгімелесушінің) пікіріне өзіңнің ойынды білдір.
Үйге тапсырма:5-жаттығу.
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөздің буынның жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке түрде жалғанатынын түсіндіру. Сондай /ақ буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар бар екенін ұғындыру.
Қосымшалардың жалғау, жұрнақ екенін ажыратып, олардың тиісті белгілерін қойдыру арқылы еске сақтау қабілеттерін дамыту.
Мамандық таңдауға бағыт беру; табиғатқа қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Бұл сабақтарда оқушыларға дауысты дыбыстармен байланысты үндестік заңы, яғни буын үндестігі туралы білім беріледі. Сөйлеу үрдісінде бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екенші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанатын қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өзінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, қиюластыруды талап етіп тұрады. Оқушылардың естеріне тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылатынын естеріне сала кеткен жөн.
Буын үндестігі жайлы түсінік қалыптастырылғаннан кейін, оқушыларды буын үндестігінің мынадай заңдылықтарымен таныстырып кеткен жөн.
Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Жалпы екі сабақта да буын үндестігінің осы екі заңдылығына арналған жаттығулар берілген. Оқушылар 1-сабақтың 5- жаттығуы мен 2-сабақтың 4-5жаттығуларында буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен танысады. Бұл жаттығуларды орындату арқылы кейбір қосымшалардың өздерінен бұрынғы буынның жуан/жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанатындығы ұғындырылады.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабактын мақсаты:
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайтынын түсіндіру,
Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы зейіндерін және логикалық ойлауын дамыту.
3. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Бұл сабақтарда түбір сөз бен қосымшаның аражігінде қатар
дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер ететіндігі сөз болады. Яғни түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп айтылуы дыбыс үндестігі деп аталатыны түсіндіріледі.
Оқушы ұғымына ереже мысалдар келтірілу аркылы жеткізіледі.
Мысалы: «Анасы Асанға қаладан доп алып келді (добалып келді) дегенде а дыбысының ықпалымен п дыбысы б-ға айналып тұр. «Ақ ешкі маңырауын қоймады» дегенде е дыбысының әсерінен қ дыбысы ғ-ға айналып тұр (ағешкі).
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың мәтін және оның түрлері туралы алған білімдерін пысықтау, кеңейту.
Әр мәтін түрінің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін байқай білу дағдыларын дамыту.
Берілген мәтіндер мен құрастырған мәтіндердің мазмұнына байланысты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Оқушылар 2-сыныптан бастап мәтін деп әдетте айтылатын ой-пікірдің, шығарманың не солардан үзіндінің қағазға түскен жазбаша түрі екенін, мәтін бірнеше сөйлемнен құралатынын, мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұратынын меңгеріп келді. Яғни, мәтін - жазба тілдің көрінісі екенін, мәтін көркем шығарма, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін екенін білді. Сондай-ақ мәтіннің мынандай өзіндік белгілерімен танысты:
Мәтіннің атауын тақырып деп атайды. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Әрбір мәтіннің басталуы болады. Сондықтан оның қалай басталғанына ерекше көңіл бөлу керек. Сондай-ақ кез келген мәтін аяқталады.
Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан басталып жазылады.
Мәтінге жоспар құру үшін:
мәтінде қанша абзац бар екенін білу қажет;
әр абзацтағы негізгі сөзді немесе ойды табу керек;
әр абзацтағы сол сөзді немесе айтылатын ойды бір сөйлеммен жазу керек.
5. Мәтіннің сипаттау, баяндау (әңгімелеу) болып бөлінетін түрлерімен таныстыру.
6. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Мысалы: Нәркес гүлі ақ және сары түсті болады. Шеттері тегіс немесе қатпарланып келеді. Жапырағы ұзынша, сабағы жіңішке, ұзын болады.
7. Оқиға жүйелі, тізбектеліп әңгімеленетін мәтін баяндау мәтіні деп аталады. Мысалы: Қазақстанда көлдер көп. Олар - Марқакөл, Алакөл, Балқаш көлі, Қарасор, тағы басқалар. Олардың ішінде Алматы көлінің орны бөлек. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде әртүрлі болып кұлпырады.
Таңертең көл жап-жасыл болып жатады.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылармен бірге мынадай жаднама құрастыруға болады:
Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндеріндегі сөздің өзіндік мәні бар екенін ескеру.
Мәтінді түсініп оқып шығу.
Оқушылар осындай жұмыстарды сапалы орындай алса, олар мәтін түрлерін дұрыс айыра алатын болады.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөйлемдегі сөздердің мағыналык, тұлғалық жағынан өзара байланысын түсіндіру; сөз тіркесінің өзіне тән белгілерімен таныстыру; алдыңғы сөздің соңғы сөзге бағына байланысу тәсілдері туралы түсінік беру; сөз тіркесі мен жай сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы таба
білу; сөйлемді дұрыс құрай алу дағдыларын арттыру,
3. Мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Мәтін, оның түрлері, оны бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажырата алуға болатыны туралы оқушылардың білімі анықталады.
II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Сөз тіркесі туралы тақырыппен оқушылар алғаш рет танысып отырғандықтан, мұғалім бұл сабақтарға баса назар аударуы қажет. Ең басты назар аударатын мәселе сөздер бір-бірімен мағыналық байланысқа түспей тіркес жасай алмайды. Ал сөйлем сөз тіркесінсіз құралмайды.иЖеке сөздерден сөз тіркесін құрайтын болсақ, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз тіркесін түсіндіруге дайындық жұмысы кезінде балалардың алдыңғы сыныптарда алған сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы білімдерін сұрақ қою арқылы еске түсірген дұрыс. Бір сөйлемді толық талдату арқылы сөйлемдегі сөздердің қалай болса солай тіркесе салмайтынына назарларын аудару керек. Сөз тіркестерінің негізгі белгілерін аңғарту барысында оның құрамындағы сөздер кем дегенде екеу не одан да көп болатынын, олар әр уақытта бірін бірі бағындыра, біріне бірі бағына тіркесуін аңғартқан жөн. Сол сияқты сөз тіркесінің әр сыңары жеке сұраққа жауап беретініне, әр сыңарының сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынына да баса назар аударған дұрыс. Өйткені сөз тіркесін (осы жер, жиырма бес оқушы, жылдам жүрді) күрделі сөздермен (боз қырау, жиырма бес, Отан үшін), тұрақты сөз тіркестерімен (тонның ішкі бауындай, қас пен көздің арасында) шатастырмау керек. Тұрақты сөз тіркесінің, күрделі сөздің құрамындағы сөздердің барлығы бір сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесі болады.
Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мағынасы жағынан өзара байланысты болатынын алдыңғы сыныптардан біледі. Оқушыларға мағыналық байланыс дегеннің не екенін бірден аңғарту үшін салыстырмалы мысалдар алынады.
Оқулықпен жұмыс.
Тақтаға жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер жазылып, салыстыру жұмысы жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Сөйлем туралы бұрыннан таныс білімдерін жүйеге келтіру; сөйлемнің айтылу мақсатына карай бөлінетін түрлерін еске түсіру; ойдың тіл арқылы берілетінін ұғындыру.
Сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қойып, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Тіл адам баласының қарым-қатынас құралы екенін, тілдің қоғамдық мәнін түсіндіру арқылы тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, әңгімелесу, жаттығу.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз тіркесі, оның жасалу жолдары, құрамы, сөйлем ішіндегі сөздердің байланысы арқылы сөз тіркесін анықтау туралы алған білімдерін тексеру. Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалу барысын қадағалау арқылы сөз тіркесін қаншалықты меңгергендерін анықтау. Мұғалім өзі дайындап әкелген шығармашылық жұмыстары арқылы да тексеруіне болады.
II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Оқушылар сөйлем жайында бірінші сыныптан бастап білім алып келеді. Бұл сабақ оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімдерін еске түсіріп, жүйелеуге арналған. Сондай-ақ құрмалас сөйлеммен таныстыруға дайындық жұмысы болып табылады.
Оқушылар берілген мәтінде неше сөйлем барын, сөйлемнің сөзден жасалатынын, сөйлемнің басты түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді, жай сөйлемнің жалаң, жайылма түрлерін) практикалық түрде біледі. Мұғалім кіріспе әңгіме жүргізіп, оқушылардың сөйлемге деген ықыласын оятып, ынтасын арттырып алғаны жөн. Кіріспе әңгімеде адам баласы өз ойын тіл арқылы, яғни сөйлем арқылы білдіретінін, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі рөлі, тілдің ұсақ бөлшегі сөйлем екені айтылуы тиіс. Мынадай кестемен жұмыс істеуге болады:
|
Сөйлем
|
|
1 сөзден турады
|
2 сөзден тұрады
|
Көп сөзден түрады
|
Күз.
|
Мұғалім келді.
|
Қазір Қазақстанды жер
жүзі біледі.
|
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем жөне құрмалас сөйлем.
Сабақтын мақсаты:
Құрмалас сөйлем туралы бастапқы түсінік беру.
Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылықтарын ұғындыру.
Құрмалас сөйлемнің құрылымдық бөліктерімен таныстыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу.
Сабақтың барысы:
I. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.
Сөз тіркесі, оның мағыналық байланыстары, бағыныңқы,басыңқы сыңарлары туралы алдыңғы сабақтарда алған білімдері тексеріледі.
Орын тәртібі, қосымшалар арқылы байланысқан сөз тіркестеріне мысалдар келтіреді. Сөз тіркесі мен жалаң сөйлемдерді салыстырып, айырмашылықтарын айтқызу.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алдымен сөйлем туралы алдыңғы сабақта алған білімдері қайталанады. Бірнеше сөйлемдер құрастырады. Ол сөйлемдсрдсгі бастауыш пен баяндауышты табады. Әр сөйлемде бір бастауыш, бір баяндауыштан бар екеніне назарларын аудару.
Құрмалас сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру
күрделі тақырыптардың бірі. Егер оқушылардың жай сөйлем туралы білімдері берік болса, бұл тақырып жеңіл меңгеріледі.
Тақтаға екі жай сөйлем жазылады. Мысалы: Күз келді. Жапырақтар сары түске боялды. Бірінші сөйлемде күздің келгені жайында болса,екінші сөйлемде жапырақтардың сарғайғаны жөнінде болып тұр. Бұл мысалдардың әрқайсысы жеке-жеке ойды білдіріп тұрған жай сөйлемдер.
Осы екі жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату керек. Бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан құралса, екінші сөйлем бастауыш, баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден құралған жай сейлемдер екені түсіндіріледі.
Содан соң құрмалас сөйлемдер туралы түсінік беріледі. Ол үшін екі жай сейлемнің мағыналарын біріктіріп, екеуінен бір күрделі ой құрастырылады. Мысалы: Күз келіп, жапырақтар сары түске боялды.
Бұл құрастырған сөйлемнің мағынасы да, көлемі де жай сөйлемдерден күрделі екені сараланып көрсетіледі, олардың құранды бөлшектерімен таныстырылады. Яғни, бұл сөйлемнің күз келіп деген бір жай сөйлем және жапырактар сары түске боялды деген екінші жай сөйлемдерден құралып тұрғаны айтылады. Демек, құрмалас сөйлемдердің құранды бөлшектері жай сөйлемдер болатыны таныстырылады. Оқығанда жай сөйлемдердің арасы сәл іркіліс жасап, бәсеңдеуімен білдіріледі.
Осындай түсіндірулерден кейін құрмалас сөйлемнің бірінші сабағының 1-жаттығуы орындалады. Алдымен жай сөйлемдерді, содан кейін үтірмен ажыратылған сөйлемдерді оқиды, оларды салыстырады. Сөйлемдердің бастауыштары мен баяндауыштарын табады. Кейбір сөйлемдерде екі бастауыш, екі баяндауыштың бар екеніне назарларын аудару керек.
Сөйтіп, мұғалім жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін салыстырту арқылы жинақтап, қорытындылайды.
2, 3-жаттығуларды орындағаннан кейін құрмалас сөйлемдердің
құрамында кем дегенде екі жай сөйлем болып, олар өзара үтірмен ажыратылатыны талдау процесінде нақтылай түсіндіріледі. Оқушылардың талдау жұмысына жеңілдік келтіру үшін, жай сөйлемдердің бастауышы мен баяндауыштарының асты сызылады. 4-жаттығу ауызша талданып, мазмұнын баяндағаннан кейін оқушылар алдымен жай сөйлемдерді, содан соң құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазады. 5-жаттығуды алдымен оқушылар дауыс интонациясын сақтап, дұрыс оқып үйренулері керек.
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі
Сабақтың максаты:
1. Құрмалас сөйлемдердің құрамында кем дегенде екі жай сөйлем болып, олар өзара үтірмен ажыратылатынын түсіндіру.
2.Құрмалас сөйлемдерді дұрыс екпінді ырғақпен оқуға жаттықтыру, сауаттылықтарын арттыру.
3. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.
Сабақтың барысы:
Өтілген материалды тексеру, қорыту.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін сызбакестеде көрсетілгендей жинақтап, қорытуға болады.
Жай сөйлем
|
Құрмалас сөйлем
|
Бір ғана ойды білдіреді.
|
Бірнеше ойдан құралған күрделі
ойды білдіреді,
|
Сөйлем мүшелері: бастауыш,
баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер.
|
Кемінде 2 сөйлем немесе одан да
көп жай сөйлемдерден құралады.
|
Жаңа сабақ.
I. Сурет бойынша жұмыс.
Оқушылар сюжеттік суреттер бойынша әртүрлі құрмалас сөйлемдер құрастырады. Мұғалім құрмалас сөйлемдерді оқығанда жай сөйлемдердің арасына сәл кідіріс жасап, ырғақпен дұрыс оқуын қадағалайды. Оқушылар құрмалас сөйлемнің құрамымда неше жай сөйлем бар екенін айтады. Мүмкіндігінше оқушыларды екіден көп жай сөйлемдері бар құрмалас сөйлемдер құрастыруға жетелеу керек. Жай сөйлемдердің арасын қандай тыныс белгісімен ажыратуға болатыны оқушылардан сұралады.
II. Оқулықпен жұмыс.
1,2-жаттығуларда құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтап, тыныс белгісіне назар аударуларына көңіл бөледі. Сөйлем мүшелеріне талдау арқылы әр жай сөйлемнің бастауышы, баяндауышы болатыны тағы да пысықталады. Бұл жерде бастауышты таба алуларына көмектесу керек. Осы жаттығуға толық талдау жасалғаннан кейін оқушылар әр сөйлемнің арасында кідіріс жасалатынын және олардың арасына үтір қойылатынын өздері қорытындылап айтады.
3-жаттығу арқылы оқушылар тыныс белгісін дұрыс қоюға үйренеді.
4-жаттығуда берілген мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс жүргізіледі, мәтіннің сөйлемдерден құралатыны тағы да бір рет пысықталады.
Одан соң құрмалас сөйлемдерді тауып, құрамында неше жай сөйлем бар екенін анықтайды, дәптерге көшіріп жазады.
5-жаттығудағы сызба бойынша сөйлем құрастырып жазуды оқушылар өз беттерінше орындайды.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы
алған білімдерін пысықтау.
Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім
Бастауыш сыныпта сөйлем мүшесі жайында жалпы түсінік бергенде, оның сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып өзара бөлінетіні ғана аталып өтіледі. 3-сыныпта тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер жайында жан-жақты білім беріліп, олардың өзіндік белгілері мен анықтамасы саналы меңгертілді. Бүгінгі сабақта сол білімдері еске түсіріліп, пысықталады. Тақтаға мына тәрізді сөйлемдер жазылады:
1. Жаңбыр жауып тұр. 2. Аспанды бұлт қаптады. 3. Марат інісіне
қамқор болып жүр. 4. Мұнай шықты. 5. Әжем атамды жолға қамдады.
Оқушылар сөйлемдерді оқып, жалаң сөйлемдерді бір бөлек, жайылма сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
Жалаң сөйлем дегеніміз не? (Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын
сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Мысалы: Ағаш теңселіп тұр).
Жайылма сөйлем дегенім не? ( Тұрлаулы мүшелерден басқа,
тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Алыстын тау мұнартып көрінеді.
Сөйлем мүшелерінің мынадай өзіндік белгілері еске түсіріледі:
Сөйлем мүшесі белгілі бір сұракқа жауап береді,
Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.
Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.
Оқулықта берілген жаттығу жұмыстарын орындау арқылы білімдері тиянақталады.
1-жаттығуды орындау барысында оқушылар бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрауға негіз болатынын байқауы тиіс. Ол үшін сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын алып тастап оқытып, тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайтындындығына көздерін жегкізу керек.
3-жаттығуға берілген сурет бойынша жазады. Әр сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты табады. Екі сөзден тұратын баяндауыштарды тапқызып, күрделі мүшелердің бір сұраққа
жауап беретінін еске түсіруге болады.
4. 5-жаттығулар да сөйлем мүшелеріне талдауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |