Сабақтың мақсаты: Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру



бет4/4
Дата06.07.2018
өлшемі107,92 Kb.
#48092
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалыр, жаңа ұғым тудыратынын екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.

  2. Сөздік қорларын дамыту.

  3. Бір-біріне көмекке әрқашан дайын болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу

Сабақтың барысы:

  1. Өтілген материалды тексеру, қайталау.

Күрделі сөздер туралы алған білімдерді еске түсіріледі. Күрделі сөздердің бірігу, тіркесу, қосарлану арқылы жасалған түрлеріне мысалдар келтіріледі. Мұндай сөздер екі сөзден құралғанымен, екеуі бірігіп бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын айтады. Күрделі сөздің жалаң сөзден айырмашылығын айтқызу.

Күрделі сөздің өздеріне таныс түрі біріккен сөзді де естеріне түсіріп, қайталай кеткен жөн. Біріккен сөздердің жасалуы, жазылу емлесі мысалдар арқылы нақтыланады.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қос сөздің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту мысалдарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Қос сөздердің тілімізде жаңа сөз жасаудағы басты тәсіл екендігіне оқушылардың көздерін жеткізе түсіндірген жөн.

Мысалы: Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.

Бұл сөйлемдегі бет- аузын, кезек- кезек сөздерін басқа түсті бормен жазып қойған жөн.

  • Сөйлемдегі басқа түспен жазылған сөздердің құрамы қандай?

  • Қалай жасалып тұр?

  • Бетін сүртті деп айтсақ, қандай мағынаны білдіреді?

Қос сөздерге мағыналарын жан жақты ашып, талдау жасату арқылы екі түбір қосарланып келсе, екінші бір жаңа мағыналы сөз туатыны туралы қорытынды жасалады.

Осындай дайындық жұмысынан кейін оқулықтағы жаттығу жұмыстары арқылы ары қарай білімдерді кеңейтіледі.

1-жаттығуда берілген қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы түбір сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді. Олардың қалай жасалғаннан, арасына қойылған дефиске назарларын аудару.

Екі сөздің қосарланып айтылуына жасалған сөздің қос сөз деп аталатынын оқушылар өздері қорытындылап айтады.

2,5-жаттығулардың барлығы оқушылардың қос сөздер туралы білімдерін тереңдетуге арналған. Олар қос сөздерді сөйлем ішінен табады. Мағыналарын анықтайды, сөйлемдер құрастырады, біріккен сөздермен салыстырады. 5-жаттығу арқылы қос сөздерді тауып, тыныс белгісін өздері қойып үйренеді.

Сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз беттерінше орындайтын жұмысты, үйге берілетін тапсырманы өз қалауынша таңдап алынады.

Әртүрлі мысалдыр орындау арқылы қос сөздердің тілімізде жиі қолданылатынына және олардың тұлғалары мен беретін мағыналары да сан түрлі екеніне, сөздің әсерлі бола түсетініне көздерін жеткізеді.

Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер. Қосарлама қос сөздер. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру; бір сөздің қайталануынан, екі түрлі сөздің қосарлануынан, күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздерді ажырата білу; олардың әрқайсысының білдіретін мағыналарындағы айырмашылықты аңғара білуге үйрету.

  2. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алу дағдыларын дамыту.

  3. Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Үйден орындап келген тапсырмалары бойынша талдау, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қос сөздер туралы алған білімдері тексеріледі.

  • Қос сөздердің біріккен сөздер, сөз тіркесінен қандай айырмашылығы бар?

  • Қос сөздердің тілімізді байытуда қандай маңызы бар?

Оқушыларға қос сөздерге байланысты әртүрлі тапсырмалар беріледі. Қос сөздерді жай сөздерге, жай сөздерді қос сөздерге айналдырады, қос сөздердің мағынасын анықтайды, жеке сөздерден қос сөздер жасайды.

  1. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

Қос сөздердің жасалу жолы әртүрлі. Бұл сабақтарда бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздермен танысады.

1-жаттығу қайталама қос сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру үшін берілген. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оқушылар қайталама қос сөздің не екенін қорытындылап айтып бере алады. Оқушылар бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздерге көптеген мысалдыр келтіреді. Қайталама қос сөздердің мағынасы жеке тұрған кездегі мағынасымен салыстырылады.

2-жаттығуда оқушылар сөз тіркестері мен сол сөздің екі рет қайталану арқылы жасалған қос сөздің мағынасын салыстырады. Сол арқылы қос сөздердің сөйлемнің мағынасын байытудағы рөліне көздеріне жеткізеді.

3-жаттығуда берілген мәтін арқылы оқушылар түйіні қалай шақыратыны,шөгеретінін, жайылымға шақыратынын үйренеді, сонымен қатар ол сөздердің қайталама қос сөздердің қайталама қос сөздер арқылы жасалғанын біледі.

4-жаттығу мағынасы ұқсас қос сөздерді таба білуге үйретуді көздейді. Жаттығудағы мағынасы ұқсас қос сөздер. Сынып оқушылары деңгейіне қарай жұмысты жалғастырып, осындай мағынасы ұқсас қос сөздерді оқушылардың өздеріне де тапқызуға болады.

5-жаттығуды оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

6-жаттығуда қос сөздердің мағынасын түсіндіруге көңіл бөлінгені дұрыс. Бұл қос сөздер оқушылардың сөздік қорларында үнемі қолданыла бермейді. Қос сөздерді дұрыс қолдана білу үшін оқушылар сөйлемдер құрастырады.

Қайталама қос сөздермен танысқан оқушылар келесі сабақтың 1-жаттығуын орындау барысында қос сөздердің екі түрлі сөздің қосарлануынан жасалып тұрғанын байқайды. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оқушылар қосарлама қос сөздерге анықтама береді. Сондай ақ күшейткіш буын арқылы эжасалған қос сөздермен де танысады.


Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер.

Сабақтың мақсаты:

  1. Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс, жеңіл түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру; қысқарған сөздерді толық атаумен айтқызып жаттықтыру; басқа күрделі сөздерге қосымшаның жалғану тәсілімен таныстыру.

  2. Күрделі сөздер туралы білімдерін ары қарай толықтыру; қысқарған сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру.

  3. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау-жинақтау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.

Қос сөздер, оларды жасалу жолдары туралы алған білімдерін тексеру. Мысал келтіре отырып, дәлелдеулерін талап ету.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қысқарған сөз- сөз құрамының түбір сөз, қосымша, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз сияқты түрлерінен өзіндік ерекшелігі мол, оларға ұқсамайтын тұлға. Туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жаңа сөздер жасайды. Жаңа қоғамның тууымен, экономиканың өркендеп, техниканың жетілуіне байланысты жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болды. қысқарған сөздер түрлі мекеме, ұйым орындарының, құрал-жабдықтардың аттарын білдіретін күрделі ұғым екенін айту.

Қысқарған сөздің күрделі тұлғасы мен қысқарған түрін түсіндруде оқушыларға күнделікті кездесіп жүрген, мағынасы таныс сөздерді мысалға алу керек. Олардың қысқартылу жолдары таныстырылады.

Дайындық жұмысы кезінде бірнеше сөзден құралған мемлекет, ұйым, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының атаулары толық түрінде жазылады да, содан кейін олардың қысқартылған түрлері көрсетіледі.

  1. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығуда қысқарған сөздердің қандай тәсілмен қысқартылып тұрғаны айтылады.

Кейбір күрделі сөздерді қысқартып айтудың қандай маңызы бар екені төңірегінде оқушылардың өздері ойланып көргені дұрыс.

2-жаттығудағы қысқарған сөздердің толық атаулары: МАИ- Мемлекеттік автомобиль инспекциясы, АҚШ- Америка Құрама Штаттары,см-сантиметр толық атаулары жазылғаннан кейін күрделі сөздердің қалай қысқартылғанын өздері айтып береді.

3-жаттығуда қысқарған сөздерге қосымша жалғап жазуды үйренеді: ХШЖК-не, ЖШС-на.

Басқа жаттығулар да қысқарған сөздермен таныстыруға арналған. Қысқарған сөздерді дұрыс оқуға да үйрету керек. Ұзындық, салмақ, уақыт өлшемдерінің қысқартылған түрлерімен оқушылар математика пәнінен таныс. Өлшем бірліктері де еске түсіріліп, олардың да қысқарған сөздерге жататыны айтылады.

Қысқарған сөздердің 2-сабағында қысқарған сөздерге қосымшаның жалғану тәсілімен таныстыру. Жалғау соңғы дыбыстың әріптік атауына сәйкес жалғанады.

Сондай ақ бірнеше сөзден тұратын атауларын бәрі бірдей қысқартыла бермейтіні және қалай болса солай, әркімнің қалауынша қысқарта беруіне болмайтыны туралы жаттығуларды орындау барысында ескертіледі.

Күрделі атаулардың қысқартылу жолдары жеке-жеке көрсетіліп, арнайы түсіндірілмейді. Бірақ жаттығулардағы қысқарған сөздердің қалай қысқартылып тұрғанын оқушыларды қатыстыра отырып, түсіндіре кету керек.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.

  2. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырп сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.

  3. Тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Зат есім- 2-сыныптан бері оқытылып келе жатқан тақырып. Зат есім туралы алған білімдерін тереңдете отырып, 4-сыныпта зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлсесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолдана білуге үйрету мақсаттары көзделеді. Сондай ақ зат есімнің жіктелуі туралы түсінік беріледі және олардың жекеше, көпше түрімен танысады. Осы тақырыптарды бастамас бұрын бұл сабақта зат есімге қатысты берілген ұғымдарды еске түсіру үшін жаттығулар беріледі.

1-жаттығу негізгі, туынды зат есімдерді еске түсіруге арналған. Сөйлем ішінен негізгі, туынды зат есімдерді табады.

2-жаттығу арқылы жалпы, жалқы есімдерді қайталайды. Жалқы есімдердің бас әріппен жазылатынын естеріне түсіру.

3-4-жаттығулар бойынша екпінділер, мал, қол сөздерін пайдаланып, әртүрлі зат есімдер жасап жасайды.

5-жаттығуда негізгі зат есімдерден туынды зат есімдер жасап жазады. Зат есім тудыратын жұрнақтар туралы арнайы тақырып өтілмесе де, балалар күнделікті өмірде естіп жүрген сөздері болғандықтан, бұл сөздерден туынды зат есімдер жасай алады. Мысалы: құлыншақ, қалқатай, тұлымшақ, төбешік, ботақан.

6-жаттығу төмендегідей орындалады. Оқушылар әтүрлі нұсқалар айтуы мүмкін.

Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Зат есімнің көптік жалғауы, тәуелсіздік жалғауы, жіктік жалғауы туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің септік жалғауы туралы жалпы мағлұмат беру.

  2. Зат есімді септей білу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Сабақ барысында ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім.

Сұрақ жауап әдісі арқылы зат есім жайлы алған білімдерін пысықтау. Осыдан кейін зат есімнің жалғауларына тоқталу.

Зат есімнің көптік жалғауы туралы алған білімдерін төмендегі кестені толтыру арқылы еске түсіру ұсынылады.

Көптік жалғаулар

Мысалдар

-лар,-...

арқар-лар,...

-...,-...

...-дар,...-...

-...,-...

...

Сол сияқты зат есімнің тәуелдік жалғауы да осылай еске түсіріледі.

Дауысты дыбыстан соң

Мысалдар

  1. жақ. м,-мыз,-міз

Менің әжем.Біздің әжеміз.

Біздің атамыз.

  1. жақ.-ң,-ңыз,-ңіз

Сенің әже...Сендердің әжелер...

Сіздің әже...Сіздердің аталар...

Сіздердің әжелер...

  1. жақ.-сы,-сі

Оның әже... Олардың әже...

Негізгі бөлім

Сонымен зат есімнің көптік жалғауы, жіктік және тәуелдік жалғаулары барын білеміз. Бүгін зат есімнің септік жалғауымен танысамыз. Қазақ тілінде жеті септік бар. Бұл септіктермен мына өлеңді оқи отырып танысамыз.

Септіктер

Сұрақтары

Мысалдар

Атау

Кім?не?

Марат, күнделік

Ілік

Кімнің?ненің?

Мараттың,күнделіктің

Барыс

Кімге?неге?

Маратқа, күнделікке

Табыс

Кімді?нені?

Маратты,күнделікті

Жатыс

Кімде?неде?қайда?

Маратта, күнделікте

Шығыс

Кімнен?неден?

Мараттан, күнделіктен

Көмектес

Кіммен?немен?

Маратпен,күнделікпен

  • Сонымен қазақ тілінде неше септік бар? Әрқайсысын жеке атап шығыңдар.

  • Септік жалғауларының қызметі қандай? (Жауап: сөз бен сөзді байланыстырады.)

Оқулықтағы жаттығулар орындалып. Ереже түсіндіріледі. Жаттығулар жазбаша түрде орындалады. Зат есімді тапқызып, олардың қай септікте тұрғаны анықталады.

Сабақты қорыту.

Үйге тапсырма:5-жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет