Тіл ғасырлар бойы, замандар бойы жасалып қалыптасады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмысының көрінісі. Ұлттың дәстүр, салт, әдет-ғұрып, тарих, шаруашылық-тұрмыстық өзгерістер, ерекшеліктер, таным, сенім тілде сақталады. Тіл — сонысымен қадірлі. Онда біздің ата-бабаларымыздың ойы, пікірі, жаны мен қаны бар. Тарих тілдің сол тілде сөйлеуші ұлт ерекшелігіне қарай жүйесін қалыптастырады. Тілдік жүйені дыбыстың айтылуы, өзара үндесуі, сөз мағынасы, оның өзгеруі, мағына өзгеруінің әдіс-тәсілдері мен жолдары, қосымша, сөздердің тіркесуі, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі т.б. құрайды.
Адам ойы тіл арқылы айқындалады. Сөздің өзі — адам санасындағы ұғым, түсініктің көрінісі. Сондықтан да сөз бен ұғымның арасында алшақтық, қарама-қарсылық болмауы керек. Сөз дәлдігі сол сөздің ұғымына сай келетін мағынаны дәл тауып беруімен анықталады.
Сөз дәлдігін айтар, жазар ойға ұштастыруда төмендегі ерекшеліктер, ескерілуі керек.
Әр сөздің жеке тұрғандағы мағынасымен бірге басқа сөздермен тіркескенде өзгерер ерекшеліктерін, қызметін, стильдік сипатын, қолданылу аясын да ескеру.
Қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін жетік білу.
Орфоэпиялық норманы меңгеру: әрбір дыбысты, сөзді, тіркесті дұрыс айту, екпінді нық қою, сөздер арасындағы кідіріс, ырғақты дәл беру.
Қосымша қимыл-қозғалыс, ым-ишараны дұрыс, орнымен пайдалану.
Сөз дәлдігі Сөзді тілдегі мағынасына сай қолдану Дәл сөйлеуге қажетті алғышарттар Мағыналас сөздерді,олардың деректі ,дерексіз ұғымды білдіретін түрлерін талғап, таңдап қолдана білу Мысалы: Оқу үлгірімі жақсарды(үлгірімі емес,үлгерімі). Пойызға үлгірмей қаламын (үлгірмей емес,үлгермей).
1-тапсырма Суреттермен танысып, сұрақтарға жауап беріңдер
Алғашқы пойыздардың қазіргі пойыздардан қандай айырмашылығы болды деп ойлайсыңдар?
Түрксіб теміржол торабы туралы жазылған қандай шы- ғармаларды білесіңдер?