Кеңес Одағында көлік қатынасының, соның ішінде теміржолдың маңызы айрықша зор еді. Түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібін құру көлік қатынасына айтарлық- тай тәуелді болды. Түркістан-Сібір теміржолы ХХ ғасырдың 20–30-жылдары салынған ең ірі құрылыстардың бірі болды. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан- нан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты.Теміржол Қазақстан экономикасының дамуының қуатты факторына айналды, әсіресе малшаруашылығын және тау-кен ісін ілгері бастырды. Мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, шетелден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға мүмкіндік туғызды. Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаев қазақтарды теміржол жұмысына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Магистраль құрылысының жұмысына Кеңес Одағының ірі қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тартылды. Тек оңтүстік бөлігінің өзін- де Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті жұмыс істеді. Түрксіб жаңа қалыпта- сып келе жатқан ұлт кадрларының, әсіресе құрылысшылар мен теміржолшылардың ірі ұстаханасына айналды. Олардың арасынан беделді басшылар мен танымал теміржолшылар шықты. (А.Кадыров,Ж.Байхадамова)
Мұхамеджан Тынышбаев Түрксіб құрылысында алғаш рет аэрофотоларды қолданған. Соларға сүйеніп, ұзындығы 50–60 метрлік бірнеше жерасты жол- дарын салуды, Қордай асуының орнына Шоқпар жобасын ұсынады... «Тескен таулардың» есебінен қаржы үнемдеуге әрі 6 облысты байланыстыруға ықпал етті. Сөйтіп, жобаланған мерзімінен 540 күн бұрын ұлы жолдың соңғы шпалы төселді. 1931 жылы 1 қаңтар күні ресми түрде пайдаланылуға берілді...
Теміржол машиналарын жасау саласының өсім қарқыны мен жүрдек қозғалысты дамыту бағдарламасы іске асты. Тальго вагондарын шығаратын зауыт салынып, өнімдері елімізде кеңінен пайдаланыла бастады. Теміржол саласы үшін электровоздар мен тепловоздар ғана емес, заманауи жүк және жолаушылар вагондары да өзімізде жасалады. Қазір олар түрлі бағыттарда жолаушы таситын жүрдек пойыздарда пай- даланылады. Кәсіпорынның өндірістік орынжайларының жалпы аумағы – 31 мың шаршы метр, өндірістік қуаты – жы- лына 150 вагон. Еуропалық сапа стандарттарына сай озық технологиялар мен материалдарды қолдану пойыздың сағатына 200 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етеді. Вагондардың пайдаланылу мерзімі 40жыл. 2012–2015 жылдар аралығында «Жолаушылар тасыма- лы» АҚ үшін 436 вагон жасалып, жеткізілді. 2015 жылы ша- нағының ені кеңейтілген вагондар өндірісі қолға алынды. 2020 жылға дейін осындай сериялы 603 вагон шығару жос- парланған. Испанияның «Patetg Talgo» фирмасы шығарған вагондардан жасақталған «Тұлпар-Тальго» пойызы Алматыдан Астанаға дейінгі жолды 13 сағат ішінде жүріп өтеді. Теміржолдың кейбір бөліктерінде бұл пойыздың жылдамдығы – 160 км/сағат .