Дәріс материалдары Ринолалия



бет12/14
Дата16.01.2023
өлшемі41,09 Kb.
#165594
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
лекция рино дауыс
№ 1 Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай» жыры, № 11 М Өтемісұлының Мен, мен, мен едім өлеңіндегі көтеріліс көрінісі (1)
Тұлға дамуын түзету. Ринолалиядағы сөйлеу тілінің ақаулығы науқастың тұлғасының құрылымына өз ізін қалдырады, сондықтан барлық логопедиялық сабақтар барысында үлкен назар оның дамуын түзетуге бағытталады. Логопед науқастың өз күшіне атқарылатын жұмыстың пайдалы және тиімді екеніне сенімін артқызады.
Осы мақсатта науқасты операцияға дейін және кейін аудиотаспаларға жазылған басқа науқастардың сөйлеуімен таныстыру қажет. Тындалған сөйлеу тіліне салыстырмалы талдау жасалады.
Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері
Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақтарға алынатын ринолалисы бар балалар құрамы біркелкі емес. Ол операцияға дейінгі логопедиялық сабақтардағы дайындық , операция нәтижелеріне, сапасына байланысты. Операция нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы дегенде уранопластикадан кейін жұмсақ таңдай толық қалпына келеді, яғни ол ұзын және қозғалғыш болады, сондықтан көтерілгенде жұтқыншақтың артқы қабырғасымен (Пассаван валигімен) түйіседі. Көп жағдайларда жұмсақ таңдай уранопластикадан кейін де, қысқа болып, жұтқыншақтың артқы қабырғасымен түйіспейді, соның нәтижесінде таңдай жұтқыншақ қақпағы толық жабылмайды. Кейбір жағдайларда операциядан кейін таңдайға терең жаралар (таңдайдың жетілмеген жерлері) қалады да, қайталап операция жасауға тура келеді.
Сабақтарға төмендегідей науқастар қабылданады:
а) операцияға дейін логопедиялық дайындықтан өтпеген;
ә) операцияға дейін біраз дайындықтан өтіп, сөйлеу тілі жақсарған;
б) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейінгі логопедиялық сабақтар толық курсын өткен;
в) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейін логопедиялық көмек көрсетілген.
Уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтарға қатысу уақыты да, әр түрлі болуы мүмкін. Барлық осы факторлар ескерілгенде уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыстың нақты жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бірінші – операцияның нәтижелілігінің мәні. Біздің ойымызша жаңадан жасалған таңдай хирургті, науқасты да қанағаттандырса, қайталап операция жасау қажеті жоқ. Логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктері шамалы ақаулықтардың орнын толықтыруға және қайталап операция жасамай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге үйретуге мүмкіндік туғызады. Хирургиялық араласу нәтижесінде баланың дұрыс сөйлеуді меңгеруіне мүмкіндігі мол болады. Логопед баланың жаңа анатомиялық жағдайда сөйлеп үйренуіне көмектесуі керек. Барлық науқастарға (операцияға дейінгі дайындықтан өткен, өтпегеніне байланысты емес) уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтар қажет. Себебі, операциядан кейін таңдай бұлшық еттер анатомиясы өзгеріп, сөйлеу тілінің сапасы операцияға дейін толық түзелген күннің өзінде қате көрінісін табуы мүмкін.
Сонымен, операцияға дейін аталған әдістеме бойынша логопедпен сабақ өткен науқастар, операциядан кейін де сөйлеу дағдылары үлкен сөйлеу материалында , барлық жағдайларда дұрыс сөйлеуге біртіндеп ауыса отырып қалыптасады. Операцияға дейін басқа әдістемелер бойынша оқылатын немесе мүлдем логопедиялық көмек алмаған ринолалиясы бар балаларды тиянақты түрде логопедиялық тексеруден өткізу қажет. Әсер ету жолдарын тандауда сөйлеу тілінің ақаулығының ерекшеліктері және мүмкіндіктері ескеріледі. Егер, тілінде логопедиялық сабақтарға операциядан кейін келіп түскен ринолалиясы бар баланың сөйлеу тілінде мұрынмен сөйлеу, бет және мимика бұлшық еттері қатаймаса, бірақ дыбыстар қатары жоқ болса, онымен дислалиясы бар баламен өткізілетін сияқты сабақтар жүргізіледі, яғни бала дұрыс айта алмайтын дыбыстарды қою тәсілдерін қолдану.
Логопед баланың сөйлеуін қадағалауды ата-анасына уақытынан ерте тапсырған жағдайда, кейде сөйлеу кезіндегі қателер байқалады. Ата-аналар баланың сөйлеуінің дұрыс еместігін білген күннің өзінде, түзету жолдарын көрсете алмайды. Түсініспеушілік туындайды. Кейбір жағдайларда бала өз сөйлеуін тиянақты бақылай алмайды, яғни ол өзін-өзі қадағалау қажеттілігіне сенімсіз, ал кейде басқа затқа көңілі ауып, өзін- өзі анда-санда ғана қадағалайды. Логопедиялық сабақтар аяқталса да, логопедпен бала арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін созылады. Себебі:

  • Ринолалиясы бар балалар жоғарғы ерінмен мұрынның қалған

ақаулықтарын түзету үшін косметикалық операциялар жасатып жатады. Әдеттегідей, мұндай операциялар 18-20 жаста жасалады. Кейде еріннің етін трансплантациялайды (орнын ауыстырады). Трансплантациядан кейін жоғарғы ерін сөйлеу әрекетіне біртіндеп қатыса бастайды және уақыты ұзаққа созылады. Бұл науқастың сөйлеуі қайтадан мұрын арқылы болуы мүмкін, себебі сөйлеу аппаратының жоғарғы бөліміндегі жағдайлар өзгереді: бұлшық еттердің бұрыңғы үйренген өзара байланысы бұзылды. Ерінге операция жасалғаннан кейін ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өту үшін ауызды бұрыңғыдан (операцияға дейін) сәл кеңірек ашу қажет.
Логопед кеңестері бұл жағдайда пайдалы. Сөйлеу тілі қалыпты болу үшін 3-5 әңгімелесу өткізіледі.
Сонымен, уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыс операцияның жасалғанына және операциядан кейінгі жұмысты ескеру бойынша құрылады. Жұмыс әдістері науқастың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне байланысты және психикалық статусын ескеріп қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет