Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет65/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX
369700, Биология 《8》
4.«Ҧлы даланың жетіқыры». 
Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық. 
І. ҦЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ
Біздің жеріміз материалдық мҽдениеттің кҿптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау 
бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам ҿмірінің ажырамас бҿлшегіне айналған 
кҿптеген бұйымдар кезінде біздің ҿлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен 
ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған 
жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің ҽр түкпірінде ҽлі күнге дейін 
пайдаланып келеді. Кҿне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр 
Еуразия құрлығындағы саяси жҽне экономикалық тарихтың беталысын талай рет 
түбегейлі ҿзгерткені туралы сыр шертеді. 
1. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мҽдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны 
тарихтан белгілі. 
Еліміздің солтүстік ҿңіріндегі энеолит дҽуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген 
қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін 
дҽлелдеді. 
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз ҿз дҽуірінде адам айтқысыз 
үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен ҽскери саладағы 
теңдессіз революцияға жол ашты. 
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мҽдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған 
салт атты сарбаз айбарлы кҿшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дҽуірдің 
символына айналды. 


Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, 
сонымен қатар, атты ҽскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан кҿшпенділер ҽлемі 
«мҽдени кодының» айрықша элементі. 
Автокҿлік қозғалтқыштарының қуаты ҽлі күнге дейін аттың күшімен ҿлшенеді. Бұл 
дҽстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дҽуірге деген құрметтің белгісі. 
Біз ҽлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық 
революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін 
ұмытпауға тиіспіз. 
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала ҿркениетінің ерте кезеңінен тамыр 
тартады. Атқа міну мҽдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге ҽкелді. 
Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі жҽне 
астыңғы деп екіге бҿлді. Осылайша кҽдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. 
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына 
мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар 
тікті. Содан бері мыңдаған жыл ҿтсе де, киімнің осы түрі ҿзгере қоймады. Қазба 
жұмыстары кезінде табылған кҿне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. 
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі кҿшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ 
ҿкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. 
Ат үстінде жүрген кҿшпенділер тақымына басқан сҽйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі 
үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде 
қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын 
еш қиындықсыз жҽне неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған 
байланысты қарудың құрылымы да ҿзгеріп, күрделі, ыңғайлы ҽрі қуатты бола түсті. 
Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп ҿтетін 
кҿбебұзарға айналды. 
Қазақстан аумағында ҿмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық 
жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең 
маңызды ҽрі кең таралған соғыс құралына айналды. 
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз 
жасаған. Еуразия кҿшпенділерінің айрықша маңызды ҽскери жаңалығына баланған мұздай 
темір құрсанған атты ҽскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай 
қолданысқа енгенге дейін атты ҽскердің дамуы біздің дҽуірімізге дейінгі І мыңжылдық 
пен біздің дҽуіріміздің І ғасыры арасында кҿшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды 
болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – 
айбарлы атты ҽскердің қалыптасуына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет