Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы



Pdf көрінісі
бет74/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#174979
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
uPVjmoSnRZS8KcUm0uaB3GIghuMv8h1vVtGqSigX
369700, Биология 《8》
2.Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. 
2 шілдеде Қазақстан Дипломатиялық қызмет күнін атап ҿтеді. 1992 жылдың осы күнінде 
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан 
Республикасының елшілігі туралы» жҽне «ҚР Тҿтенше жҽне Ҿкілетті елшісінің негізгі 
міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіту жҿніндегі Жарлыққа қол қойды. 
Тҽуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы тұжырымдамасы қабылданды, оның 
негізіне теңгерімділік жҽне кҿп векторлық қағидаттары жатқызылды. Қазақстан үшін 
қолайлы 
сыртқы 
саяси 
жағдайларды 
қалыптастырудың 
жҽне 
қазақстандық 
дипломатияның кейінгі табыстарының берік негізін нақ солар қалаған болатын. 
Дипломатия бейбіт ҿмір қалыптастыруда ҽрқашан негізгі рҿл атқарады, ал дипломат 
кҽсібінің ең күрделі жҽне жауапты кҽсіптердің бірінен саналатыны кездейсоқ емес. Бұны 
«Дипломаттар сҿйлегенде зеңбіректер үнсіз тұрады» деген қанатты сҿз де растайды. 
Шамамен ҿте ежелгі дҽуірде пайда болған дипломатия кҽсіп ретінде мемлекеттер жҽне 
халықаралық қатынастар жүйесі ҿмір сүріп тұрған барлық кезеңде қажет болатыны анық. 
Бұл ретте ХХІ ғасырда коммуникациялар саласында, мемлекеттердің, қоғамдар мен 
азаматтардың арасындағы қатынастардың сипатында болып жатқан сан алуан 
ҿзгерістермен бірге дипломатиялық жұмыстың да мҽні, сипаты жҽне механизмдері де 
жылдам ҿзгеріп, толықтырылып отыратыны сҿзсіз. 
Егер сыртқы саясат ведомствосының миссиясына қысқаша тоқталатын болсақ, оның мҽні 
дипломатиялық қорғау құралдарымен біздің еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық 
тұтастығын жҽне шекараларымыздың мызғымастығын, басқа мемлекеттермен ҿзара 
қатынастарда жҽне халықаралық аренада елдің саяси, сауда-экономикалық жҽне ҿзге де 
мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. 
Біз 183 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнаттық. Шет елдерде Қазақстан 
Республикасының 90-нан астам дипломатиялық миссиялары – елшіліктері, халықаралық 
ұйымдардың жанындағы тұрақты ҿкілдіктері, бас консулдықтар мен консулдықтары 
жұмыс істейді. Қазақстанда 137 шет мемлекеттің елшілері (68-і қызметті қоса атқарады) 
тіркелген жҽне 20 астам халықаралық ұйымдардың офистері жұмыс істейді. 
Сыртқы саясаттың негізгі жетістіктерінің бірі шектес мемлекеттермен мемлекеттік 
шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу жҽне оның бүкіл периметрі бойынша достық 
белдеуін құру болып табылады. 


Биылғы жылғы мереке қысқа уақыттың ішінде жаһандық дипломатияның аса маңызды 
орталығына айналып үлгерген Қазақстанның бас қаласы Астананың 20 жылдығы 
қарсаңында атап ҿтіледі. Бұл туралы 2018 жылғы 5 маусымда Сыртқы істер 
министрлігінің Тұңғыш Президент – Елбасы қорымен жҽне Тұңғыш Президент – Елбасы 
кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырған «Астана – бейбітшілік қаласы» атты 
халықаралық конференцияның қатысушылары да айтқан болатын. 
Бүгінде біздің еліміз – халықаралық қатынастардың қалаулы жҽне беделді қатысушысы. 
Қазақстанның аты ҽлемдік қоғамдастықта сенімді ҽріптестігімен, бейбітсүйгіш 
саясатымен, халықаралық күн тҽртібі мҽселелерін шешудегі жауапты қызметімен, 
медиаторлық саладағы тиімді жұмысымен, жаһандық жҽне ҿңірлік қауіпсіздікті нығайту 
саласындағы жарқын бастамаларымен белгілі. 
Елдегі саяси тұрақтылық, нарықтық экономиканың серпінді дамуы жҽне қолайлы 
инвестициялық ахуал Астананың жаһандық дипломатиядағы халықаралық беделін 
нығайтуға ықпал етеді. 
Қазақстанның ҽлі де жас мемлекет саналатынына қарамастан, отандық дипломатия 
қызметінің ауқымында Еуропадағы қауіпсіздік жҽне ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), 
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы 
(ШЫҰ), Азиядағы ҿзара іс-қимыл жҽне сенім шаралары жҿніндегі кеңес (АҾСШК), 
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық 
кеңесі (ТМЫК) жҽне басқа да халықаралық құрылымдар сияқты ірі ҿңірлік жҽне 
халықаралық ұйымдардағы тиімді жұмыс пен табысты тҿрағалықтар бар. 
Біздің 2018 жылғы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тарихи тҿрағалығымыз 
халықаралық қоғамдастықтың тарапынан жоғары бағаға ие болды. Біз Орталық Азия күн 
тҽртібін белсенді түрде талқыға салдық, Ауғанстандағы жағдайға жҽне жаппай қырып-
жою қаруын таратпау тақырыбына баса назар аудардық. 18 қаңтарда Президент 
Н.Назарбаевтың тҿрағалығымен ҿткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім 
шаралары» атты жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг тҿрағалықтың басты оқиғасына 
айналды, ал 19 қаңтарда «Ауғанстанда жҽне Орталық Азияда қауіпсіздік пен дамудың 
ҿзара байланыстылығының үлгісі ретінде ҿңірлік ҽріптестік құру» атты алғашқы 
министрлер пікірталастары ҿткізілді. 
Біз ядролық қарудан азат ҽлемге қол жеткізу қажеттілігі туралы айтып қана қоймай
сонымен бірге осы жаһандық мақсатқа қол жеткізу жолында дҽйекті түрде жұмыс 
істейміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы 
Жарлыққа қол қойған күнін – 1991 жылғы 29 тамызды БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Халық-
аралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бірауыздан бекітті. Сонымен 
қатар Қазақстан Орталық Азияда Ядролық қарудан азат аумақ құруға белсенді түрде 
қатысты. 2015 жылы Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша БҰҰ Бас 
Ассамблеясының Ядролық қарудан азат ҽлем құру туралы жалпыға бірдей декларациясы 
қабылданды. 
Ядролық қаруды таратпауды ілгерілетудегі маңызды құрал біздің Президентіміздің тағы 
бір бастамасы – АТОМ (Abolish Testing. Our Mission) жобасы болып табылады, оның 
онлайн петициясына 100-ден астам елдің 300 мыңнан астам адамы қол қойып та үлгерді. 
Ол жобада Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) 
ратификациялауда прогреске қол жеткізу талабымен жетекші мемлекеттердің 
кҿшбасшыларына үндеу жасалады. 2018 жылғы наурызда Қазақстан Ядролық қаруға 
тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) қол қойды. Дамушы елдердің бастамасы бойынша 
осындай Шарттың пайда болуы жҽне қабылдануы халықаралық қоғамдастықтың ауқымды 
бҿлігінің ҽлемнің тұтастай бірқатар жетекші мемлекеттерінің арсеналдарында ядролық 
қарудың сақталуына алаңдайтынын жҽне үстінен ядролық ажал аждаһасы тҿніп 
тұрмайтын ҽлем құру жолында ҽрекет ететінін білдіреді. 


Қазақстан рухани дипломатияның маңызды орталығына айналды. Биылғы жылы Астанада 
Мемлекет басшысының ҿзіндік бірегей бастамасы – Ҽлемдік жҽне дҽстүрлі діндер 
кҿшбасшыларының алтыншы съезі ҿтеді. 
Президент Н.Назарбаевтың қолдауымен кепілгер-елдер (Ресей, Түркия, Иран), Сирия 
жҽне қарулы Сирия оппозициясының үкіметтері, БҰҰ Бас хатшысының арнайы елшісі 
Стаффан де Мистура, сондай-ақ бақылаушылар ретінде АҚШ жҽне Иордания ҿкілдері 
қатысқан Сириядағы жағдайды реттеу жҿніндегі «Астана процесі» шеңберіндегі 
келіссҿздердің тоғыз раундының ҿтуі Қазақстанның халықаралық дипломатиясын 
дамытудағы маңызды оқиға болды. Қатысушылардың мұндай форматы алғаш рет 
ҿткізілді. Келіссҿздердің мейлінше маңызды қорытындыларының бірі Сирияда 
деэскалацияның тҿрт аймағын құру туралы меморандумға, Ұсталғандарды/кепілдегілерді 
босату, қаза болғандардың мҽйіттерімен алмасу жҽне хабарсыз кеткендерді іздестіру 
жҿніндегі жұмыс тобы туралы ережеге қол қою, сондай-ақ басқа да уағдаластықтарға қол 
жеткізу болды. Соның нҽтижесінде Сирия Араб Республикасында (САР) зорлық-
зомбылық деңгейі мен құрбандар санының айтарлықтай азаюы байқалуда. Астана процесі 
БҰҰ аясындағы Женева процесі үшін аса маңызды қосымша тірек болып табылады. 
Орталық Азияда біздің еліміздің ҿмірлік маңызы бар мүдделері тоғысқан. Тҽуелсіздік 
алған сҽттен бастап Қазақстан Президенті ҿңірлік жақындасу саясатын белсенді түрде 
жүргізіп келеді. Ҿңірдің мемлекет басшыларының соңғы кезде жиілеп кеткен екіжақты 
жҽне кҿпжақты форматтардағы қарым-қатынастары ҿңірлік ынтымақтастықтың даму 
үстіндегі саяси еркі мен серпінін кҿрсетеді. Ағымдағы жылғы 15 наурызда Астанада 
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші консультациялық кездесуі болып 
ҿтті, оның қорытындылары бойынша барлық проблемалар мен мҽселелерді шешу үшін 
ҿңір елдерінің вице-премьерлері деңгейінде бесжақты жұмыс комиссиясын құру туралы 
ҿңірлік даму үшін маңызы бар шешім қабылданды, ал Орталық Азия мемлекеттері 
басшыларының кездесулерін тұрақты ҿткізіп тұру жоспарланып отыр. 
Ресей Қазақстанның аса маңызды стратегиялық одақтасы болып қала береді. Екі ел 
президенттері 2013 жылғы қарашада қол қойған XXI ғасырдағы тату кҿршілік жҽне 
одақтастық туралы шарт стратегиялық ҽріптестіктің негізі қызметін атқарады. Біздің 
қарым-қатынастарымыз тату кҿршілікпен, барлық деңгейлердегі экономикалық жҽне 
саяси ынтымақтастықпен ғана емес, сонымен бірге тарихымыз бен мҽдениетіміздің 
ортақтығымен де беки түседі. Стратегиялық ҽріптестікті нығайтудағы шешуші рҿлді 
біздің мемлекет басшыларымыздың жүйелі түрде ҿтетін кездесулері мен келіссҿздері 
атқарады. 
Тату кҿршілiк, достық жҽне ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы желтоқсан, Пекин) 
жҽне Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) мемлекет 
басшыларының жан-жақты стратегиялық ҽріптестік қатынастарының жаңа кезеңі туралы 
бірлескен декларациясы (2015 жылғы тамыз, Пекин) Қытаймен қатынастарды жан-жақты 
дамыту үшін негіз құрайтын аса маңызды құжаттар болып табылады. 
ҚХР-мен қарым-қатынастар серпінді жҽне сенімді сауда-инвестициялық ҿзара іс-
қимылмен сипатталады. Сонымен қатар Қытай тарапы «Астана» халықаралық қаржы 
орталығының» (АХҚО) негізінде Астана халықаралық биржасын (АІХ) құруға белсене 
қатысуда (үлесі 25%). Қытай мемлекеттік даму банкінің ҿкілдігі басқа да халықаралық 
компаниялармен қатар АХҚО-ға тіркеліп те қойды. 
Қазақстан-Америка қатынастары бүгінгі кезеңде мемлекетаралық байланыстардың 
қарқындылығы жҽне Қазақстан Республикасына АҚШ инвестицияларының артуы 
есебінен «кеңейтілген стратегиялық ҽріптестік» деңгейіне шықты. Астана мен Вашингтон 
экономикалық, саяси жҽне гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан ҽрі 
кеңейту, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, «С5+1» диалогі (Орталық 


Азия елдері жҽне АҚШ) шеңберіндегі ҿңірлік ынтымақтастықты нығайту жҽне 
Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс істеу ниетінде. 
Қазақстан-Еуропа қатынастарының серпінді дамуы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада 
Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы кеңейтілген ҽріптестік жҽне 
ынтымақтастық туралы жаңа келісімге (КҼЫК) қол қойылуына мұрындық болды, ол 
келісімде ынтымақтастықтың 29 саласын қамтитын «сауда блогі» айтарлықтай 
толықтырылды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы бастама жасаған «Еуропаға 
жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында Қазақстан Франциямен, Германиямен, 
Ұлыбританиямен, Испаниямен, Италиямен жҽне Венгриямен стратегиялық ҽріптестік 
қатынастарын орнатты. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ біздің еліміздің аса ірі инвесторы 
жҽне сауда ҽріптесі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының белсенді түрде 
қатысуымен Еуропа Одағының Орталық Азияға қатысты жаңа Стратегиясы ҽзірленуде. 
Тҽуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Таяу Шығыс, Азия, Латын Америкасы жҽне 
Африка мемлекеттерімен ҿзара тиімді жҽне сенімгерлік қатынастар орнатуға қол жеткізді. 
Бұл жұмыста сауда-экономикалық, инвестициялық жҽне гуманитарлық байланыстарды 
дамытуға, БҰҰ-дағы жҽне басқа да халықаралық ұйымдардағы ортақ мүдделерді ілгері-
летуге басымдық беріледі. 
Мемлекет басшысының жолдауларын жҽне басқа да стратегиялық бағдарламалық 
құжаттарды іске асыру шеңберіндегі экономикалық дипломатияны сыртқы саясат 
ведомствосы тұрақты назарында ұстайды. Бүгінде теңізге шығу мүмкінсіздігі (land-locked 
position) елге ҿзінің транзиттік-кҿлік ҽлеуетін іске асыруға жҽне Еуропа мен Азияның 
арасындағы халықаралық саудада байланыстырушы буынға айналуға кедергі келтірмейтін 
барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» 
бағдарламасының, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзиттік дҽлізінің жҽне Қытаймен 
шекарадағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын іске қосумен 
үйлесімдегі Қытайдың «Белдеу жҽне жол» бастамасының жҽне «Астана» халықаралық 
қаржы орталығының синергиясы біздің ел үшін инвестициялар тартуда, сауданы, қаржы 
секторын жҽне транзиттік ҽлеуетті дамытуда артықшылық мүмкіндіктерін тудырады, 
сондай-ақ Қазақстанның пҽрменді еуразиялық хабқа айналуына жҽрдемдесетін болады. 
СІМ отандық бизнес пен сыртқы ҽріптестердің арасындағы, сондай-ақ ҚР бейіндік 
мемлекеттік органдары мен халықаралық қаржы институттарының жҽне ұйымдарының 
арасындағы аса маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Бұдан басқа 
Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық ҿкілдіктері шетелдік инвестициялар тарту 
бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізеді, сондай-ақ қазақстандық экспортты 
ілгерілетуге жҽрдемдеседі. Мемлекет басшысының ірі сауда-инвестициялық келісімдер 
жасалатын шетелдерге сапарларының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға 
тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан ҿсуінің жаңа белестерін білдіретін жҽне ЭКСПО-
2017 мұрасын демейтін АХҚО-ны, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар 
халықаралық орталығын, Ай-Ти-стартаптар халықаралық технопаркін дамытуға 
жҽрдемдеседі. 
Қазақстанның инвестициялық ахуалына либералды виза саясаты оң ҽсер етеді. 2017 
жылғы 1 қаңтардан бастап біз 48 елдің (ЭЫДҰ мен Еуродақтың барлық елдері, БАҼ, 
Малайзия, Сингапур жҽне Монако) азаматтары үшін күнтізбелік 30 күн мерзімге 
Қазақстан аумағына кіруге арналған визасыз режім енгіздік. Жиырма елмен ҿзара визасыз 
режім жұмыс істейді. Бұл ретте СІМ қазақстандықтар үшін визалық режімді одан ҽрі 
жеңілдету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. 
Сонымен қатар біз электрондық құжат айналымын жетілдіруді, консулдық қызметтерді, 
электрондық визалар ресімдеуге кҿшуді қоса алғанда, Қазақстанның дипломатиялық 
қызметі жұмысына цифрлық технологияларды енгізуді жалғастыру ниетіндеміз. 


Сыртқы саясат ведомствосы консулдық қызметінің негізгі бағыты біздің еліміздің 
шетелдердегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін пҽрменді түрде қорғау жҽне 
халыққа мемлекеттік қызметтер кҿрсету болып табылады. 
Біздің басқа елдердің «дамуына ресми кҿмек» (ДРК) жүйесі ҚР сыртқы саясатының тиімді 
механизміне айналуда. БҰҰ Даму банкімен жҽне Жапония үкіметімен бірлесіп, ауған 
ҽйелдерінің экономикалық дербестігіне жҽрдемдесу жобасы іске асырылды, ол жобаның 
шеңберінде осы елдің азаматтары Қазақстанда мемлекеттік басқару жҽне денсаулық 
сақтау салаларында оқудан ҿтті. Тұтастай алғанда, тҽуелсіздік жылдары ішінде еліміз 
Орталық Азияның елдеріне, Латын Америкасына жҽне Африкаға 450 млн доллар 
сомасында гуманитарлық кҿмек жҽне қолдау кҿрсетті. 
ДРК жүйесі біздің сыртқы саясатымыздың мүдделері шеңберінде дамушы елдердің 
экономикасы мен адам капиталын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда «Қазақстан 
Республикасының дамуға ресми кҿмек саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 
жылдарға арналған негізгі бағыттарына» сҽйкес ҚР-ның стратегиялық басымдықтарының 
қатарында «ҽріптес елдердегі ҽлеуметтік-экономикалық жҽне саяси ахуалды 
тұрақтандыру, заңсыз кҿші-қонның алдын алу, терроризмге жҽне экстремизмге қарсы 
күресті күшейту, тату кҿршілік белдеуін қалыптастыру, Қазақстанның халықаралық 
ұстанымдарын жҽне оң имиджін нығайту» бар. 
Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық кҿрмесінің ойдағыдай ҿткізілуі шетелдік туристерді 
тартуға, ҽлемдік ақпараттық кеңістікте кең аудиторияны қамтуға, Қазақстанда жасыл 
экономиканы одан ҽрі дамытуға арналған база жасауға мүмкіндік берді. 
СІМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҿзінің алдына 
қазақстандық дипломаттардың бҽсекеге қабілеттілігін арттыру, кадр саясатының 
транспаренттілігі, дипломатияны цифрландыру, шешімдердегі прагматизм мен 
рационализм, ҽлемдік тҽжірибені тарту жҽне озық дҽстүрлерге адалдық, сыртқы саясат 
ведомствосының жұртшылық үшін ашықтығы сияқты жүйелі сипаттағы міндеттерді 
қояды. 
СІМ Қазақстанның политологиялық қоғамдастығымен жүйелі түрде кездесіп отырады, ол 
бір-бірін ҿзара толықтыруға жҽне сыртқы саясаттың қандай да бір мҽселелеріне сын 
кҿзбен қарауға ықпал етеді. Біз үш тілде «Дипломатия жаршысы» атты талдамалық 
журнал шығарамыз. ХХІ ғасырда цифрлы дипломатия рҿлінің артуына байланысты, біз 
ҽлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізудеміз. 
«Жаһандық ҽлемдегі Қазақстанның заманауи мҽдениеті» жобасының үйлестірушісі 
ретінде Мҽдениет жҽне спорт министрлігімен бірлесіп, осы заманғы Қазақстан 
мҽдениетінің (бейнелеу ҿнері, ҽдебиет, классикалық жҽне дҽстүрлі музыка, театр, кино, 
хореография) туындыларын ілгерілету мақсатында ҽлемдегі аса ірі кітапханалардың, 
мұрағаттардың, мұражайлардың, галереялардың, концерт залдарының, театрлардың жҽне 
басқа да мҽдениет мекемелерінің басшылығымен мазмұнды байланыстарды жолға қою 
бойынша жұмыс жүргізілуде. 
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасын қолдау ретінде, сондай-ақ Дипломатия 
күніне орай СІМ ҿзінің «Дипломатияның 26 жаңа есімі» жобасын іске қосты, онда форин-
офистің жас жҽне перспективалық қызметкерлері туралы ҽңгімеленеді. Министрлікте 
кҿптеген талантты жҽне іскер дипломаттар жұмыс істейді. Біз 26 адамның тарихы арқылы 
қоғамға отандық дипломатияның ҽлеуеті, оның қазіргісі жҽне болашағы туралы айтқымыз 
келеді. 
СІМ тұрақты түрде ұйымдастыратын шетелдік журналистердің Қазақстанға баспасҿз 
турлары қазақстандық жобаларды, бастамаларды, біздің елімізде ҿтетін ҿңірлік жҽне 
халықаралық деңгейдегі іс-шараларды (ЭКСПО-2017, Астана экономикалық форумы, 
Еуразиялық медиа-форум жҽне т.б.), сондай-ақ заманауи мҽдениет пен ҿнердің отандық 
үздік үлгілерін ҽлемдік БАҚ-та сапалы жҽне жан-жақты кҿрсетуге бағдарланған. 


Біздің дипломаттар ел ішінде де, шетелдерде де біліктілігін арттырудан жүйелі түрде 
ҿтеді, мемлекеттік жҽне шет тілдерді білу деңгейін арттыру бойынша курстар 
ұйымдастырылады. Қызметкерлерді аттестаттау тұрақты жүргізіледі. 
Министрліктің Орталық аппаратында ғана 7 ғылым кандидаты, 2 PhD докторы, 
«Болашақ» стипендиясының 18 түлегі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 
академиясы Дипломатия институтының 86 түлегі жҽне басқа да жоғары оқу орындарының 
түлектері жұмыс істейді. 
Ҽйелдерді жауапты мемлекеттік дипломатиялық лауазымдарға ілгерілету саясаты аясында 
Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі жҽне Еуропа одағы мен НАТО 
жанындағы ҚР ҿкілдігінің басшысы Айгүл Құспан, Швейцариядағы елшісі жҽне Женева 
қаласындағы БҰҰ бҿлімшесі мен ДСҰ жанындағы ҚР тұрақты ҿкілі Жанар Айтжанова, 
Таиландтағы елшісі жҽне ЭСКАТО жанындағы ҚР тұрақты ҿкілі Раушан Есболатова 
шетелде Қазақстанның мүддесіне ҿкілдік етуде. 
Еліміздің алғашқы Сыртқы істер министрі, Тҿтенше жҽне ҿкілетті елші Ақмарал 
Арыстанбекованы, танымал қазақстандық дипломаттар мен мемлекет қайраткерлері – 
Парламент Сенатының Ҽлеуметтік-мҽдени даму жҽне ғылым комитетінің тҿрайымы 
Бірғаным Ҽйтімова, Мҽдениет жҽне спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің 
тҿрайымы Майнюра Мырзамадиеваны ерекше атап ҿту қажет. 
Отандастарымыз – ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жҿніндегі арнайы ҿкілі 
Мадина Жарбосынова, БҰҰ-ның Оңтүстік Африкадағы есірткі жҽне қылмыс жҿніндегі 
басқармасының аймақтық ҿкілі Жұлдыз Ақышева жҽне ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар 
жҿніндегі елшісі Зульфия Аманжолова қазақстандық дипломатияның ерекше мақтанышы 
болып табылады. 
СІМ шеңберінде Қазақстан дипломаттарының бірлестігі жұмыс істейді, ол 
корпоратившілік мҽселелерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге мұқтаждарға кҿмек 
кҿрсететін ҽлеуметтік-бағдарланған жобаларға да қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет