Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:
онтология – әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;
гносеология – таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жөніндегі ілім;
әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;
антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.
аксиология – құндылықтар туралы ілім;
этика – адамгершілік, мораль туралы ілім;
логика – ойлау заңдылықтары туралы ілім;
эстетика – сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.
4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық қызметтрінен көруге болады:
дүниетанымдық - дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;
методологиялық – қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды;
теоретикалық – концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді;
гносеологиялық – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді;
аксиологиялық (гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;
әлеуметтік – қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау;
тәрбиелік – гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;
сындарлы – білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;