Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



Pdf көрінісі
бет19/54
Дата14.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#126538
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г

техника  өмір  дамуын  тездетуде,  өмірді  өзгертуде»



(Имамичи  Т.  «Моральный  кризис  и 

метатехнические  проблемы»  Вопросы  философии,  1995.  -  №3,  79-80  бб.)

.  ХХ  ғ.  30-шы 

жылдарында  өмірге  өзгеріс  ендірген  техника  тездеп  дами  бастады.  1941  ж.  американдық 

социолог  Д.  Ш.  Берихеим  «Менеджерлер  революциясы»  деген  кітабында  мамандардың 

қоғамдағы  билік  туралы  пікірін  қолдай  келіп,  «технократия  менеджерлер  түрінде 



(басқарушылар) саяси өмірді де басқаратын болады, олар қазірдің өзінде көптеген дамыған 

елдерде  көрініс  табуда»  деп  жазды.  Бұл  пікірді  «Жаңа  индустриялдық  қоғам»  деген 

кітабында        Д. Ж. Забрент  қолдады. Одан   соң З. Бжезинский,   т.  б.  бұл пікірді  ілгері  

дамытты:  «Бұл пікір қазіргі заман көрінісі деуге болады. Бұл  техниканың қоғамға, адамға 

тигізіп жатқан әсері сондай-ақ, басқа да әсерін айтқандар бар. Ол негізсіз емес».  

М.  Хайдагтер былай деп жазды:  «Техника  – жай қарапайым дәнекер  емес, техника 

бойдағы    көрінбей  жатқан  шындықты  ашу  саласы».  Сонымен  қатар,    техниканың  тигізер 

кері әсерін де көрсетті. Мәселен, Рейн өзеніне электрстанциясы орнатылды. Ағын су күші 

турбиналарды айналдырып, электр қуатын шығарып, арзан қуатты көптеген машиналарды 

жұмыс  істеткізді.  Сонымен  қатар,  бұрынғы  табиғатты    «нұрландырып  тұрған  қасиетінен 

айырылды, табиғат өзгерді» деп жазды. Сөйтіп, техниканың пайдалы әрі зиянды жақтарын 

ашып көрсетті. Бұл екеуі де бір мезгілдегі бірдей болып жатқан процесс деп жазды.  

Испандық философ А. Тоффлер «Үшінші толқын» (1980) деген кітап жазды. Оның 

пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі – аграрлық қоғам. Онда бәрі адам 

қолымен  жасалады,  табиғат,  мал  күшін  де  пайдаланады.  Екінші  толқын  индустриалдық 

қоғам.  Бұл  техниканың  дамып,  машина  пайда  болған  кезеңі.  Бәрін  техника  жасайды. 

Үшінші  толқын  постиндустриялдық  қоғам.  Жаппай  техникаланған,  автоматтандырылған 

дәуірде  адам  да  өзінің  табиғи  қасиеттерін  жоғалтып,  жанды,  саналы  күрделі  техниканың 

бір түріне айналуда.   

«Техника  –  деп  жазды  Карл  Ясперс,  –  адамдардың  күнделікті  өмірін,  қоршаған 

ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс 

саласына көшірді, бүкіл  өмірді  кейбір  техникалық механизмге, бүкіл  планетаны бүтін бір 

фабрикаға айналдырды»

 (Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.).

 

Техника  логикасы  тоқтаусыз,  тойымсыз  дами  бермек,  ал  адамның  ойлау  логикасы 



техниканы  қолдан    шығармай,  оны  басқаруды  шыңдай  беру.  Бұл  адамзаттың  болашағы 

туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философиясының басты мәселесі.  

3.  Бүгінгі  жаһандану  заманында  әлем  күрделеніп,  сан  қырлы  қатынастар  мен 

қоғамдық  өмірдің  бағдарлары  да  өзгерістерге  ұшырауда.  Осыған  байланысты  ғылым  да 

мынадай  жалпы  өзгерістерді  бастан  кешіп  отыр:  интеграция,  дифференциация, 

математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет